Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 12:31, реферат
Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Заңдастырып алмақ ойлары да бар. Тіпті ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиы н емес. Бұл жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген құбылыс.

«Азаматтық неке» ұғымы 1580 жылы Нидерланды елінде қалыптасқан көрінеді. Кейін 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді міне біздің елдің есігін қағып тұр.
Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп қабылдап отыр