Латын тілі терминдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 02:48, лабораторная работа

Описание работы

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)- коммуникативтік акті кезінде адамдардың акценті, диалектіні, тіл-жарыспаларды, басқа да тілдік сипаттамаларды өзара, бір-біріне сәйкес келтіре, бейімдеуі нәтижесін танытатын үдеріс. Г.Гилс ұсынған аккомодация теориясы бойынша, оккомодацияның екі түрлі болуы мүмкін: біріншісі- конвергенция, яғни сөйлеуші өзінің сөзін коммуникативтік актіге қатысушы басқа адамдардың сөзіне ұқсастырады және екіншісі –дивергенция, сөйлеуші әлеуметтік ара-алшақтықты көрсеткісі келген ниетпен немесе мақұлдамайтындығын білдіргісі келген жағдайда өзінің сөзін сұхбаттасушының сөзіне ұқсамайтындай етеді.

Файлы: 1 файл

Латын тілі терминдер .docx

— 39.34 Кб (Скачать файл)

       Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)- коммуникативтік акті кезінде адамдардың акценті, диалектіні, тіл-жарыспаларды, басқа да тілдік сипаттамаларды өзара, бір-біріне сәйкес келтіре, бейімдеуі нәтижесін танытатын үдеріс. Г.Гилс ұсынған аккомодация теориясы бойынша, оккомодацияның екі түрлі болуы мүмкін: біріншісі- конвергенция, яғни сөйлеуші өзінің сөзін коммуникативтік актіге қатысушы басқа адамдардың сөзіне ұқсастырады және екіншісі –дивергенция, сөйлеуші әлеуметтік ара-алшақтықты көрсеткісі келген ниетпен немесе мақұлдамайтындығын білдіргісі келген жағдайда өзінің сөзін сұхбаттасушының сөзіне ұқсамайтындай етеді.

     

 

Билингвизм —(лат. bi-екі, lingua -тіл)- қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы. Әсіресе екі тілді қатар пайдаланатын өнер қайраткерлерінің шығармашылығына ерекше назар аударатын ғылыми бағыт. Әуезов те сондай тұлғалардың санатына жатады. Ол «Абай» трагедиясын орыс және қазақ тілінде бір мезгілде жазды. «Қасеннің құбылыстары», «Қынаптан қылыш», «Бекет», «Райхан», «Қалқаман-Мамыр» т. б. шығармаларын өзі орыс тіліне аударды. Әдеби мақалалары мен зерттеулерін, публицистикалық очерктерін екі тілде бірдей жазды. Қостілді жазушыларды құрмет тұтқан: «Бауыржан Момышұлының қазақ тілін өте жақсы білсе де, орыс тілінде одан да тамаша жазады» деп баға берген. Әуезовтің өзі түркі тектес тілдердің барлығында да еркін сөйлейтін болған. Бұл оның әдебиет пен мәдениеттік даму жолы мен өзара байланысын терең біліп, бағалауына ықпал жасаған

 

 

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардын танымдық-енбек проиесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауынын айрықша формасы болып табылады.

 

 

Натурализм (лат. natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт .

 

 

 

 

Репатриация (лат.  re- қайталау, қарама-қарсы қимыл + partia атамекен, отан) әрқилы себептердің, жағдайлардың ықпалынан өзге мемлекеттердің аумағында тұрған адамдардың ата тегі шыққан, ата-бабалар бұрын тұрған  елге қайта оралуы.

 

 

Суперлект – (лат. super -жоғарыда, жоғарыдан - lektos диалект) қоғам Мемлекеттік тіл немесе Ресми тіл ретінде қабылданған, мемлекет және заңнамалық құжаттар арқылы бекітілген, Тілді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламалары арқылы қолдау табатын тіл.

 

Дивергенция (лат. diverge - ауыткимын, ажырасамын) — екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық екі тұрғыда қаралады.

Глоттогониялық дивергенция әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасу ындағы негізгі жол.

 

Құрылымдық-диахрониялық дивергенция тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы Дивергенция ұғымын қалыптастырғандар — Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс.

