Жетіасардың өмір сүру кезеңі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 15:12, реферат

Описание работы

Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы) маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған.

Содержание работы

Кіріспе
1. Жетіасардың өмір сүру кезеңі.
2. Жетіасар жәдігелері.
3. Жетіасар мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жеті асар.doc

— 56.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе  
1. Жетіасардың өмір сүру кезеңі.  
2. Жетіасар жәдігелері.  
3. Жетіасар мәдениеті 
Қорытынды 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы) маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес “кіші иеліктен” құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін немесе 600 мыңдай адам болған.

  Қала орнында бірнеше қоныстар  қалған. Аталмыш қоныстар бір-біріне өте жақын. Олардың орта бөлігінде көлемі ауқымды бір қоныс бар. Бұл мекен сол ескі шаһарлардың орталығы болған секілді. Өйткені орналасуы соған ұқсайды. Онда тайпаның беткеұстар адамдары өмір сүруі әбден мүмкін. Ақсүйектер өзге жұрттан оқшау тұрғаны аңғарылады. 
             

Жетіасардың өмір сүру кезеңі

 

Біз өткеннің тіршілік ауанын қазба жұмыстары арқылы бағамдай аламыз. Зерттеушілер көне шаһарға бірнеше мәрте атбасын тіреді. Олар әрбір сапарында тың деректерге қол жеткізіп қайтады. Мәселен, Жетіасардағы үйлердің қабырғасын аршып көргенде, біршама дүниелер қолға ілікті. Олардың арасында көрген адам көз тоқтатып қарайтын әсем әшекейлер де бар. Аталмыш заттар өзіндік ерекшелігі мол өрнекпен айшықталған. Жетіасар жайында Қытай жазбаларында кездеседі. Сол елдің жер тануға шыққан жиһанкездері көрген-білген дүниесін қағаз бетіне жазып кеткенді жөн санаған екен. Сол жазбаларға көз жүгіртсек, Жетіасардағы тайпалық бірлестіктер бес «кіші иеліктен» тұрған. Тіпті көне шаһарда 120 мыңға тарта шаңырақ түтін түтеткен көрінеді. Бұл дегеніңіз – орташа есеппен 600 мыңдай адам деген сөз. Қазіргі күнгі еліміздегі орташа деңгейдегі қала халқының санымен шамалас. 
            Жетіасардың өмір сүру кезеңі екі мыңжылдықтан астам уақытты қамтиды. Нақтырақ айтқанда, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-І ғасырлармен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңдегі қаңлы тайпаларының қонысы болған. Сол кезеңде Жетіасар мәдениеті өркендеген. Көне Сырдың төменгі ағысында өркениетті өмір кешкен. Деректерге сүйенсек, Жетіасар тоғыз ғасырға жуық тіршілік жасаған. Жетіасар мәдениеті Жетіасар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 сынды қалалар арқылы белгіленеді. Сондай-ақ осы маңда Бидайықасар, Сырлыасар, Үңгірліасар, Томпақасар, Қарасар, Жалпақасар, Ағашасар секілді көне қоныстар болған. Олардың жалпы саны 50-ге жуықтайды. Зерттеушілер осы аумақтан жүздеген обаларды тапқан. Сол кезеңдегі елге сыйлы азаматтар суландыру мәселесіне де ерекше мән бергені байқалады. 
             

Жетіасар жәдігелері

 

Ежелгі заманда тіршілік еткен ескі қаладан көп жәдігерлер табылған. Аталмыш заттар түрлі заттардан жасалған. Жетіасар жұртшылығы тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасапты. Тіпті металды пайдалана білген. Осыған қарай отырып, көкейге түйетін жайлар жеткілікті. Жетіасар мәдениеті өзгеден ешбір кем бола қоймаған. Біздің замандағы ІV-VІ ғасырлардың аралығын қамтитын Жетіасар-2 өркениетіне де зер салуға болады. Бұл кезеңде жергілікті халықтарға ғұн мәдениеті әсер еткен сыңайлы. Өйткені ғасырлар он қолынан өнер тамған ұсталар түрлі бұйымдар жасауға назар аударған. Олар қыш ыдыстарды да жасай білген. Одан кейінгі кезең VІ-ІХ ғасырлар аралығын қамтиды. Оны Жетіасар-3 кезеңі деп те атайды. Бұл кезең тайпалардың қоныс аудару кезеңі болған. Белгісіз себептермен олардың үдере көшу жағдайы орын алған.

Жетіасар мәдениеті

Жетіасар мәдениеті — Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы, оның ескі арнасы Қуаңдарияның бойында орналасқан көне ескерткіштер тобының жиынтық атауы (б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасы — б.з. 9 ғ-дың басы). Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының атымен Жетіасар мәдениеті деп атаған. Ескерткішерді 1946 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) тауып, ондағы зерттеу жұмыстары 1948 — 49, 1951 — 58, 1966 жылдары жүргізілген (М.А. Итика, Л.М. Левика). Жетіасар мәдениетінің құрамына кіретін ескерткіштер Жетіасар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 (Алтынасар) деп, 14 санмен белгіленді. Бидайықасар, Сырлыасар, Дөңгелекасар, Үңгірліасар, [[Томпақасар, Қарасар, Жалпақасар, Ағашасар сияқты барлығы 50-ге жуық қалалар мен жүздеген обалар бар ірі зираттар, суландыру жүйелерінің орындары белгілі болды. Бұл қалалар халқы Сырдарияның орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес Отырар — Қаратау мәдениеті және Қауыншы мәдениеттерін жасаған тайпаларымен бірге тарихи Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құрамына кірген. 
Ғалымдар бұл мәдениетті өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілерімен қатар, түрлі тарихи жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктері бар үш кезеңге бөліп қарастырады. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасы мен б. з. 4 ғ-ын қамтитын Жетіасар-1 кезеңінде негізгі қалалар қалыптасып, мәдениет гүлденген.

