Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 20:59, доклад
Д.В. Ольшанский жастардың суб және конртмәдени әрекетін анықтайтын келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетеді [18]:
1. Өз-өзімен бірге болуға ұмтылу. Жасөспірімдік жас үшін жеке мүмкіндіктерін, өзінің әлемдегі алар орнын іздестіру тән, әрине бұл жалпыға маңызды нормалар мен құндылықтарды асыра бағалауға әкелетіндігі заңдылық.
2. Еліктеу. Жасөспірімдік кезеңде өзіне тән өмір сүру стилі бар, қарым-қатынас стилі бар топ ерекше маңызға ие болады.
Формалды емес жастар бірлестіктері.
Д.В. Ольшанский жастардың суб және конртмәдени әрекетін анықтайтын келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетеді [18]:
1. Өз-өзімен бірге болуға ұмтылу. Жасөспірімдік жас үшін жеке мүмкіндіктерін, өзінің әлемдегі алар орнын іздестіру тән, әрине бұл жалпыға маңызды нормалар мен құндылықтарды асыра бағалауға әкелетіндігі заңдылық.
2. Еліктеу. Жасөспірімдік кезеңде өзіне тән өмір сүру стилі бар, қарым-қатынас стилі бар топ ерекше маңызға ие болады.
3. Сатылық инстинкт. Аталған ұғымның ерекшелігі мақсаттық және құндылықтық ұстанымдардың жетілмей, қалыптаспаған кезінде топтық құндылықтар мен мақсаттар басым мәнге ие болатындығына негізделген.
4. Бәсекелестердің, дұшпандардың, қастардың бар болуы. Белгілі-бір мақсаты жоқ топтың жұмылуы үшін қажетті жағдай.
5. Жоғары талпыныс. Аталған жастық категорияға әділдіктің өткір сезімдері, ерекше болуды қалау тән. Бұл «жоғары талпыныс» нәтижесін береді.
Қоғамдық пікірде жастар «жастар субмәдениеті», «youth culture» ұғымымен теңдестіріледі. Түрлі музыкалық әуендерге әуестеніп, өзіндік стиль қалыптастырып, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай - ақ сөйлеген сөзі мен іс -қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар бейформальдар қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Жастардың субмәдениеті мәдениеттануда әлеуметтендіру тұжырымдамасы аясында қарастырылады. Мәдени стандартқа үйрену, үстемдік етуші мәдениетке ену күрделі әрі қарсылық тудырушы үрдіс деп есептелінеді. Ол әрқашан психологиялық және т.б қиыншылықтарға әкеледі. Осының өзі жастардың рухани қордан өз өмірінің екпініне сай өмірлік талпыныстарын туғызады.
Жастардың субмәдениеті - қарым -қатынас түрінің талғамы, іс - әрекеттер нормасы және құндылықтар, 10 жастан бастап 20 жасқа дейінгі аралықты қамтитын, үлкендердің мәдениетінен ерекшеленетін жүйе. Жастардың субмәдениеті 60-80 жылдары өте қарқынды дамыды. Жастардың субмәдениеттік белсенділігі бірнеше факторларға байланысты: білім деңгейіне. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қарағанда, колледжда білім алатын студенттерде өте жоғары болды. Екіншіден, жас ерекшелігіне байланысты, 16 -17 жас аралығында белсенді, ал 21-22 жаста төменгі деңгейде болады. Үшінші фактор, тұрғылықты жері. Субмәдениет ауылдық жерге қарағанда қалада кең тараған, өйткені қала іс - әрекеттер формасы мен құндылықтар жүйесін таңдауға шынайы мүмкіндік береді. Жастардың субмәдениеті шығармашылық, танымдық мінездеме бермейді, керісінше ойын - сауықтық және тұтынушылық сипатта көрініс табады. Бүкіл әлемде жастардың субмәдениеті батыс құндылықтарының жүйесіне сүйенеді. Бүгінгі күні әлеуметтанушылар жастарға қатысты дабыл қағады, өйткені жастар үшін алдыңғы орындарда теледидар, компьютер, сосын мектеп, соңғы орындарға жанұя қойылады екен. Жастар қоғамдағы дамудың жаңа формаларын позитивті және негативті құбылыстарымен бірдей қабылдайды. Бос уақыттарында ойын - сауық құруға дағдыланған жастар тұрақты болмайды, сондықтан да олар өздерінің жаңа тәсілдерін ойлап табады. Қазіргі кезде үлкен қала өмірі жастарды әр түрлі топтарға бірігуге әкеліп отыр, яғни жастардың топтасуынан ұжымдық сана, жауапкершілік, әлеуметтік мәдени құндылық туралы ортақ түсінік қалыптасады. Осыдан жастар субмәдениеті пайда болады. Жастар субмәдениетінің қалыптасуының бірнеше белгілері бар.
