Ежелгі дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:18, реферат

Описание работы

Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.

Содержание работы

1.Орхон Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы.
2.Орхон жазулары және құрылымы мен шығуы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ежелгі.docx

— 41.81 Кб (Скачать файл)

        Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

       Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті.             

 

 

 

                

 

 

 Реферат



 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                     Орындаған:Зәйнелова Ә.

                                                                                     Тексерген:

 

 

 

 

 

 

                           Алматы 2013 жыл.

 

                                 Жоспар.

 

1.Орхон  Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

2.Орхон жазулары және құрылымы мен шығуы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н.Бидзен.  
С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген «сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. «Сібірдің, қалалардың және өлкелердің атласы» деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған. 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері Ф.И.Табберт Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж. П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.  
Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан кейін Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын.  
Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881 жылы И.С.Боголюбский /Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан, Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов /Саян тауынын маңайынан/, 1885 ж. И.В.Савенков /Тува өзенінің бойынан/ сияқты зерттеушілер Орхон-Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады. Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары /1890 ж./ мен В.В.Радлов бастаған орыс зерттеушілерінің /1891 ж./ экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.  
Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын оқу мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең алдымен ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын қадағалады. Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.  
Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.  
Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және Тува Республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары ХҮІІІ ғасырдан-ақ белгілі болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар бұлардың басқа түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың үлгілері Тува республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.  
Қолданылу мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері ескі түркі жазуының ең ескісі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.  
Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері Улукем және Кемчик өзендерінің жағасы. Бұл жер жағдайы жақсы, шөбі шүйгін, тіршілікке аса қолайлы жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік таулар арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған жердің осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне табиғи жағдай болған деп шамайлайды.  
Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына қарайтын тайпалар мекендеген. Кейінгі кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз тілінің ескерткіші болу керек дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ /әсіресе Орта Азиялық тілдерде/ кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір зерттеушілер айтып жүргендей /мысалы, И.А.Батманов/ Енисей ескерткіштерінде бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де соның салдары болуы ықтимал.  
Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі дегеннен гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі «жалпы түркілік» тілдің ескерткіші, олай болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ деп қарау әлдеқайда ұтымды.  
Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі, олардың жақсы сақтаулы сол жайды танытатын тәрізді. Оның бер жағында, Орхон жазуы, халық арасына кеңінен таралған болуы да мүмкін. Күлтегін ескерткішінде мынандай сөйлем кезедеседі: аңар көрү білін, түрк амты бідін белгілері /Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен бектері/. Сол сияқты Тоныкөк ескерткішінде де: Түрік білге қаған еліне бітідім деп білге Тоныкөк /Түріктің Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен, данышпан /Тоныкөк/ деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда ескерткіш қойғызып, өсиет айтып отырған авторлар басқа да түріктердің жазуды оқи алуыан еске алса керек. Орхон жазуының ескерткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып келеді. Олардың ішіндегі ең көлемділерінің біразын әңгімелей кеткен дұрыс.  
Орхон ескерткіштерінің ең көлемділерінің бірі Онгин ескерткіші деп аталады. Ескерткіші Онгин өзенінің аңғарындағы сайын Ноян шіркеуінен 1891 жылы Н.Ядринцев тапқан. Оның айтуынша ескерткіш тегістелген әдемі, төрт бұрышты тасқа жазылған. Тас жалпақ плитаның үстіне орналытлған. Жазу оның алдыңғы жағы мен бір жақ беткейіне жазылған. Айнала басы жоқ арыстандар мен отырған адамдардың мүсіндері қойылған. Арасы 500 қадамдай тастан төселген аллеялар бар. Ескерткіш Илтерес /кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ/ хан мен оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күлтегіннің ата-аналарына қойылған. С.Е.Масловтың шамалауынша, жазылған мерзімі ҮІІ ғасырдың басы. Бір мәліметтер бойынша Илтерес 690 не 693 жылдары қайтыс болса керек.  
Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев 1889 жылы Орхон өзенінің Моңғолия жеріндегі Хошо-цайдам ойпатынан ағып өтетін жерінен кейін «Хошо-цайдам ескерткіштері» /немесе «Күлтегін ескерткіші», «Могилян ескерткіші»/ деп аталып кеткен ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері Н.Ядринцевтің айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді жайлаған, Қара-қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып, Қытай мен Үндістан арасындағы халықтармен қарым-қатынас жасаған түркі тайпалары.  
1827 жылы Селенга өзенінің бойындағы Налайха станциясынан әкелі-балалы Д.А.Клеменц пен Е.Д.Клеменц кейін «Селенга ескерткіші» /немесе «Тоныкөк ескерткеші»/ деп аталып кеткен. Жазулы тасты табады. Ол Шығыс түркі тайпаларының әйгілі хандары Илтерес /693 жылы қайтыс болған/, Қапаған /716 жылы қайтыс болған/, Могилян /734 жылы қайтыс болған/ тәрізді үш билеушіге бірдей қызмет еткен, өз заманының білгір дипломаты болған Тоныкөк биге арналған ескерткіш болып шықты.  
Орхон жазуының бұлардың басқа да нұсқалары мол екенін айттық. Қосымша ретінде айта кететін бір жай Орхон мен Толы, Селенга өзенінің аңғарларында ескі дәуір куәсі болатын молалар мен қорғандар, әр түрлі өрнек, таңба салынған тастар мен плиталар, әр түрлі хайуанаттардың суреттері өте көп. Тарихшылардың айтуынша, бұлардың барлығы да өзара жақын, ұялас тайпалардың бір кездегі өмір сүру куәсі, солардан қалған мұра.

