Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 09:29, реферат
К.Д.Глинка орыстың атақты топырақтанушы ғалымы және геолог академик 1867 жылы 23 шілдеде Смоленск губерниясының Духовшин уездінің Коптев ауылында дүниеге келген. Оның топырақтануға деген қызығушылығы В.В.Докучаевпен танысқаннан кейін басталды.
Глинка К.Д. қазақ жері
жөнінде деректері
ГЛИНКА Константин Дмитриевич (1867-1927)
К.Д.Глинка орыстың атақты топырақтанушы ғалымы және геолог академик 1867 жылы 23 шілдеде Смоленск губерниясының Духовшин уездінің Коптев ауылында дүниеге келген. Оның топырақтануға деген қызығушылығы В.В.Докучаевпен танысқаннан кейін басталды.
1889 жылы оның топырақтану ғылымындағы «Орман топырағы сұрақтарына» («К вопросу о лесных почвах») атты алғашқы еңбегі жарық көреді. Бұл еңбегінде Глинка С.И.Коржиновскийдің «қара топырақтың
К.Д. Глинка топырақ жамылғысының зональділігін, классификациясы мен генезисине көп назар аударған. Ол ұсынған топырақ классификациясы қазіргі таңда тек қана тарихи маңызға ие, ал ол өз кезеңінде мәселелерді шешуде өз ықпалын тигізген. Глинка топырақтың әрбір бөлігі үнемі қозғалыста болады деп жазған.
1906-1910 жылдары К.Д.Глинканың басқаруымен жерлерді бағалау үшін Вологод, Новгород, Псков, Тверск, Смоленск, Калужа, Владимирск, Симбирь және Ресейдің еуропалық бөлігінің басқа да губернияларында топырақ зерттеулерін жүргізді.
1908 жылдан бастап қоныс аудару басқармасы ұйымдастырған көптеген экспедициялар Қазақстанда жұмыс істеп, топырақтану ботаникалық зерттеулермен шұғылданды. Қоныс аудару басқармасының топырақ зерттеу жұмысының бастығы, професссор К.Д.Глинка Қазақстан территориясын бақылаған топырақтанушылардың деректерін пайдаланып, азиялық Ресейдің топырағын зерттеу нәтижелері бойынша 1908 жылғы алдын ала есеп жазып жариялады.
1906-1914 жылдар аралығында К.Д.Глинка басқаруымен барлығы 100-ден аса экспедициялар жасалды. Ол тек қана осы экспедициялар нәтижесінде жиналған мәліметтерді жалпылап, біріктіріп қана қоймай, сол далалық жұмыстарда өзі де ат салысады /2/.
Жиналған мәліметтер бойынша К.Д.Глинка алғашқы «Ресейдің топырақ зонасы картасын» (“Карта почвенных зон России”), кейіннен әлемнің топырақ картасын жасап шығарады (1908, 1915).
Негізгі еңбектері: «Түркістан топырағының классификациясы» (“К вопросу о классификации туркестанских почв” (1909)), «Қиыр шығыс топырақтары туралы мәлiметтердiң қысқаша ақпары» (“Краткая сводка данных о почвах Дальнего Востока” (1910)), «Қоңыр құба топырақтар туралы» ("О так называемых буроземах" (1910)), «Топырақ географиясы және топырақ түрлеріне сипаттама, топырақ түзілуі» (“Почвообразование, характеристика почвенных типов и география почв. Введение в изучение почвоведения” (1923)), «Ресей және оның құрамындағы елдердің топырағы туралы» (“Почвы России и прилегающих стран” (1923)), «КСРО-ның Азиялық бөлігінің (Сібір және Түркістан) сортаң және сор топырағы» (“Солонцы и солончаки Азиатской части СССР (Сибирь и Туркестан)) және т.б /1/.
К.Д.Глинка «Ресей және оның құрамындағы елдердің топырағы туралы» (“Почвы России и прилегающих стран” (1923)) атты кітабының бір бөлімін Таулы Түркістан өлкесіне арнаған. Ол жерде: Түркістанның климаттық және өсімдік зоналылығы ХІХ ғасырда 60 жылдарында саяхатшылар мәліметтері бойынша жасалған (П.П.Семенов, А.Н.Северцов) және кейіннен (А.П.Федченко). П.П.Семенов өз еңбектерінің бірінде Іле Алатауын алты өсімдік зонасына бөліп қарастырады:
Ал Түркістан бойынша жануарлар әлемінің таралуын Северцов дала және таулы қырат деп бөліп қарастырады. Соның ішінде дала екі, ал таулы қырат үш биіктік белдеуліктен тұрады деп көрсетілген. Бес белдеу келесі кезекте орналасқан:
Ал енді 1908-1916 жылдар аралығында жүргізілген экспедициялар туралы, яғни бұл кезеңде Түркістан вертикаль зонасы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін екі облыстан тұратыны анықталған. Оның бірі Жетісудың көп бөлігін алып жатыр, Сырдарияның оңтүстігі, Ферғана және Самарқанд облыстарынан құралған /3/.
Қолданылған әдебиеттер:
Информация о работе Глинка К.Д. қазақ жері жөнінде деректері