Көршілес Жаңадария алқаптарын мекендеген сақтармен, яғни Шірік-рабат қаласы халқымен тығыз байланыстары қалыптасқан. Экономикалық, мәдени қарым-қатынастардың негізгі желісі, этникалық тұрғыдан едәуір жақындығы бар Отырар — Қаратау мәдениетінің тайпаларымен екі арада өрбіген. Әр топтың аумағында өз суландыру жүйелері болған. Қалалар орны ауданы 0,5 — 10 га, биіктігі 8 — 20 м дөңгелек немесе сопақша пішіндес екі қабатты төбелер түрінде сақталған. Үстіңгі қабаттағы құрылыстар қаланың орталығы қызметін атқарған, мұның үш (кейде төрт) жағын айнала төменгі қабаттың үйлері орналасқан. Барлық қалаларда берік қорғаныс дуалдары болған.    

Сонымен қатар, кейбір қалаларда биік мұнаралар, қабырға үстімен айнала өтетін дәліздер де бар. Құрылысқа пахса кесінділері мен шикі кірпіш қолданылған. Жерлеу ескерткіштері екі түрлі. Бірінші түріне диаметрі 8 — 20 м, сыртынан ормен қоршалған топырақ обалар астындағы шұңқыр қабірлер жатады. Мүрделерді қамыс шиге ораған қалпында басын солтүстікке қарата шалқасынан жатқызған. Жер астына және жер бетіне салынған, ұзақ уақыт пайдалануға арналған кірпіш қабірханалар жерлеу ескерткіштерінің екінші түрін құрайды. Төртбұрыш, кейде шаршы пішіндес (5×5 м, 6×9 м) құрылыстардың төбесі аласалау күмбезделген,биіктігі 1,8 — 2 м. Есігі оңтүстік бүйірден ұзындығы 1 — 1,5 м. дәліз түрінде шығарылған. Мүрделер ірге бойларындағы топырақ суфаларға киіз, қамыс шилерге орап жатқызылған. 
 Жетіасар мәдениеті заттай деректерінің ең үлкен тобын құрайтын қыш ыдыстар түгелдей қолдан жасалған. Дайындалу ерекшеліктері мен пішіні жағынан Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетінің, сондай-ақ, батыс өлкелердегі савромат, сармат тайпаларының қыш ыдыстарына ұқсас. Қола, темір, сүйек жебелер, ат әбзелдері де табылған. Көптеп табылған бұйымдар металл, тас, сүйек өңдеудің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Жетіасар-2 (б.з. 4 — 6 ғ-лары) кезеңіне қарай жергілікті тайпаларға ғұн мәдениетінің әсері ықпал еткен. Жаңа бұйымдар, қыш ыдыстың жаңа түрлері пайда болып, әсіресе, ғұндардың металл қазанына еліктеп жасалған қыш ыдыстар көбейеді. Осы кезеңдегі Жетіасар мәдениеті тайпалары тарихтағы “ақ ғұндар” (эфталиттер) бірлестігінің құрылуына ұйытқы болған. Жетіасар-3 кезеңіндегі (б.з. 7 — 9 ғ-ларының басы) тайпалар өмірінде ірі қоныс аударулар орын алған. Жетіасар мәдениетінің әсері Сырдарияның орта ағысы бойы мен Ташкент алқабы бағытында үдей түседі. Тайпалардың енді бір тобы Сырдарияның Аралға құйылысына, одан әрі Әмудария сағасына өтіп, осы өлкелерде кедер мәдениетін қалыптастыруға қатысады. Жетіасар тайпалары шаруашылықтың барлық түрлерімен (егіншілік, мал өсіру, балық және аң аулау) дерлік айналысқан. Сиыр, жылқы және түйелердің сүйектерін сындырып, үй салған кезде құрылыс материалдары ретінде пайдаланған. Қазба кезінде табылған қасқыр, киік, қарақұйрық, қояндардың, т.б. жабайы аңдардың сүйектері — аңшылық кәсіптің, ал әр түрлі балықтардың сүйектері мен ауға арналған салмақтастар балық аулаудың да елеулі орын алғандығын көрсетеді. Табылған дән үгіткіш тастар, қыш ыдыстарының түбінде сақталған бидайдың, күріш және арпаның қалдықтары, қоныстардың айналасындағы көне су жүйелерінің іздері егіншіліктің басты орын алғанын байқатады. 

Қорытынды

 

Сонымен, қорытындылай келе Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы) маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес “кіші иеліктен” құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін немесе 600 мыңдай адам болған.Жетіасар мәдениетінің ықпалы Сырдария бойында, одан әрісі Ташкент маңайына дейін жеткен. Аралдың маңайында да осындай жағдай байқалған. Тарихшылар Әмудария жағасына дейін жетіасарлық мәдениеттің ықпалы болғанын жасырмайды.               Көне қалада тұрған адамдар тіршіліктің сан алуан түрлерін кәсіп еткен. Жерден несібе терген егіншілікке де назар аударған. Одан қалды, төрт түліктің де бабын жасай білген. Балық аулауға да бейжай қарамаған көрінеді. Зерттеушілер қаладан дән үгіткіш, қыш ыдыстарда қалған бидай дәндерін байқаған.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қазақ  энциклопедиясы.


Информация о работе Жетіасардың өмір сүру кезеңі