Толерантыық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 08:45, реферат

Описание работы

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші

Содержание работы

I Кіріспе
II Негізгі бәлім
1)Толеранттылық сананың қалыптасуы
2) Азаматтағы қоғамағы ксенофобия

III Қорытынды

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Абай атындағы ҚҰПУ физика.docx

— 21.83 Кб (Скачать файл)

     Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Абай атындағы               ҚҰПУ физика – математика факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

                РЕФЕРАТ

                              

                                 ОРЫНДАҒАН:

                                                             ТЕКСЕРГЕН:


 

 

                       Жоспары

I Кіріспе

II Негізгі бәлім

1)Толеранттылық сананың қалыптасуы 

2) Азаматтағы қоғамағы ксенофобия

 

III Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

         Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші

        Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлім мен тәрбиенің бір түрі – жастарды отансүйгіштікке, білім мен ғылымға, жаңашылдыққа тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі заманның жаңашыл талаптарымен ұштастыру арқылы заманауи тұлға қалыптастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.

Заман талабына сай азаматтарды  тәрбиелеу, олардың еліміздің ержүрек, білімді, білікті, мәдениетті, әділетті әрі толыққанды азаматы болып  қалыптасуы турасында, осындай азаматтарды  тәрбиелеп шығару үшін не істеу керектігі  жайлы филология ғылымының докторы, профессор Ахметов Әділ Құрманжанұлы өзінің таяу арада мемлекеттік тілде  жарыққа шыққан «Еуразия коды» атты кітабындағы толеранттылық, пассионарлық және ноосфералық мәдениеттер жайлы  жазылған бөлімдерінде өз пікірімен  бөліскен. Назарларыңызға осы кітаптан үзінді беріп отырмыз.

«...Толеранттыққа байланысты және бір заманауи мысал келтірейік. Еуропа, Жапония және АҚШ-тың Швейцариядағы  Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы мен Ресейдің ядролық зерттеулер жүргізетін Мәскеу түбіндегі Дубнада  орналасқан Біріккен институтында ғылыммен нағыз интернационалдық ұжымдар  бірлесе айналысады. Шамамен 20 адамнан  тұратын ғылыми ұжымда француз, немiс, итальян, орыс, үндi, жапон, тіпті кез  келген ұлт өкілінің болуы ғажап  емес. Өйткені мұндай ғылыми ұжымға ұлттық сипат басты ұстаным емес. Аталмыш 20 адам халықаралық ғылым  тілі болып саналатын ағылшын  тілінде пікір алмасады. Мұнда  ең бағаланатын құндылық — олардың  мамандық біліктілігі мен адами  сапасының деңгейі. Кез келген халық  бірінші орынға қоятын: адамгершілік, шынайылық, қайырымдылық та басты назарда. Бұл қасиеттерге этникалық шыдамдылық кірмеуі де мүмкін. Толерантты мәдениет дамыған жерде оның мүлдем қажеті де болмай қалуы мүмкін.

Мұндай ұжымдар сонда  несімен ерекшеленеді? Бұл сұраққа: ортақ мүдделі мақсаттарымен, терең  білімімен және мәдениеттің биік деңгейімен, өмір сапасының биіктігімен, әлеуметтiк және тұрмыстық орнықтылығымен, заң алдында қорғалған теңдігімен және мүмкiндiктерінің біркелкілігімен, игiлiкті бөлісудегі әділеттілігімен  деп жауап қайыруға болады...