Жалпы, жастардың субмәдениетін мынадай топтарға бөлуге болады:
- Музыкамен байланысты, яғни белгілі бір музыкалық үлгіні ұстанушылар: рокерлер, металлисттер, панктер, готтар, рэперлер.
- Өмір сүру салтымен және дүниеге деген көзқарасымен ерекшеленетіндер: готтар, хиппилер, индианисттер, панктер, растамандар.
- Спортпен байланысты: спорт фанаттары, роллерлер, скейтерлер, стрит – байкерлер, байкерлер.
- Ойынмен байланысты, яғни басқа әлемге ену идеясы негізінде: ролевиктер, толкиенисттер, геймерлер.
- компьютер технологияларын жетік меңгергендер: хакерлер, юзерлер, геймерлер.
- Қауіп-қатер тудырушы немесе асоциалды топтар: панктер, скинхэдтер, гопниктер, люберлер, нацисттер.
- Діни бірлестіктер: сатанистер, секталар, кришнаиттер, индианисттер.
- Қазіргі жаңа өнер түрлерімен айналысатын топтар: графиттер, брейк-дансер, скульпторлар, музыка топтары.
- Элита: мажорлар, рейверлер.
- Көпшілік мәдениеті немесе контрмәдениет: гопниктер, реднектер.
- Әлеуметтік-белсенді: қоршаған ортаны қорғаушылар.
Белгілі бір субмәдениетке енген адам онымен біртұтас болады. Сол мәдениеттің барлық заңдарын, жаңа қоғамның тәртіптерін қабылдайды, тіпті өмірге деген көзқарасы, құндылықтар жүйесі өзгереді. Қазіргі жастар субмәдениетті қолғапша ауыстырудан шаршамайды. Өйткені олар тек сыртқы түріне байланысты, айналадағы адамдардың қолдауымен сол мәдениетті қабылдайды, ал өзінің ішкі сезіміне, сол мәдениеттің құндылығына назар аудармайды. Қоғамға қауіп-қатер, зиян әкелетін субмәдениет топтары өздерінің әрекетінің мәнін түсінбейді, тек сол мәдениетке сай әрекетерді жасау арқылы оның мүшесі атану олар үшін мақтаныш болып есептелінеді. Рухани жан-дүниемен мәдениеттің барлық құндылықтарын игеріп, ену қоғамға да, жалпы қоршаған ортаға да жақсы әсер ететінін ескеру қажет. Психологиялық жағынан қарасақ та, жастардың психикасының зардап шегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар күнделікті өмірде Отандық БАҚ, бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың» патшасы Макл Джексонның фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді. Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:
- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;
- Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.
-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты жастардың көзқарасының адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда.
- Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы жастар кіреді. Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.
Осы аталған жастардың
Субмәдениеттер дами отырып өзіндік біркелкі киім үлгісін (имидж), тілін (жаргон, сленг), белгісін (символика), әрі өз мүшелеріне ортақ дүниетаным қалыптастырады. Ерекше имидж бен жүріс-тұрыс қылықтары «өзіміз» (субмәдениеттің өкілі) бен «басқалардың» арасындағы айырмашылығын байқататын маркер іспетті. Міне осы жерде ХХ-ғасырда пайда болған жаңа субмәдениеттер мен дәстүрлі ұлттық мәдениеттердің арасындағы ұқсастық байқалады. Сондықтан субмәдениетті зерттеу әдістері дәстүрлі мәдениеттерді зерттеу әдістерімен ұқсас келеді. Ашып айтар болсақ, тарихи-лингвистикалық анализ, мәдени бұйымдарды анализдеу және мифтік поэтикалық анализ.
