Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 08:04, реферат
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы . Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсиби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы .
Осыған орай , елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін тілге тиек еткім келеді: «Қазақстан ел болашағы – жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл – мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі . Болашақта білімді де, қабілетті, ел үшін аянбай еңбектеніп, Қазақстанның даңқын асыратынына, мәртебесін асқақтататына мен сенемін »
Мына слайдта көріп отырғандай мектеп кітапханшысы оқулықпен ғана жұмыс жасамай, көпшілік жұмыстар атқаратынын айтып өткенді жөн көрдім. 1 сыныптарға мектепті жаңа аттаған оқушыдан бастап 10-11 сыныптармен әр түрлі іс – шаралар жүргізетінін айтпақпын.
Мектеп кітапханасының басты міндеттерінің бірі: Мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламалары , кітаптарды және ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады.
Кітапхананың мақсаты – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпараттық мәдениет – ақпаратты құрастыру, өңдеу, сақтау, іздестіру мен пайдалану деген ұғымды білдіреді, сондай – ақ, кітапхананың ақпараттық кеңістігінде өзінің орнын сезіне білу, өзін ақпаратты құрастырушы, тұтынушы ретінде қабылдау, ақпараттық жағдайды түсіне білу.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін , рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек» - деген болатын.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.
Алматы қалалық білім департаменті қаламыздағы мектеп кітапханаларына қажетті қазіргі заман талабына сай техникамен және құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етті.
Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР- ның орта білім жүйесін дамыту мақсатында»,- деп көрсетіліп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» №3645 бұйрығы бекітілді. Сондай-ақ, мекемелер жүйе аралық «Интернет мектепте» бағдарламасына сәйкес компьютерлендірумен бірге мектепті сатылап Интернет жүйесіне қосу процесі жүзеге асырылуда.
2009 жылы 13 қазан айының
ақпараты бойынша жалпы білім
беру мектептерінің
Білім департаментінің ұйғарымы бойынша мектептердің барлығы компьютерленген озық технологиялардың бірі «КАБИС» бағдарламасы енгізілді.
Алматы қаласындағы Әуезов ауданы бойынша 34 білім ордасы бар. Мектеп кітапхананалары толық «КАБИС» бағдарламалары енгізілген . Интернет жүйесі іске қосылған.
«КАБИС» бағдарламасының мақсаты – қордағы кіітаптардың электронды нұсқасын жасақтау. Компьютерлік- ақпараттық коммуникацияға негіздеу.
Бағдарламаның ерекшелігі болып интерфейістің қолайлылығы, пайдалану баға нарқының арзандығы қазақ т ілді әліпбидің қызметінің сапалылығы, код сенімділігі, әкімшілік басқару жүйесінің қарапайымдылығы болып табылады. «КАБИС» бағдарламасы енгізілген кітапханада қанша кітап қоры болатын болса, соншалықты кітап қоры базада тұрады.
КАБИС –жүйесі арнаулы автоматтандырылған электрондық толық мәтінді базасын құру. ҚР. стандартары слайдта көріп отырғандай осы жүйемен жұмыс істеу керек. Іс – қағаздарын библиографиялық сипаттамада 7.1 стандартына сай тарауларын пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл жүйенің жұмыс істеуі үшін жалпы қарапайым компьютердің жүйесі қолдананылады. Карточкалар мен сыртқа жіберілетін іс- қағаздары принтермен шығарылуы қажет. Топпен жұмыс істеу базасында жалпыға бірдей пайдаланатын файл серверін пайдалануды ұйымдастыру қажет.
Халқым жинап асыл қазынасын,
Кітапханам – сақтаушы боп ел мұрасын.
Шаңырағы биік болсын,төбесінде,
Асқақ туым, желбіреп сен тұрасың.
Информация о работе Мектеп кітапханасы-білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы