Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 17:50, реферат
ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТІҢ СУБЪЕКТІСІ
ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк жастар саясаты
Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
статистикалық көрсеткiштер қатарынан
көрінеді және әрбір жас азаматтың
қалыптасуында маңызды рөл
Жастар мемлекеттің қоғамдық-
ҚР-да 2009 жылғы халық санағының
қорытындысы бойынша 14-пен 29 жас
аралығындағы жастардың саны 4 510
435 адамды, яғни жалпы халық санынан
алғанда 27,4%-ды құрады. 1999 жылғы
санақ қорытындысы бойынша,
ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған.
Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде .Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Қазақстандық жастардың жеке кірісінің деңгейiне келер болсақ, мүлдем тұрақты кірісі жоқ жас азаматтардың үлесі-24,9%, табысы 15 мың теңге -16,4%, табысы 15-30 мың теңге-16,2%, табысы 30-60 мың теңге -21,4%, табысы 60-100 мың теңге -6,2%, 100 мың теңгеден жоғары тұрақты кірісі бар азаматтар -2,5 %.Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 50%-дан астам жастардың дербес кірісі 30 000 теңгеден төмен. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш елеулі төмен. Бұл жастардың қажетті тәжірибесінің болмауы салдарынан тұрақты жұмыс пен жалақысы жоғары жұмыс табуының қиындығымен байланысты. Бұған қоса, жастардың бір бөлігі орта және жоғары оқу орындарында оқып жүргендіктен, тұрақты кірістері жоқ. Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, респонденттердің 21,7%-жекеменшік үйім бар, 18,3%-үйді жалға алудамын, 52,7%-ата-ана, туысқандарыммен тұрамын, 6,9%- жатақханада тұрамын, 0,3%-жауап беруге қиналамын деген жауаптарды көрсеткен .Проценттік көрсеткіштерден көретініміздей жастардың басым көпшілігі жеке баспанамен қамтамасыз етілмегендіктен ата-ана, туысқандарымен тұрады.
ҚР жастары арасында некеге тұрудың орта жасы ЕО мемлекетерімен (27,3 жас) шамалас, яғни 1999 жылы 25,9 жас болса, 2009 жылы 26,8 жасты құраған .
Бұл мәселені біріншіден, жастар
арасындағы құндылықтардың
Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, мемлекеттік органдарға жастардың өтініш жасауы жоғарғы деңгейде емес. Білім алуға мұқтаж және қайта даярлаудан өтуді қажетсінетін респонденттердің 70,6 % мемлекеттік органдарға өтініш жасамағандығын, тек 21,3% ғана өтініш білдіретіндігін, 8,2% жауап беруге қиналатындығын көрсеткен .Осы орайда жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қажеттілігі көрінеді.
Сауалнаманы талдау бойынша жастардың қоғамдық-саяси өмірге, жастар ұйымдарының қызметіне 51,5% қатыспайтындықтары, 40% жуығы қатысатындықтары (16,2% ғана белсенді), 7,4% –жауап беруге қиналғандығы анықталған. Жастар ЖІК, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, дебат клубтары, «Жас Отан» сияқты саяси ұйымдар және т. б. оқу орындарының жанындағы жастардың көптеген бірлестіктері арқылы қоғамдық-саяси өмірге қатысады. Табысты жастар ұйымдарының қатарына «Жас Отан» ЖҚ (40,6%) және «Жасыл ел» (27,8%) енген. Бұл бірінші кезекте аталған ұйымдардың қаржылану көлемімен, олардың жұмысының форматымен және қызметтерінің БАҚ-та кеңінен насихатталуымен байланысты. Сауалнама парағында оппозициялық саяси жастар ұйымдары: «Рух пен тіл», Қазақстанның жас профессионалдарының қоғамы, «За свободный интернет» қозғалысы болғанымен, олардың ешбіреуі ең төменгі көрсеткіш 1% жинай алмаған
Жастар ортасында жүргізіліп отырған іс-шаралар Қазақстан жастарының қажетті қоғамдық-саяси ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның барлық нормалары толығымен іске аспай, жастарды кешенді қолдау жөніндегі жұмыстар жеткілікті түрде тиімді орындалмауда. Қылмыстың, нашақорлықтың өсуі тіркеліп өзекті проблемалардың бірі жастар ортасында суицидтердің өсуі тіркелуде. Жастар өмірінде интернет қызметтері: блогтар, форумдар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер әлі де үлкен рөл атқарады. Интернет жастар санасына әсер етудің анағұрлым тиімді құралдарының бірі ретінде маңызы артуда. Мемлекет жастарға әр түрлі сипаттағы құрылымдық ұйымдардың әсер етуіне жол бермеу мақсатында инновациялық it-технологиялары арқылы жастармен жұмыс істеуге белсенді кірісуі қажет. Осыған байланысты жастарды дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін қанағаттандыратын жаңа нормативтік құқықтық құжатты әзірлеу арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың нормативтік құқықтық негізін күшейту керек.
Тәрбиелік жұмыстар жастар саясатының маңызды аспектісі болып табылады. Жастармен жүргізілетін жұмыстардың әлеуметтік аспектісіне және жастарды кешенді дамытуға, қылмыстардың алдын алуға, тұрақты моральдық-этикалық құндылықтарды қалыптастыруға, тәрбие беру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн. Себебі әлеуметтік-экономикалық, жаһандану процесі жастар құндылықтарының өзгеруіне ықпал ететін негізгі факторлар. Полиэтникалық болып табылатын ҚР үшін қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда жастар ортасындағы этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынас әлеуметтік-экономикалық фактор секілді маңызға ие. Сол себепті жастар ұйымдарының қызметін оларды жаңа тиімді жұмыс орындарына тарту арқылы жандандыру, жастарды әлеуметтендірудегі және оларды тұтас экономикалық, саяси және социомәдени кеңістікке біріктірудегі елдің шығындары мен жоғалтуларын шамалау (минимизация) мақсатында әртүрлі жастар ұйымдарының қызметін мемлекет тарапынан үйлестіру қажет.Қазақстан жастары әлеуметтік өзгерістің субъектісі болып табылады.
Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Қазақстан жастары әлеуметтік өзгерістің субъектісі