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді  оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары  дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.

Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл  дүние жүзі мәдениетінің тарихында  елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. 

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон  ескерткіштері (VІІІ ғ.).

V-IX ғасырларда түркілер  қоныстанған Алтай, Сібір, Орта  және  Орталы             қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

Орхон-Енисей жазу ескерткіштері  табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде  сай келеді. Шығыс Түркі құрамында  өмір сүрген тайпалар осы Орхон –  Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде  сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану  өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас  жазуы делініп екі топқа бөлінеді.

Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі  сына жазуларының Енисей бойынан  табылумен байланысты. Бұған қосымша  кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы  саны  - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл  жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.

Орхон жазуы көне  түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол  астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір  ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған  3 тарихи  мұра ерекше аталады. Оның біріншісі -  731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген  Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның  ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк   жайлы  716 жылы айтылған. Елтерістің   патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында  толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі:  Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы  өзі түсінбейтін жат жазуды өз  елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін  танытады. Оның бер жағында Орхон  жазуы, сірә, халық арасына кеңінен  тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда  бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар  мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап  біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.

Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде  бұрын өз мемлекеті болған түркілердің  қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл  бойы қытай билігінде  болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз  арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.

Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп  отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан  шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.

Ал әскери  тұрмысқа  келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.

Жазба ескерткіштегі Білге  қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі  кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада  Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы  түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде  әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген  сияқты қолданыстар аздаған  дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

Талас жазу ескерткіштері. Талас  өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.

Талас  алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне  түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған  есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей  әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған .

Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың  кейіпкерлеріне,  сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне  хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі  тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген  таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.

Түріктану ғылымы көне түркі  жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа  бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары  Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы  болып табылатын орта ғасырлық мұралар  мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан  жылдар бойы іздестірудің барысында  Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды.  Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.

Қазіргі кезде ежелгі түркі  тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан  руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой  тастар табылып жатыр.

Орталық Азия мен Қазақстан  жерлерінен табылып жатқан руникалық  түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы  барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның  өзі түркі жазуы жүйесінің  ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

Ежелгі түркі туралы Орхон  материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып білу  әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің  өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де  толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі жамбылдық А. Хмелов  Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды.  «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, - деп қорытады.

Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр  да Орхон-Енисей бойындағы қабырға  жаңа, ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді.

ХІХ ғасырдың алғашқы  ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.

1889 жылы орыс зерттеушісі  Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің  бойынан, Енисей өзені сағасынан  табылған ескерткіштерден әлдеқайда  үлкен белгісіз таңбамен жазылған  зәулім, қолдан қашалған төрт  қабырғалы биік тасты көреді.

Н. Ядринцев тасқа мынадай  сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.

Н. Ядринцевтің айтуына  қарағанда, ескерткіштен  25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр  Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады).  Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.

Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде  ғалымдардың назарын сло Орхон  бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері  деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген  атқа ие болады.  

Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы  мәлім.

Информация о работе Ежелгі дәуір әдебиеті