 

 

Тілдік жоспарлау  объектілері (лат. –objectus нысан, пән)- Тіл практикасында Тілдік жоспарлау субъектілері тарапынан саналы ықпал жасалатын топтар (интернационалды, ұлттық, қосалқы ұлттық деңгейлердегі) және адамдар.

 

Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

 

Информант (лат. informatio ақпарат+ант)  сынаққа түсуші, Экспериментке енгізіліп, Сауалнаманың сұрақтарына жауап айту арқылы ақпарат беретін адам. Ақпарат берушілердің жиынтығы Басты жиынтықты құрайды, яғни тілдік ерекшеліктерге ие ақпарат берушілердің көп саны нақты әлеуметтік лингвистика зерттеуінің объектісі.

 

Интектива – (лат. intectivus балағат, бейпіл)-бейнорма сөз, дөрекі, тұрпайы, адамның ар-намысын  қорлайтын сөз. Балағат сөздің көп мағынасы –Жаргон, Арго, Диалект қатарынан алынған бейәдеби сөздер мен тіркестер; кейбір балағат сөздер мен тіркестер.

 

Коннотация (лат. connotatio, connote - қосымша мағынасы бар) — тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикапық рең білдіруі. Кең мағынасында: тіл бірлігінің грамматика және заттық-ұғымдық мағынасын толықтырып, оған эксперссивті сапа беретін бөлігі. Коннотация - сөйлеушінің тәжірбиелік, тарихи, мәдени, танымдық біліміне, олардың сәз болып отырған нәрсені үнатуы не ұнатпауына, бағалауына, стильдік деңгейге, тіл қызметінің саласына, олардың әлеум. қатынасына және т. б. байланысты болатын құбылыс

Кумуляция - (лат. cumulatio — ұлғайту, жинақтау) — жарылғыш заттың арнайы формадағы зарядының жарылыс нәтижесін күшейтетін әсері. Конустық немесе сфералық формадағы жарылғыш заттың зарядында кумулятивтік әсер пайда болады. Жарылыс кезінде қысым күрт ұлғаяды да, от алу процесі тездейді.

 

 

Палатализация (лат. palatum - таңдай) - дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде тілдің орта тұсының жоғары көтерілуі нәтижесінде дыбыстың жіңішке айтылуы. Палатализация әр тілде әр түрлі дамыған. Мысалы, ол орыс тілінде өте күшті. Қазақ тілінде де Палатализация бар. Үндестік заңына байланысты қазақ дауыссыздарының бәрі не жуан, не жіңішке айтылады. Алайда, олардың артикуляциялық белгілері біркелкі емес. Тыс, тіс деген сөздердегі т дауыссызы жуан-жіңішке айтылып тұр. Апайда олардың арасындағы артикуляциялық алшақтық онша үлкен емес. Жасалу орны бірдей, екеуі де тіл ұшымен айтылады. Тек жуан т-ны айтқанда тіл сәл артқа, ал жіңішке т-ні айтқанда. тіл сәл алға жылжиды. Соның нәтижесінде тдауыссызын екі түрлі естиміз. Ал, енді қыр, кір деген сөздердегі қ-к дауыссыздары да бір дыбыстың жуан-жіңішке сыңарлары болып табылады. Алайда олардың жасалу орыңдары, ттәрізді емес, бір-бірінен ете алшақ: жуан қ - тіл арты (тілшік), жіңішке к - тіл ортасы дауыссыздары. Дегенмен жуан т, қ мен жіңішке т, к дыбыстарының фонологиялық қызметі бірдей. Осындай жасалу орны алшақ жуан-жіңішке дауыссыздардың қатарына ғ-г (аға-еге), й-й (ай-әй), ң-ң (таң-тең) тіл ортасы тіл арты жұптары да жатады.

 

Предикат (лат. predіcatum — баяндау) — пікір түрінде қасиет пен ерекшеліктерді білдіретін пікір баяндауышы. Предикат белгілі бір нәрседе әлдебір қасиеттің (белгінің) барын не жоғын бейнелейді.

