Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 16:32, реферат
Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр*134», - деп көрсетті.
Сонымен қатар, Ресейдің өзінде де шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси дамуына елеулі әсер еткен маңызды оқиғалар өтіп жатты. XIX ғ. ортасында басыбайлық дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық күресінің күшейе түсуіне байланысты Ресейде басыбайлық жүйені жойып, дамудың демократиялық жолына түсу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр*134», - деп көрсетті.
Сонымен қатар, Ресейдің өзінде де шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси дамуына елеулі әсер еткен маңызды оқиғалар өтіп жатты. XIX ғ. ортасында басыбайлық дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық күресінің күшейе түсуіне байланысты Ресейде басыбайлық жүйені жойып, дамудың демократиялық жолына түсу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Қазақстандағы, сондай-ақ, Ресейдегі саяси жағдайдың шиеленісуі мен күрделене түсуі жалпы алғанда Ш. Уәлихановтың көзқарасына әсер етпей қоймады. Оның шығармаларында қазақ халқының жанды мәселелері көтеріліп, ол халықтың қиын тауқыметін жеңілдетудің жолын іздеді. Оны қазақ халқының, Ресейдің басқа халықтарының тағдыры толғандырды.
Жарияланған шығармалар мен мұрағат материалдарына жасалған әлеуметтік талдау Ш. Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы Ресейдегі патшалық-басыбайлық құрылымға, патшалық үкіметтің отаршыл саясатына қарсы алдыңғы қатарлы демократиялық топтардың көзқарасымен сәйкес екенін көрсетеді. Ш. Уәлиханов дамуды қолдаушы, демократиялық жаңарудың жақтаушысы болып, өз қоғамының кеселдерін жоюға ұмтылды. Ш. Уәлихановтың қызметі ағартушылық сипатқа ие, бірақ соның өзінде оның еңбектерінде сол кездегі қоғамдық құрылысқа сыни көзбен қарау элементі де бар. Осының бәрі Ш. Уәлихановты ағартушы-демократ, өз елінің үлкен патриоты, толық мәніндегі гуманист деп атауға құқық береді.
Ш. Уәлихановтың ағартушы-демократ ретіндегі дүниетанымы патша үкіметінің қазақ даласына жер аударған орыс қоғамының бір бөлігі - декабристер мен петрашевскийшілердің ықпалы арқасында, сондай-ақ орыстың революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтардың да ықпалының нәтижесінде қалыптасты. Ш. Уәлиханов дүниетанымы қалыптасуының тағы бір көзі - қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, оның саяси тарихы, бостандық пен тәуелсіздік жолындағы халық күресі болды.
Ш. Уәлихановтың көптеген шығармаларына қазақ қоғамының бұдан арғы тарихи даму жолдары туралы ой алтын арқау болды. Ш. Уәлиханов жас кезі-ақ тек орыс халқының көмегі, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениетімен байланыста болу арқылы ғана қазақ халқы экономикалық, саяси және мәдени ілгерілеу жолына түсе алады деген тоқтамға келген еді.
Ол өзінің көптеген шығармаларында өз халқының артта қалғандығы туралы жаны ауырып, халық әлі күнге қоғамдық дамудың «жасанды емес кезеңі» формасында өмір сүріп жатқанын айтады*135. Ш. Уәлиханов Ресеймен байланысты одан әрі нығайту қазақтарға жан-жақты экономикалық және мәдени дамудың көкжиегін ашады деп санады. Халық мүддесін көздеп, ол ұлттық тұйықталу мен шектеушілікке ашықтан-ашық қарсы болды, халықтар достығы, алдыңғы қатарлы ең дамыған ұлттардың артта қалған халықтармен байланыста болу идеяларын қолдады.
Қазақстанның артта қалушылығын жоюда Ресейдің шешуші рөлін мойындай отырып, алайда Ш. Уәлиханов осы мақсатта өз халқының ұлттық дербестігінің мүмкіндігін жоғалтуға жол берді деп жаңсақ ой түюге болмайды. Н. М. Ядринцев «Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ. Оның арманы - еуропалық ағартушылықты және халықтық қасиетті сақтау», - деп жазды*136.
Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов қазақ даласында бүліншілік пен заңсыздық орнатқан патшалық отаршыл өкіметті батыл сынады. Көптеген шығармаларында, әсіресе, орыс достарына жазған хаттарында ол қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып ашықтан-ашық тонап жатқан патша шенеуніктері туралы өте ашына жазды. «Ашықтан-ашық аямай сорады...» *137, - деп дала әкімшілігі жайлы ызамен жазды.
Алайда, Ш. Уәлиханов қоғамды түпкілікті қайта құру үшін радикалды шаралардың қажет екенін түсінбеді, ол жамандық тұтас отарлық жүйеде емес, патшалық әкімшіліктің кейбір өкілдерінде деп қате ұғынды. Осыдан келіп оның әлденеше рет реакцияшыл шенеуніктерді либералды көзқарастағы адамдармен алмастыру әрекеттерін жасайды.
Ш. Уәлиханов қоғамдық үрдістерді түсіндіруде тұтастай алғанда идеалистік бағыт ұстанды, оның шығармаларында терең және таза ойлар сақталған... Осы тұрғыдан алғанда, оның «Сот реформасы жайында» деген еңбегі көп қызығушылық тудырады. Бұл еңбегінде ол қалың бұқараның мүддесін көздеп, үстем таптың жүргізіп отырған реформаларының мән-мағынасы жайлы мәселе көтерген.
Қазақ даласындағы әзірленіп жатқан сот реформасы жайлы өз пікірін айта келіп, Ш. Уәлиханов реформаларды жүргізгенде қоғамдық-тарихи процесті ескеріп, қоғамдық өмірдегі әртүрлі факторлардың рөлін сараптау керек деп жазды. Қоғамдық реформа жүргізудің маңызын ескере келіп, Ш. Уәлиханов әлеуметтік іс-шаралардың негізінде жатқан түрлі теорияларға сын көзбен қарау қажет екендігін атап көрсетті. Ол былай деп жазды: «...халық реформасынан жоғары тұратын маңызды қоғамдық реформа жоқ. Барлық заң шығарушылар мен реформаторлардың қоғамға пайданы көздеп келгені және көздейтіні күмәнсіз, бірақ қоғам дамуына пайдалы, зиян деген түсінік әр ғасырда әртүрлі болды. Қазір біздің арамызда бағзы замандардан бері көпшілік санасына сіңіп, бұлжымас аксиомаға айналып, күнделікті тірлік пен дағдыға сай қалыптасып кеткен көптеген жабайы гипотезалар бар, ғылым олардың қателігі мен заманға сай келмейтінін дәлелдеп отыр»*138.
Реформаның табиғаты туралы айта келіп, Ш. Уәлиханов бұл мәселенің «экономикалық және әлеуметтік» жағына баса назар аударды, ол «халықтың ең маңызды қажеттіліктеріне қатысты» екенін айта келіп, ал «саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды жүргізу құралы ғана, себебі әрбір жеке тұлға және тұтас адамзат қоғамы ең басты мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын жақсартуға ұмтылады, даму дегеніміз осы. Осы тұрғыдан алғанда, адамның тұрмысын жақсартатын реформалар ғана пайдалы, ал сол мақсатқа жетуге кедергі болатын реформалар зиянды»*139 - деп түйіндеді.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі, қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.
«Прогресс» ұғымының мазмұнын адамдардың материалдық әл-ауқатын жақсарту ретінде айқындай келіп, Ш. Уәлиханов ағартушылықты тек «ақиқат білімді» таратуды, мәдениетті көтеру арқылы осы құралдардың көмегі ғана прогресске жетуге болады деп санады. «Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, - деп жазды ол, - ең алдымен бостандық пен білім керек. Бұдан келіп шығатыны, бәрінен бұрын оқу қажет»*140.
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи кезеңде мұндай көзқараста болуы оның көрегендігін байқатады, өйткені ағартушылық қараңғылықпен күресуге жетелеп, зайырлы білімнің таралуына ықпал етіп, қазақ халқының түпкір-түпкіріне алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің таралуына қол жеткізді.
Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және Ш. Уәлиханов айтқандай, «қыр пролетарлары» кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың мүдделері мүлдем керғар «...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық сипатта болады»*141. Ш. Уәлихановтың көздегені - халық мүддесіне жауап беретін қазақ феодалдарның тобына емес, «...сұлтандар мен билердің көзқарастары назар аударуға тұрарлық емес, - деп көрсетті ол, - өйткені бүкіл ұлттың мүддесі қай жағынан алып қараса да, жекелеген топтың пайдасынан басым тұруы қажет»*142.
Ш. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік ұстанымдарда болса да, ол, жоғарыда аталғандай, бірқатар мәселелер бойынша сол замандағы ақиқат құбылыстарды түсінуде материалистік ұстанымдарға көтеріле алды.
Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...
Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі - материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді. Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс (тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. «Қырғыздардағы шамандық қалдығы» мақаласында ол: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю, өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді»*143...
Ш. Уәлихановтың озық ағартушылық ойлары оның Орта азиялық хандығы туралы жазғандарында жақсы көрініс тапқан. Орта Азия халықтарының феодалдық хандар мен бектерінің езуінен жапа шегіп жатқан өмірін жақсы білгендіктен, ол өзінің еңбектерінде феодалдық құрылыс пен деспотизмді сынап, сол аймақтың артта қалғандығын өкінішпен: «Ежелгі Шығыстың ең бай және білімді елі - Мәуренахрда, қазір қараңғылық пен кедейшілік жайлап кеткен» дейді. Діни білімнен басқа білімді мойындамай, Самарқанд, Ташкент, Ферғана..., Хиуа, Бұха-ра және басқа жерлерде... Самарқандтағы обсерватория татарлардың аяусыз қолымен жасалған вандализмі мен бұқара инквизициясынан орнына келместей болып қирады*145. Ш. Уәлиханов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының консервативті өмір сүру формаларына белсенді түрде қарсы шығып, осы артта қалушылық пен дағдарысты тудыратын қоғамдық құрылыстың кеселдерін сынады...
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан кейін ғана жүзеге асты... Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих, археология және этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар). Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарды...
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қазақ даласындағы саяси
ретінде ағартушылық кең өріс алды. Қазақтың ойшыл ғалымы демократ-
ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының әлемдегі өркениетті
18
елдер қатарына қосылуы үшін қажетті саяси-әлеуметтік, мәдени қызметтер
атқарды. Шоқан саяхатшы, этнограф ғалым ретінде Орта Азияның, Қазақ
елінің, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетіне ғылыми зерттеулер жүргізе
отырып, саяси - әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын
қарастырды, әсіресе қазақ халқын патша шенеуіктері мен жергілікті билік
иелерінің зорлық- зомбылығынан қорғау мәселесін жария етті. Ол қоғамдағы
үстем тап өкілдерінің саяси көзқарастары халықтың ізгі мақсаттарына әсер
ететінін атап көрсетеді. Сол себепті Шоқан Уәлиханов бұхара халықтың
демократиялық құқығы мен бостандығын дамыту жолында елеулі қызметтер
атқарды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән беріп
революциялық өзгерістерге қарсы пікір білдірді. Ағартушы-ғалым сот
реформасы туралы өзінің прогрессивтік саяси- әлеуметтік идеяларын ұсынды.
«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа
етене жақын, ең маңызды, оның
мұқтажына тікелей қатысты
экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык
істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам
баласы қауымдасып өзінің
түпкі мақсаты әл-ауқатын
Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді»- деген қорытынды жасайды (Ш.
Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995.127- бет ).
Өзінің осы шығармасында Шоқан Ресей патша өкіметінің саясатындағы
отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден
қалыптасқан билер сотының сақталуын талап етті. Дәстүрлі билер қызметінің
ашықтығын, жариялығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалайды.
Шоқан Шыңғыс хан заманынан енген ереже бойынша қазақ қоғамының «ақ
сүйек» және «қара халық» болып жіктелуіне қарсы шығып, қоғамда бұл
бөлінудің болуы бір-біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп есептеді.
Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау-жанжал, саяси-әлеуметтік
шиеленістер туатынын дәлелдей келе, қазақ халқын бірлікке шақырды.
Ғалымның пікірінше, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін ең
алдымен оларға еркіндік берілуі қажет. Ал еркіндікті дұрыс пайдалануы үшін
халыққа жалпы білім, әсіресе саяси сауаттылық қажет.__