Көріп отырғанымыздай, толеранттық мәдениеттің қалыптасуы үшін көптеген күрделі мәселелер шешімін тауып, міндетті шарттардың орындалуы қажет. Әйтпесе төзімділік принциптері жайына қалуы мүмкін. Мұның бәрі де бізге мәлімдеушілер де табылар. Келісуге болады. Бірақ бұдан мәселе жеңілдемейді және оның көкейкестілігі де азаймайды. Тағы бiр сипатты атаған дұрыс болар: бұл — шығармашылық «асарға» қатысушылардың пассионарлық күйі, яғни зерттеушілердің өз ісіне деген құмарлықтары мен құлшыныстарының басымдығы. Мұның астарына үңілетін болсақ, толеранттық мәдениет пен пассионарлық мәдениеттің ұштасуын көреміз. Мұны тіпті ноосфералық мәдениет пен технологиялық мәдениеттің жымдасуы десе де болады. Қайталап айтамыз, пассионарлық энергия дегеніміз тірі этностың немесе халықтың биологиялық күш-қуаты. Онсыз ешқандай да қамалдарды алу мүмкін емес.

Пассионарлық мәдениет — бұл этностың немесе оның жеке топтарының бойындағы күш-қуатты қажетті деңгейде ұстап тұруға бағытталған түрлі технологиялардың жиынтығы. Демек, бұл тетіктің көмегімен пассионарлық күш-қуатты бәсеңдетуге немесе көтеруге болады. Басқаша айтқанда, бұл халықтың энергетикасын басқару технологиясы...

Бұл қазір қиял-ғажайып секілді болып көрінуі де мүмкін. Бірақ түптің-түбінде адамдардың пассионарлық дүмпулерді қабылдау қабілеті дамитын болса, оның нәтижесінде қоғамның тарихи даму бағыты өзгереді немесе жылдамдайды. Өз кезегінде бұл өркениет пен биосфераның эволюциясына, дәлірек айтқанда, коэволюциялық даму баспалдағына шығуға жол ашады...

Ноосфералық мәдениет білім мен ғылымға ерекше мән беретін болады. Өйткені білім мен ғылым тұрақты дамудың ең басты кілтіне айналатындықтан, олар адамдардың сана-сезімінің тез жетілуіне, ақыл-парасатының кемелденуіне, тәжірибелерінің молаюына және ең бастысы тәрбиелі де тәлімді, ноосфералық мәдениетке лайық, толыққанды азамат болып қалыптасуына өлшеусіз әсерін тигізетін болады.

Ол үшін, асыл тастан, ақыл жастан, демекші, ең алдымен талантты жастардың (оның ішінде ғылымның барлық салалары бойынша жүргізілетін халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары да бар) қолына білім мен ғылымның мұхитынан тікелей сусындауға мүмкіндік беретін «есіктердің» кілтін ұстату керек. Қуанышқа орай, бүгінгі жаһандану заманында ондай мүмкіндіктер жетіп артылады. Мәселен, Интернеттің әлемдік ғаламторында Батыс әлемінің «Web of Knowledge», «Web of Science», «Google Scholar» немесе Ресейдің «eLibrary» секілді (кейбірі тегін, кейбірі ақылы) ғылым мен білім порталдары тұр. Жинақтап айтар болсақ, аталмыш ғаламторлардан әлемнің 45 тілінде жарық көретін, ғылым мен өнердің барлық саласын қамтитын, он мыңдап саналатын ғылыми журналдар мен миллиондап саналатын ғылыми мақалаларды және оларға жазылған рецензияларды да тауып алуға болады. Мәселе, ғылымға бөлініп жатқан қомақты қаржының қажетті бөлігін әлгі порталдарға қарай бұрып, тек Ұлттық кітапханалар мен Ұлттық университеттер ғана емес, кез келген жоғары және орта оқу орындары мен мектептерде электрондық кітапханалар ашып, ашып қана қоймай, оларды аталмыш порталдарға қосу қажет. Сонымен қатар елімізде ғылым заңының негізінде ашылатын зерттеу университеттерімен қоян-қолтық жұмыс жасап, озық идеяларды тауарға айналдыратын бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді және сайнспарктерді және оларсыз өмір сүре алмайтын кіші, орта және ірі өндіріс ошақтарын тез қалыптастырсақ, Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы мемлекетке айналуы жақын болашақтың ісі болады...».


Информация о работе Толерантыық