Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:55, реферат
XVII ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар казақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.
1 Жоңғарлардың шапқыншылықка дайындығы
2 Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
3 Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы
4 Қарақұмдағы құрылтай
5 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
6 Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
7 1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
8 Аңырақай шайқасы
9 Дереккөздер
Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес
Мазмұны
1 Жоңғарлардың шапқыншылықка дайындығы
2 Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
3 Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы
4 Қарақұмдағы құрылтай
5 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
6 Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
7 1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
8 Аңырақай шайқасы
9 Дереккөздер
Жоңғарлардың шапқыншылықка дайындығы
XVII ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар казақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
1635 жылы ойрат тайпалары
бірігіп Жоңғар хандығын құрды.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы
1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.
Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.
1993 жылы Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтті. Шайқас болған жерге — қазіргі Алматы облысы, Жаркент (Панфилов ауданы) ауданындағы Орбұлақ қырқасына Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен ескерткіш белгі орнатылды.
Қарақұмдағы құрылтай
XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы күшейе түсті. Осыған байланысты қазақ жүздері өкілдерінің бас қосуы қажет болды. Сөйтіп, 1710 жылы Қарақұмдағы қаракесек руы жайлаған аймақта қазақ сұлтандарының, билерінің, рубасыларының қүрылтайы шақырылады.
Онда, негізінен, Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі қаралды. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, тама Есет бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Пікір екіге бөлінді. Жоңғар мемлекетінің күшті әрі соғыс тәжірибесінің мол екенін ескере келе, жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз шапқыншылықтан әбден қалжырады дегендер де болды. Мұндай пікірді қолдаушылар көбейе бастады. Шешуші кезеңде ортаға шыққан Бөгенбай батыр қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастап: «Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз…» — деді. Бұл сөздер жоңғар мәселесіне қойылған нүкте болды. Ақырында, шапқыншылармен қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз деген шешім қабылданды. Шайқастың жаңа жоспары жасалды. Бөгенбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Оның ақылшысы Тәуке хан еді.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
1723 жыл қазақ халқының
есінде қасіретті кайғыға толы
ең ауыр жыл есебінде қалды.
Ел қонысынан, мал-мүлкінен
Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Бірақ осылардың бәрін біріктіріп, басшылық ететін қайраткер — көсем керек еді.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді. Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық өз арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды. Бұл туралы Бұқар жырау өзінің толғауында: «Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты», — деп көрсетеді.
Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде Малайсары, Баян, Байқозы, Оразымбет, Баянбай, Елшібек, Есет, Жаулыбай, Томаша, Үсен, Алтай сиякты батырлардың есімдері аталады.
Тарихи деректерге карағанда, казақ халқының басқыншыларға қарсы бірігуі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін-ақ басталған. Бұған 1725 жылы Әбілқайыр ханның Түркістан қаласын жоңғарлардан күшпен қайтарып алғаны дәлел. Халық ел қорғау ісін өз қолына алып, әрі батыр, әрі ұйымдастырушылық қабілеті бар ерлердің соңынан ерді.
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1927жылы Бұланты өзені маңындагы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «Қалмаққырылған» деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.
Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай — Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді.
Аңырақай шайқасы
XVIII ғасырдың 20-жылдарының
соңындағы қазақтардың
Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, казақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап
жоңғарлармен болған
XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар
шонжарлары арасындағы өршіген
алауыздықты пайдаланған
Дереккөздер
↑ Қазақстан тарихы. Жалпы
білім беретін мектептің
Информация о работе Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес