Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 05:23, реферат

Описание работы

«Ескендір(дастан)» - Абайдың дастаны. Жазылған жылы белгісіз. Әрқайсысы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады. Ең алдымен бұл поэманың негізіңде жатқан тақырыптың төркін-тегі туралы біраз деректер айтып етелік. Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр - бар дүние жүзі халықтарының аңыздарыңда, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам. Біз бұл тұста тарихтағы Ескендірдің көпшілікке мәлім жайларына тоқталмаймыз. Аңыздар мен әдебиеттегі Ескендір жәйі Абайдың мына поэмасының тұсында бізге төтелей жақын деректер береді. Соларға тоқтаймыз. Шығыс елдеріңде, әуелі Иранның аристократиялық аңыздарында Ескендір образы көп әңгімеленген. Сол замандардан бері қарай Византия (Рум) аңыздарыңда да оның жәйі кеп айтылады. Атақты Фирдауси езінің «Шахнамасында» Ескендірдің туысын жоғарыда аталған Иран аристократтарының лақабы бойынша баян етеді. Оны Филикустың баласы емес, Иранның шахы - Дараптың (Дари үшінші Кадоманның) баласы дейді. Ол біздің эрадан бұрын 110-335 жылдар арасында Иранда шахтық құрған. Өзі Ахеменидтер әулетінің ең соңғы әкімі болады.

Файлы: 1 файл

Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін.doc

— 32.00 Кб (Скачать файл)

                                Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін

1-Ескендір дастанының  өмір баяны                

«Ескендір(дастан)» - Абайдың  дастаны. Жазылған жылы белгісіз. Әрқайсысы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады. Ең алдымен  бұл поэманың негізіңде жатқан тақырыптың төркін-тегі туралы біраз деректер айтып етелік. Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр - бар дүние жүзі халықтарының аңыздарыңда, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам. Біз бұл тұста тарихтағы Ескендірдің көпшілікке мәлім жайларына тоқталмаймыз. Аңыздар мен әдебиеттегі Ескендір жәйі Абайдың мына поэмасының тұсында бізге төтелей жақын деректер береді. Соларға тоқтаймыз. Шығыс елдеріңде, әуелі Иранның аристократиялық аңыздарында Ескендір образы көп әңгімеленген. Сол замандардан бері қарай Византия (Рум) аңыздарыңда да оның жәйі кеп айтылады. Атақты Фирдауси езінің «Шахнамасында» Ескендірдің туысын жоғарыда аталған Иран аристократтарының лақабы бойынша баян етеді. Оны Филикустың баласы емес, Иранның шахы - Дараптың (Дари үшінші Кадоманның) баласы дейді. Ол біздің эрадан бұрын 110-335 жылдар арасында Иранда шахтық құрған. Өзі Ахеменидтер әулетінің ең соңғы әкімі болады. Рум әңгімесі де Ескендірдің туысын тарихтан өзгертіп, аңызды әңгімеше баяндайды. Шығыс ақындарынан азербайжанның атақты классигі Низами ғана езінің «Ескендірнамасында» жаңағы бұған дейін жеткен екі тарау аңыздарды теріске шығарады. Ол анық тарихтық шындық бойынша Филикустың (Филипптің) ез баласы етіп жырлайды. Ескендірді, соңғы тапқан деректерімізге қарағанда, Абай Ескендір жайындағы аңызды, түгелімен сол Низамидің «Ескендірнамасынан» алған. Азербайжан ұлы классигінің ең зор поэмасы - «Ескендір нама» сансыз кеп оқиғалардан, көп тарау, бөлімдерден құрылған аса бай мазмұнды дастан. Ескендірдің жоғарыдағы Даримен соғысқаны, онан соң азербайжан патша әйелі - Нушабемен кездескені, Ескендір мен Хақан әңгімесі, қытай, торан өлкелеріңде жүрген сапарлары және терістік өлкедегі бір ғажайып бақыт, молшылық, әділет орнатқан елдікке ұшырасуы - бәрі де Низамиде мол баян етіледі

