Микеланджело Буонарроти

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 13:00, реферат

Описание работы

Микеланджело ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәрісалды. Сондай-ақ суретші шығармашылығының кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337), Донателло (1386 – 1466),Мазаччо (1401 – 1428), Якопо делла Кверча (1374 – 1438) шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды. Еуропаның 16 ғ-дағы және онан кейінгі өнерінің

Файлы: 1 файл

Микеланджело Буонарроти.doc

— 64.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Микеланджело Буонарроти, Микеланьоло ди Лодовико ди Лио-нардо ди Буонаррото Симони (6.3.1475, қазіргі Капрезе-Микеланджело, Тоскана – 18.2.1564, Рим) – италиялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын.

 

Микеланджело ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәрісалды. Сондай-ақ суретші шығармашылығының кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337), Донателло (1386 – 1466),Мазаччо (1401 – 1428), Якопо делла Кверча (1374 – 1438) шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды. Еуропаның 16 ғ-дағы және онан кейінгі өнерінің даму жолдарын көрсеткен Микеланджело шығармаларында Қайта өркендеу дәуірінің ерлік әуенге толы адамгершілік мұраттары, кейінгі мәдениетке (Қайта өркендеу дәуірінің соңғы кезеңіне) тән таным дағдарысының қайғылы сырлары да бейнеленді. Жас кезіндегі шығармаларынан-ақ (“Баспалдақ қасындағы Мадонна”, “Кентаврлар шайқасы” атты бедерлі мәрмәр, 1490 – 92 ж. ш.) монументтік, пластикалық қуат пен образдың драмалық бояуға қанықтығы, адам сұлулығын паш ету сияқты Микеланджело шығарм-ның басты белгілері айқын аңғарылды.

 

Римде Микеланджело “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, өлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштері қызықтыратынын аңғартты. 1501 ж. Микеланджело Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығына қарсы тұрған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігерлілікті паш етеді. 1505 ж. Папа Юлий ІІ Микеланджелоны Римге шақырып, оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа арнап Микеланджело Буонарроти бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516 – 16, Рим, Сан-Пьетро ин Винколи шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі де 1513 – 16, Париж, Лувр). Бұлардан Микеланджелоның жұмыс әдісі айқын байқалады: мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір жерлерін ғана өңдеп отырған. Мысалы, Ватикандағы Сикстин капелласы шаңырағының жазбалары (1508 – 12), т.б. Әрбір фигура мен жеке көріністер мөлдір айқындығымен ерекшеленеді, сондай-ақ кең көлемді жазбалардың біртұтастығы анық байқалады. Микеланджело 1534 ж. Римге біржола көшіп келді. Мұнда ол “Аяусыз жаза” атты орасан зор фреска(1536 – 41) жасады.

 

 

 

Өмірінің соңғы 30 жылында  Микеланджело мүсін мен кескіндемеден  бірте-бірте алшақтап, негізінен сәулет өнерімен және поэзиямен айналысты. Ол бейнелеу өнерінен гөрі құрылыс жұмыстарымен көп шұғылданды. 1523 – 34 ж. Микеланджело Флоренцияда Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан өмірінің соңына дейін Микеланджело Римдегі әулие Петр соборы мен Капитолий ансамблін салды (екеуі де автор қайтыс болғаннан кейін аяқталды). Микеланджело қартайған шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең, асқақ, трагизмге толы болды. Ақын адамзаттың ғұмыр бойы сұлулық пен жарасымдылыққа ұмтылатыны туралы, жалғыздық жөнінде, озбырлықтың салтанат құрғанын көргенде жанының жай таппайтыны жайында жырлады. Микеланджело мадригал мен сонет жанрында жырлады. Өлеңдері алғаш 1623 ж. басылды. Микеланджело адамзаттың бір-біріне деген махаббатын, сезімнің ұлылығы мен сұлулығына деген шексіз сенімді жырлап өтті.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Микеланджело                                                    Буонарроти


Информация о работе Микеланджело Буонарроти