Субмәдениет өкілдері үшін
Субмәдениет өкілдерінде уақыт өткен сайын өзіндік тілі қалыптаса бастайды. Кейде сол субмәдениеттің пайда болуына тікелей әсер еткен түп аталарынан мирас болып қалады, ал кейде өздері шығарады. Сленгтің (ағыл. slang) көптеген элементтері неологизмнен құралған.
Символ және символизм белгілі бір мәдениеттің және мәдени туындыны сипаттауда анықтаушы роль атқарады. Субмәдениеттің символы – бұл бір жағынан көптеген мәдениеттердің ішінен өзін бөліп жарып анықтайтын белгі, екінші жағынан, өткен кезеңдердің қалдырған мұрасымен байланыс. Мәселенкей, готтар субмәдениетіндегі анкха белгісі – біріншіден, Мысырдың қалдырған мұрасы ретінде мәңгілік өмірдің белгісі, екіншіден, қазіргі таңда готтардың ерекшелігін паш ететін өзін-өзі анықтаушы белгі.
Соған байланысты, «субмәдениет» термині белгілі-бір әлеуметтік қауымға тән, кеңістікті және әлеуметтік жағынан көп немесе аз мөлшерде ерекше құндылықтардың, тәртіптердің, мінез-құлық тәсілдері, өмірлік стильдердің жүйесін білдіреді. Субмәдениет сипаттары, мінез-құлықтың берік амалдары ретінде жол-жоралары, сондай-ақ құндылықтары өктемдік етіп тұрған мәдениетпен байланысты бола тұра, ерекшеленеді. Кейде «субмәдениетті» қазіргі қалалық өмір салтынан туындайды дейді.
Субмәдениеттің құрылуының әлеуметтік базасына, жастарына қарай біріккен топтар, әлеуметтік жік, ірі бейресми ұйымдар жатады. Бұл бейресми ұйымдар өздерінің субмәдениетін құрған топ мүшелері үшін терең символикалық мәнге ие болатын өздерінің мәдени ортасын, мінез-құлық және қарым-қатынас, әрекет және құндылықтар қағидаларын жасаушылар мен қолданушы – субъектілер болып табылады.
Жалпы субмәдениет дегеніміз «ресми» мәдениеттің жанында өмір сүретін, өмір сүру салты, құндылық деңгейі мен менталитеті анықталған мәдениеттің түрі. Яғни, субмәдениет – негізгі мәдениеттің жанында өмір сүретін кіші мәдениет немесе мәдениеттің ішіндегі мәдениет.
Субмәдениет – қоғамдағы үстем
мәдениеттен өзін өзгеше
Қазіргі қоғамда ондай субмәдениеттердің түр-түрімен жолығуға болады. Көбінесе, осы күнгі жастардың мәдениеті өзіндік киім мен музыка стилінің дамуының негізінде құрылады. Кейбір зерттеушілер жастар субмәдениетін үстем мәдениетке оппозиция ретінде қарастырады. Субмәдени сипаттар, рәміздер, құндылықтар үстем мәдениетпен байланысты болғанына қарамастан, негізінен өзіндік ерекшеліктері болады. Кейде белгілі бір топ үстемдікке ие мәдениеттің мазмұнына анық қайшы келетін нормалар мен құндылықтарды өндіре бастайды. Сондай нормалар мен құндылықтардың негізінде контрмәдениет қалыптасады.
Көбінесе субмәдениеттер тұйықталған сипатқа ие және массалық мәдениеттен алшақ оқшаулануға бейім. Міне, осындай сипаттардың негізінде түрлі субмәдениеттер қалыптасады, әрі олар негізгі мәдениеттен бөлек оңаша өмір сүруді қалайды. Субмәдениеттер негізгі мәдениетпен қайшылыққа түсіп, кейіннен агресивті, кейде тіпті экстремистік бағытта дамуы мүмкін. Мұндай дәстүрлі мәдениеттің құндылықтарымен қарсы шыққан қозғалысты контрмәдениет деп атайды. Жастардың субмәдениетінде наразылық пен эскапизм (шынайы өмірден қашып, иллюзия әлемінен тыныштық табу) байқалады. Оған мысал ретінде жұртқа танымал жастардың көптеген контрмәдениеттерін тілге тиек етуге болады.
Контрмәдениет –
Контрмәдениет – бұл тек
Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту – мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны – қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.