2-Ескендірдің шытырман оқиғалары

«Ескендірнаманың» тағы бірнеше  тараулары сол Ескендірдің түн  тарапына шеккен сапарына арналады. Ол сапарға Ескендір Әбулхаят суын (мәңгі  тірлік беретін суды) іздеп барады. Түн дүниесінде, ұзақ қараңғылық сапарында, сан қиыншылықтар ортасында қалың қолмен жүрген Ескендірді бастаушы Хызыр болады. Бұлар іздеген Әбулхаят суын Хызыр жалғыз тауып, өзі ішіп, жуынып алады. Астыңдағы ақ боз атын да әрі суарып, әрі суға шомылдырады. Бірақ, ғажайып су енді Ескендірге білдірмек болғанында, ғайып боп жоғалып кетеді. Сөйтіп, бар мұсылман аңыздарындағы мәңгі тірлік алған Хызырдың жәйін Низами өз поэмасында осылайша әңгімелеп дәлелдейді. Сол түн тарапта жүргенде, кезу үстіңдегі Ескендірге сыры, жәйі мәлімсіз бір жас кездеседі. Ол жас періште деп айтылады. Сол жан Ескендірге өзгеше сыры бар кішкентай тас береді. «Кейін ойлансаң, осы тастан көп сыр көресің, ой табасың», - дейді. Түн тарапынан Ескендірдің барлық серіктері неше алуан қымбат, асыл тастар алып қайтады. Ескендірдің алғаны - жаңағы титтей тас. Кейін Ескендір өзінің ойшылдарымен бірге отырып, сол тасты сарапқа салады. Тас таразыға түскенде, барлық өзге асылдың барлығын баса береді. Оның салмағына қарсы қаңдай қазына үйсе де барабар келмейді. Осы күйге қайран болған Ескендірдің қасына Хызыр келіп бір уыс топырақты кішкене тастың үстіне тастай бергенде, тас жағы жеңілдеп, аспанға көтеріледі. Соңда Ескендір өзгеден бұрын өзі ойшылдық танытып, «топырақтан біткен - топырақтан ғана тойым табады» деп, терең байлау жасайды.

3-Абайдын Ескендір дастаны

і. Поэманың шумағы, өлең жолдары, буын өлшеуі, қолданатын ақындық сөздігі - бәрі де шешендік, нақтылық жағынан қарағанда, Абайдың ақындық өнеріне сай келген. Бұлар поэманың тұтас бітімді шығарма болуына нық жәрдем етеді. М. О. Әуезов. Поэма 11, 12 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Поэманың сақталып жарық көруіне М. Бекиннің еңбегі зор. Оның 1907 жылғы көшірмесі негізінде туыңды алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарыңда аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1939, 1945 жылғы басылымдарында 1-шумақтың 4-жолы «Мақтан сүйген, қызғаншақ адам екен» болса, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда «Мақтан сүйгіш қызғаншақ адам екен». 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 2-жолы «Жақын жерге жау болып тұра аттанды», 4-шумақтың 3-жолы «Шапқан елдің бәрін де бодан қылып», 4- шумақтың 4-жолы «Өкімдікпен қолына тартып апты», 25-шумақтың 2-жолы «Сыйым осы, патша мынаны ал!», 27- шумақтың 4-жолы «Лақтырып жібереді сол сүйекті» болып берілсе, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бүл тармақтар «Жақын жерге жау алып тұра аттайды», «Шапқан жердің бәрін де бодам қылып», «Өкіметпен қолына тартып апты», «Сыйым-осы, есерім, мынаны ал!», «Лақтырып жіберді сол сүйекті» делінген. 1977 жылғы жинақта 3-шумақтың 2-жолы «Жақын жерге жау болды тура аттанды» ретіңде басылған. 1939, 1945 жылғы басылымдарда 9-шумақтың 2-жолы «Алып жүрген суының бәрін де ішті», осы шумақтың 3-жолы «Айуан, адам бәрі де бірдей шөлдеп», 15-шумақтың 3-жолы «Менен қалмай бұл суды өрлеп барып», 18-шумақтың 3-жолы «Аша алмады, қақпадан үміт үзді» ретіңде жазылса, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бүл жолдар «Алып жүрген суының бәрін ішті», «Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп», «Менен қалмай, бүл суды шапшаң өрлеп», «Аша алмады қақпаны, үміт үзді» деп түзетілген. 1939, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 11-шумақтың 1- жолы «Мысалы: астындағы ат одағы ұшты», 1954 жылғы жинақта «Мысалы астындағы ат ол дағы ұшты». 1954 жылғы басылымда 16-шумақтың 2-жолы «Шаһзада барлығына дамыл бермей» болса, 1939, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда «Шаһарына жеткенше дамыл көрмей». Ал, бұл жол 1909 жылғы басылымда «Шаһзадаға бармаққа дамыл бермей» делінсе, Мүрсейіт қолжазбаларында да (1905, 1910) осылай, тек бастапқы 2 сөздің орны ауысқан. 1945 жылғы жинақта 18-шумақтың 1-жолы «Қақпасын ашайын деп хан ұмтылды» болса, қалған басылымдарда «Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды». 1939 жылғы жинақта 23-шумақтың 2-жолы «Батыр болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!», 35-шумақтың 4-жолы «Өлсе тояр көзге құм құйылғанда» деп берілсе, қалған басылымдарда «Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!», «Өлсе тояр кезіңе құм құйылғанда» болып алынған. Поэма азербайжан, армян, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған. [1]


Информация о работе Абайдың Ескендір дастанындағы философиялық түйін