Мемлекет қазан болса, идеология – соның қақпағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 10:03, лекция

Описание работы

Бізде, негізі, ұлт біреу-ақ. Ол – қазақ ұлты. Алайда осыны қабылдай алмай жүргендер бар. Біздің ұлттық идеологиямыздың жүрмей жатқандығының басты себебі осында. Қазақ ұлты этникалық деңгейден көтеріліп, азаматтық деңгейге баяғыда ауысып кеткен. Оның айқын дәлелі, біздің спортшылар, мысалы, Ильин, Манеза, Чиншанло, Хрусталевалар шетелге барған кезде оларды орыс немесе грек ұлысынан деп танымайды ғой. Барлығы бірауыздан «қазақтар өнер көрсетіп жатыр» дейді. Бірақ жоғарыда аталғандардың ешқайсысы қазақ ұлтынан емес. Сондықтан дәл қазіргі таңда қазақ ұғымы ұлттық сипаттан мемлекеттік сипатқа көшкен. Мәселен, шетелдіктердің арасында «Қазақ мемлекеті» деген жанама атау кең етек алып барады. Бұл – қуанарлық жағдай.