Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 17:10, реферат
Описание работы
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресейәкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Содержание работы
• 1 Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары • 2 Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы • 3 Жасы үлкендерге құрмет көрсету • 4 Тамырлық әдет-ғұрпы • 5 Қоныс таңдау әдет-ғұрпы • 6 Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер • 7 Бата беру • 8 Бала тәрбиесі • 9 Пайдаланылған әдебиет
Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке
отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін.
Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын
әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын.
Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі
болатын. Қүдайдарды өнегелі, құрметті,
текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы
рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға
толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаңтыйым салынатын.
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың
реті мынадай болатын: құда түсуге алдын
ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы,
неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда
түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін.
Ал құдалық екі жаққа да белгіліміндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан
кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда
түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты
екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы
киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын.
Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып,
өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор
маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен
әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз
үй, кілем, текемет, сырмақсияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері
мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары
кіретін болған.
Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге
күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды.
Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз
туысының қарамағы мен қамқорлығында
қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының
арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды.
Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды.
Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней
берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап
ала алатын.
Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып
шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары
мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден
келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының
қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа
бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.
Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан
тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған
бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде
жек көрді.
[өңдеу]Бата беру
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы
кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер
алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық,
табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып,
екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып
тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан
сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті
әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай
да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп,
алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата
алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі.
Қазақтар өздерінің балаларына атақты
кісілерден, құрметті қонақтардан бата
алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр
бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс
болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына
көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның
өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.
[өңдеу]Бала тәрбиесі
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге,
жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем
береді. Алға келген астан алдымен жасы
үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды.
Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке,
алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші
- айласында», «Асықпаған арбамен
қоян алады», «Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде
тірлік бар», «Қолы қимылдағанның
аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні
жылға азық», «Жақсыда жаттық
жоқ», «Жаман үйді қонағы
билейді», «Жақсы жігітке
жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік
маңызы зор.[1]
[өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр
— 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің
8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов
З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008.
— 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2