Мысалы, “Бүркіт — жыртқыш құс” деген пайымда предикат “жыртқыш құс” сөздерімен айтылып тұр. Предикат заттарға (субъектіге) ерекшелік пен қасиеттердің тән немесе тән емес екенін белгілейді. Предикат пікірдің субъективті-предикаттық құрылымының, қарапайым категориялық силлогизмнің қажетті және негізгі бөлігі болып табылады. Кең мағынасында предикат деп не ақиқат, не жалған мәніне ие болатын логикалық пропозиционалдық функцияны атайды.

Дыбыс алмасуы (Альтернация (лат. alternatio - алмасу) - дыбыстардың алмасуы (қазақша оқу- оқып, айту- айтып)) — сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы. Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді.Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді.

 

 

Текстология, мәтінтану (латынша textus – байланыс, байлау, кездеме, logos – сөз, ғылым) – әдебиеттанудың шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен салыстыра тексеретін саласы.

 

 

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ),идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. 

 

Транспозиция (лат. transpositio - орын алмастырушы) — парадигмалық қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану. Транспозиция кен мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын білдіреді. Мысалы: шак формаларының бірін-бірі ауыстыруы, сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлем ретінде колдану т. б. Транспозиция термині лексикалық метаформаларды және басқа ауыстыруларды да білдіреді. Транспозиция тіл бірліктерінін семантикалық немесе функционалдық қызметін салыстыру арқылы анықталады. Транспозиция процесі үш элементтен тұрады:

  1. алмастырылатын бастапқы форма;
  2. алмастыру құралы, тәсілі, ол анықтауыш пен анықталушының ара байланысын білдіруші белгі болып табылады;
  3. Транспозиция нәтижесі. Транспозиция арқасында тілдін атауыштык мүмкіндігі, сөздердін тіркесімділігі артады, әр түрлі мағыналық реңктерді білдіретін синонимдер жасалады.

Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(үшін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады. Кейде сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр.

 

 

Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады

 

 

Амплитуда (лат. amplіtudo — шама) — белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады. Гармониялық тербелісте амплитуда — тұрақты шама

 

 

Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін

 

 

Инкорпорация (лат. incorporatio біріктіру,өз құрылымына қосу) — полисинтетикалық тілдерде жеке сөздердің түбір-негіздері мен көмекші элементтерін біріктіру арқылы сөйлемдік мәні бар біртұтас сөздер жасау тәсілі. Мұндай біртұтас сөйлем-сөздер әрі сөз кызметін, әрі сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Ондай сөйлем-сөздер бастауыштан басталып, баяндауышқа аяқталады да, ол екеуінің ортасында анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш мәнді элементтер болады. Мысалы: нинакаква — мексикалық ацтек тілінде мен ет жеймін деген мағынадағы сөйлем-сөз мынадай бөлшектерден тұрады: ни—мен, нака—ет, ква — жеу. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу компоненттері формалды көрсеткіштерсіз біртұтас сөз тіркестерінін синтаксистік байланысына негізделеді

 

Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) — Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы.

  • Мысалы: алла — алда, молла — молда, балалар — баладар, коридор — колидор.

 

 

Детерминатив (лат. determine - аныктаймын) —идеографиялық жазуда негізгі фонетикалық танбаға қосымша ретінде қолданылатын танба. Детерминативтің сөзде фонетикалық сәйкестігі болмайды. Детерминатив алғашында омонимдер мен омографтарды ажырату үшін қосымша танба ретінде қолданылып, кейін ұғымдық (категориялық) топтарды жіктейтін классификатор танбаға айналған. " Детерминатив " терминің ұсынған Ж. Ф. Шампольон (Франция);

Шыққан тегі де, мағынасы да белгісіз, сөздің жіктелмейтін бөлігіне (негізгі түбірге) қосылатын элемент. Осы мағынада негізінде үндіеуропа тіл білімінде тараған, оны ұсынған Г. Курциус (Германия).

 

 

Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен дауыссыздар үндеседі. Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.

 

 

 

 


Информация о работе Латын тілі терминдері