Кітапхана тұлғаны дамытудың әлеуметтік - мәдени ортасы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:33, статья

Описание работы

Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Ол жеке тұлғаны рухани мәдениетке тәрбиелеуде әрдайым ерекше орын алып келе жатыр.

Файлы: 1 файл

1.docx

— 18.50 Кб (Скачать файл)

Кітапхана тұлғаны  дамытудың әлеуметтік - мәдени ортасы ретінде

Кітапхана – ғасырдан-ғасырға  адамзат тарихының керуенін сүріндірмей  әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің  киелі ордасы. Ол жеке тұлғаны   рухани мәдениетке тәрбиелеуде әрдайым  ерекше орын алып келе жатыр.Соңғы уақытта  кітапхананың қоғамдағы ролі туралы жаңа түсінік қалыптасуда. Бұрын  кітапхана мемлекеттік құндылықтарды  дәріптеуге бағытталған идеологиялық мекеме ретінде қарастырылса, қазіргі  уақытта кітапхана  бір жағынан  жеке тұлғаның қызығушылықтарына, екінші жағынан жергілікті қоғамның қызығушылықтарына  бет бұрды. Кітапхана қоғам санасына, адамдардың өмір, өзі туралы түсініктеріне, мәдени-ақпараттық ортасын қалыптастыруға және дамытуға үлкен әсер етеді. Ол ақпаратты ортаны құрудың міндеттерін шешуде жетекші роль атқарады.

Заманауи кітапханалар қандай, оларға не үшін барамыз? Заманауи адамдар  кітапханаларды өз дамуында тоқтап қалған және мәдениетті дамытуда еш жаңалық  әкеле алмайды  деген пікірде. Бұл қате пікір, кітапхана ешқашан  өзінің дамуы мен жетілуін тоқтатқан  емес. Жаңа технологияларды енгізу ғасыры кітапханаларға да өз әсерін тигізбей қоймады. Ірі кітапханалар атауларын  өзгертіп, кітапханалық-ақпараттық орталарға  айнала бастады. Бұндай орталықтарда бұрынғы  кітапханаларға тән белгілер сақталған, олар абонентік залдардан және оқу  залдарынан тұрады. Алайда оларда электронды және компьютерлік  залдар пайда  болды. Әрбір адам абономент әдеби, оқу немесе танымдық кітаптарды өзімен бірге алуға мүмкіндік беретін  бөлім екендігін біледі. Оқу залының  да мыңызын түсінеді. Онда электронды залдың пайдасы қандай болмақ? Электронды немесе компьютерлік залдарда баспа  және кітаптарда бар, бірақ  қағазға  басылмаған әр түрлі ақпараттарды алуға  болады. Бұлар Интернет, анықтамалық-құқықтық базалар -  онда кез келген заңды, қаулыларды және кодекстерді тауып  алу мүмкіндігі бар. Егер сіз компьютерді  игермеген болсаңыз кітапхана қызметкерлері - электронды залдың кеңес берушілері әрқашан көмек көрсетуге дайын.

Кітапхананың ізгілік  миссиясы – оқырманды, оның құндылық бағыттарын қанағаттандыру. Ғылыми-техникалық ақпараттардың басымдылықтары және  әлеуметтік, тарихи, эстетикалық, т.б. ақпараттардың  болмауы кітапхана мамандарын оқырмандарды ізгілік тұрғыда емес, ақпарттық  тұрғыда ғана қызмет көрсетуі ретінде  көруге әкеліп соғады. Ол өз болмысында ізгілік міндеттерін шешуі (білімділік, мәдени, эстетикалық даму және т.б.деңгейлерінің  өсуі) тиіс. Сонымен бірге ол міндеттерді  шешуде ақпарттық әдістерді және құралдарды, сақтаудың электронды құралдарын пайдалануға және ізгілік ақпараттарын беруге негізделген заманауи технологияларды  қолданады. Ол адамдардың мәдени-репродуктивті құралы бола отырып, оқырмандардың жалпы мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, ұлттық және әлемдік мәдениттің жетістіктерімен таныстырады, нормаларды, дәстүрлерді олардың санасына, өміріне, тұрмысына енгізеді.

Кітапхананың саны, сапасы, оның жұмыстарын ұйымдастыру мен халықтардың  мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Кітапхананың жай-күйі арқылы мемлекеттің  мәдени деңгейін байқауға болады. Кітапхана - мәдениетті дамытатын, оның жетістіктерін  марапаттайтын әмбебап құрал  ретінде. Ол мәдени жетістіктерді құжат  түрінде тіркеуге, оны басқа мекемелерге  қарағанда әр жеке адамның санасына жетуге мүмкіндік жасайды. Оның қорында  халықтың өткені мен болашағы сақталған. Адамдардың мәртебесі, лауазымына қарамастан халықаралық кітап мәдениеті  әлеміне тең дәрежеде енуіне, яғни кітапхана әлеуметтік теңдікті, әлеуметтік әділеттілікті реттеуші қызмет атқарады.        

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Қарағанды облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институының кітапхана қызметінің негізгі мақсаты: білім беру үдерісіне  қатысушыларына, облыстық білім беру қызметкерлеріне сапалы кітапханалық және ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету болып табылады. Әрбір  оқырманға жекелеген жұмыстар есепке алу арқылы жүреді: кітапханаға жазылу барысында әңгіме жүргізу, ұсыныстар  беру тәсілдері педагогтардың шынайы қажеттілігі мен қызығушылығына және оқырманға оқу мәдениетінің деңгейіне сәйкес қажетті әдебиетті  оңтайлы таңдауына ықпал етеді. Қызмет түрі: кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық, ақпараттық, консалтингтік.

Кітапхана жұмысының бағыттары:

  • ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру;
  • білім беру үдерісінде оқырмандарды ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету;
  • оқырмандардың қызығушылығын, қажеттілігін анықтау;
  • ақпараттық- библиографиялық қызметпен қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде кітапханада  Интернетке шығатын локальді желіге қосылған  компьютерлер қызмет көрсетеді. Стандарттық қосымшаларға негізделіп жасалған қолданбалы бағдарламалар  жүйелі  қолданылады. Барлық қызметтік  құжаттар электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл кітапхана жұмысын сапалы атқару үшін және тыңдаушы сұранысы бойынша  Интернет ресурстарынан материал іздеу  сияқты қосымша қызмет көрсету жұмыстарын жасауда өте ыңғайлы. Терең білім  беру үшін ең бастысы материалдық-техникалық мүмкіндігі қазіргі заманға сай  болуы керек. Қорымызға алынатын әдебиеттер ең бірінші оқу мақсаттарын  шешу құралы ретінде қолданылады. Кітапхана  бұл ретте күнделікті көмек көрсетуге  және тиімді оқуға, оқу-тәрбие үдерісінде жәрдем беретін дәнекерші.

Қорытындылай келе айтарымыз, өмірде бар нәрсе өзгереді, тек  кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасайтын руханият ордасы болып қала бермек. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.


Информация о работе Кітапхана тұлғаны дамытудың әлеуметтік - мәдени ортасы ретінде