Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 11:27, доклад
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Мемлекеттік мерекеге арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Тәрбие сабағының
мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын
ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
«Ел таңдаған Президент» және «Қазақстанның
Тұңғыш Президентінің ерекше тұлғалық
болмысы» атты стендтер, ғаламтордан
бейне таспа, Президенттің маңызды
дәйексөздері жазылған кітапшалар, сабақтың
мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа
материалдары.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар, Тәрбие сағатына шақырылған қонақтарды қарсы алады, одан кейін үш топқа бөлініп отырады.
Оқытушының кіріспе сөзі: Құрметті, студенттер! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.
Осыған орай, қабылданған
Заң мемлекетіміздің
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Ән ұраны
орындалады.
Оқытушы: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы,
халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі
президентіміз Нұрсұлтан
1-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің – өмір баяны
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы
Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қасық аулындағы молданың отбасында
дүниеге келді.Үшқоңырға жер
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
2-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің –Реформалары
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан
Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық
атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік
басқару және биліктің бүкіл тармақтарының
өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев
есімімен тығыз байланысты. Назарбаев
басшылығымен конституциялық құрылыс
процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында
еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық
референдуммен аяқталды. Қазақстанда
демократиялық институттарды құру Назарбаевтың
аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен
баспасөз бостандығы, сайлау және
сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық
бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы
сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары
нақ соның тұсында ғана конституциялық
нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен
кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік
жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық
кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа
тап болған қазақстандық экономиканы
өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар
әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық
саясатты және демократиялық өзгерістерд
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.
3-топ: : Қазақстан Республикасының Президентінің –лауазымдары мен мансаптары
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Оқытушының қорытынды сөзі: Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар шығады деп үміттенемін.
Информация о работе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә