Әлеуметтік қауымдастықтар ұғымы.Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2015 в 12:22, лекция

Описание работы

Қоғам әлеуметтік жүйе, себебі адамдардың жиынтығы., олардың біргуі. бір- біріне қарым-қатынасы. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды.

Файлы: 1 файл

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.docx

— 70.87 Кб (Скачать файл)
  1. Халықтың маргиналды жіктері мен топтары. Әлеуметтік- демографиялық құрылым және бұл процестің Қазақстандағы даму тенденциялары.

Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген жөн. Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы,митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды. Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды. Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады. Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы,адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд). Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді. Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады. Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б. Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор

  1. Стратификациялық теориялар.

Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

  • касталар;
  • сословиелер;
  • таптар.

Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

  1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
  2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
  • брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
  • кшатрийлер (әскери адамдар);
  • вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
  • шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
  • хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды. Тек кейін К.Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды

 

  1. Әлеуметтік стратификацияның мәні, оның негізгі өлшемдері: меншікке, билікке қатынас, табыс көлемі, байлық, даңқ, білім, мамандық. Басқарушылар және басқарылатындар, индивидтің әлеуметтік статусы. Стратификациялық талдаудың негізгі ұғымдары (әлеуметтік тап, әлеуметтік жік, әлеуметтік топ).

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;

в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

г)хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

 Тек кейін К. Маркс  және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы  таптық жіктелудің экономикалық  себептері мен астарларына терең  назар аударыла басталды.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары  - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.

К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз».

Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:

  1. адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
  2. олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
  3. еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
  4. қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
  5. қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

Информация о работе Әлеуметтік қауымдастықтар ұғымы.Әлеуметтік топтар табиғаты және оларды жіктеу