Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 21:08, лекция
1. елімізде тұратын ұлььар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу;
2. әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.
Менің тілім – менің мақтанышым.
Мақсаты: 1. елімізде тұратын ұлььар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу;
2. әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер. Шарлар.
Барысы:
Қазақ тілінің мұң – мұқтажы туралы айтқанда, тілі үшін ХХ ғасырда көп құқайға тап болған бабалар еске түседі. Сол құқай бізді тілімізідің қоңыр әуезінен, домбырамыздың күмбірлеген үнінен айырып, төл мәдениетімізден алыстадық.
Ана тілі мен әдебиеті - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қастерлі қазынасы.
Ақ түйенің қарны жарылып, 1991 жылы еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болдық.
«Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да білегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты еліміз, көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім – анам тілі, өз тілім!
Туған тілім – далам тілі, өз тілім!
Туған тілім – адам тілі, өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде намысым мен қаным бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімде суырып-ақ алыңдар – демекші бүгінгі тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
1-оқушы
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
2-оқушы
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы
Бір – ақ ауыз сөзімнен,
Дауды әділ шешкен тіл.
Өз еліңді әнге бөлеп,
Болған ғажап досы – тіл.
4-оқушы
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем – мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
1-оқушы
Тіл қаруы-сөз,
Сөз қаруы-ой.
Өнер алды – қызыл тіл.
2-оқушы
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
3-оқушы
Аяқ жетпегенге тіл жетеді.
Жылы – жылы сөз айтсаң,
Жылан інінен шығады.
4-оқушы
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Біздің жерімізде
байлықтың сан алуан түрі бар:
алтын да, күміс те, газ да, мұнай
да, темір де бар. Бір сөзбен
айтқанда Менделеев
1-оқушы: Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жұрек ұмыт қалады.
2-оқушы: Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ.
Тілден терең теңіз жоқ.
3-оқушы: Аспанда жұлдыз көп, менің де жұлдызым бар – ол ана тілі.
4-оқушы: Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құр алақан қалады.
5-оқушы: Білімділіктің басты факторы туған тіліңде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.
6-оқушы:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің,
Ана тілің – арың бұл,
Ұяттың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біо,
Өз тіліңді құрметте.
7-оқушы:
Мейірімі мол балаға,
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
8-оқушы:
Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.
Әріпжұмбақтар
Санда бар,
Сапада жоқ.
Ханда бар,
Қарада жоқ.
(Н)
Иекте бар,
Бетте жоқ.
Сүйекте бар,
Етте жоқ.
(К)
Жұмбақтар:
Өзіне жаратпайды қарағанды.
(күн)
2. Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді.
(ай)
3. Гүлге қонады,
Гүлдің қонағы.
Үйіне кірсең,
Бөшкелері балға толады.
(ара)
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(түйе)
5. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.
(кірпі)
1-оқушы:
Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құраным.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр, әнім.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтіңделмес кеңдігім.
2-оқушы:
Қасиетті тілім менің,
Қиындықтан бүгілмедің.
Талай ғасыр белесінде
Жетілдің сен, бүлінбедің.
Қасиетті тілім менің,
Айбыным да күнім менің.
Би мен хан, жау егесінде,
Туралық боп тіліп едің.
Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!
Айналайын, боздақтар,
Аралас тілге үңілме!
Миды оят, жамиғат,
Қазақша алтын жезіңді
Қазақша жазбай жүргенді
Түзет тұрып тізгіңді.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілің – асыл нұр.
Осымен, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!!!