Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 14:25, курсовая работа
Тақырыптың өзектлігі: Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар құрайды. Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тарихи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы, негізінен, ауыз әдебиеті туындылары – аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре, т.б. арқылы ауыздан-ауызға тарап, баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнеленген. Сондықтан, орыс тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады.
Кіріспе
І Тарау. Жылнама-тарихи дерек көзі.
1.1.Хронографтар
1.2.Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың маңызы мен орны.
ІІ Тарау. Жылнаматану ғылыми проблема ретінде.
2.1. Жылнамаларды жариялау.
2.2. Жылнамаларды ғылыми зерттеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жылнаматану ғылымында шын мәнінде төңкеріс жасаған А.А.Шахматов болды.
М.Н.Тихомировтың айтуынша , Шахматов еңбектері жылнамаларды зерттеу саласында үлкен бір дәуірді құрды, орыс жылнамашыларын зерттеу тәсілдері туралы ғалымдардың түсінігін түбірімен өзгертті.
Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ, жылнамалар дегеніміз - оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары жыл ішінде болған елеулі тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, кітапқа жазып отырған.
Дүниежүзілік тарих туралы мәліметтер византиялық хронографтар – Георгий Амартола, Иоан Малалы, Георгий Синкеллалардың ХІ ғасырда аударма арқылы белгілі болған еңбектерінен алынған. Бізге жеткен ең көне хронограф ХVІ ғасырдың басында (1512 жылы) жасалған. Хронографқа деген қызығушылық, әсіресе, ХVІ – ХVІІ ғасырда артты. Жылнамалық жинақтар хронологиялық кіріспелермен басталатын болды, ал хронографтардан алынған көлемді көшірмелер жылнамалар құрамына енгізілген.
ХVІІ ғасырдың өзінде-ақ жылнамалардың ғылыми құндылығын бағалауда екі көзқарас пайда болды:
Князь М.М.Щербатов жылнамашылар туралы
«каждый прилежно старался описывать
бывшие приключения.....что вся
Оның замандасы И.Н.Болтин өзінің
«Критическая примечание генерал-майора
Болтина на І том «История князя
Щербатова» деген еңбегінде «.....что
летописи изобилуют премножеством
чудес и прибавлений