Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 16:58, реферат
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді.
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті.
Б) Кеңес кезеңі
В) Кеңес мәдениеті
ІІІ. Қорытынды.
IV. Әдебиеттер тізімі
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Әдебиеттер тізімі
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Тағы да «Оян, қазақ!»-қа жүгінейік:
Төбелес, жанжал, керіс әңгіме
Құмар-ақ болып кетті біздің халық.
Тұрады төрелері кекірейіп,
Переводчик онан жаман шекірейіп...
Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға,
Ғөлөмөті надандықтың емес пе бұл?
Волост, билік, ауылнайлық, выборнайлык
Қимайтұғын соншама падишаһлық па? (27-29-бет
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
1. Россия демократиялық
Федеративтік Республика болуы
керек, оның құрамындағы әрбір
мемлекет тәуелсіз әрекет
2. Қазақтар тұратын
аймақтардан құралған
3. Россия Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен
бөлінеді. Барлық діндер тең праволы...
қазақтардың өзіндік
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының
ортақ игілігі. Бүкіл оқу
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі социалистік эксперимент (фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік тәжірибелерді атап өтейік:
1. Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айрылған, яғни бүкіл халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік қатынаста, — дейді М. Тәтімов, — Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті». (Демографиялық кескін — Қазақ, 66—67-бет).
2. Этномәдени экспанция.
Патшалық Ресей империясы
Қазақ кеңес мәдениеті
туралы әңгіме еткенде оның тарихи
ерекшеліктері мен өзіндік
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды
Қорытып айтқанда, большевиктік
«мәдени революция» Жер шарының
76 бөлігінде «кеңестік адам» атты
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.