Харизматикалық бейне

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 17:08, доклад

Описание работы

Харизма - ( гр. charisma - шапағаттылық, құдай берген дарын) - аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады. Ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген Э.Трельч (1865- 1923) және М.Вебер (1864-1920). Вебер харизмалық үстемдіктің ерекше түрін анықтап, оны дәстүрлі және заңды үстемдікке қарсы қойды. Оның пікірінше, харизмалық үстемдік - айтқанын екі етпей, бұлтақсыз көнетін, ерікті түрде бағынатын, харизмалық билеушінің таңдаулы екендігіне сенетіндер қолдайтын "көсемнің билігі".[1]

Файлы: 1 файл

Харизматикалық бейне.docx

— 18.63 Кб (Скачать файл)

Харизматикалық бейне


Харизма - ( гр. charisma - шапағаттылық, құдай берген дарын) - аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады. Ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген Э.Трельч (1865- 1923) және М.Вебер (1864-1920). Вебер харизмалық үстемдіктің ерекше түрін анықтап, оны дәстүрлі және заңды үстемдікке қарсы қойды. Оның пікірінше, харизмалық үстемдік - айтқанын екі етпей, бұлтақсыз көнетін, ерікті түрде бағынатын, харизмалық билеушінің таңдаулы екендігіне сенетіндер қолдайтын "көсемнің билігі".[1]

Харизма — жеке тұлғада оған бас игізгендей және оның мүмкіндіктеріне сөзсіз сенетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл феномен топтасу процесінде өз мұраттарын жеке бір адамға түгелдей дарыған деуге бейім шағын және әсіресе үлкен топтарға тән. Харизма көбіне экстремальды тарихи жағдайларда пайда болады. Харизмалықлидерге оның жақтастарының барлық жетістіктері байланыстырылады, тіпті оның көріну кемшіліктері дәріптелуге дейін барады. Харизмалық лидердің діни немесе саяси аренадағы қабілеттері тылсым мәнде ұғынылып, құтқарушы деп табыну шығады. Харизма оған сәйкес әлеуметтік-психологиялық қажетсіну болғанда қалыптасады. Топтық психологияның феномені ретінде Харизма, әдетте, өңінің айналдырылған түрінде қабылданады: барлық назар харизманы жасаушы ізбасарларға аумай, лидерде болады. Харизмаға өтпелі сипат берушілік, оның мұрагерлеріне тарату, иерархиялық тұрғыдан орнықтыру әрекеттері болады.[2]

Мен ешқашан қай қызметте болмасын, сынауға қарағанда мақтаудың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін. © Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы

Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Адамның басқа мінез-құлқы сияқты оны да дамыта алады. Басқаларға өзіңізді тартымды қылу үшін не істеу керек? 
Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, кіммен араласқанды жөн көрсеңіз, соған ұқсас болуға тырысыңыз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Айтқанынан қайтпайтын қырсық па? Түңіліп жүретіндер ме? Әрине, жоқ. Олар өміріне риза, позитив, наразылық танытпайды. Ең бастысы өмірді сүйеді! 
 
Әр адамға жоғары баға қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өз күшімен миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Іскер кісілердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре алатындығы» 
 
Адамдарды үміттендіру. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар. 
 
Тәжірибеңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар тәжірибені айта жүріңіз. Сіздің біліміңіз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне жарасын.  
Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлау емес, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет! Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға бұру. Бұл – харизма!

Харизма – адамдар өзгелерге тиімді әсер ете алатын және адамдарды ерекше дарынды иесі деп санайтын айрықша қасиет. «Харизма» түсінігі ежелгі грек мифологиясынан бастау алады – өзіңе назар аударуды білдіру. Ал хариттер – ежелгі гректердің әдемілік, әсемдік, нәзіктілік білдіретін әйел құдайы. 
 
Харизманың классикалық анықтамасын М. Вебер ұсынған: «Харизма деп басқаларға қол жетімсіз, ерекше күшке және қасиетке тән құдырет ретінде бағаланатын жеке тұлғаның қасиеті». 
 
Тарихта харизматикалық тұлғалардың ішінде әлемдік діндердің негіздеушілері де бар. Мысалы, Лютер Кальвин. Басқа жағынан мемлекеттік және әскери қызметтегілер де бар, мысалы, Шыңғысхан немесе Наполеон. ХХ ғасырдағы қайтаркерлер арасында –, Муссолини, Ленин, Троцкий, Ганди және Мартин Лютер Кинг. Харизма қасиеті қызмет түріне байланыссыз: қылмыскер де, әулие де бірдей харизматикалық көшбасшы бола алады. 
«Оның харизмасы бар» деген ұғым, адам қоршаған ортаға күшті әсер қалдырады дегенді білдіреді, олар оның жарқындығына беріліп, артынан ілесуге дайын. 
Сонымен, харизматикалық адам – өзін мәлімдеуден қорықпайтын, оны тыңдайтын, оған сенетін, оның артынан көптеген жұрт ілесетін, адам.


Информация о работе Харизматикалық бейне