Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:36, реферат

Описание работы

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз.

Файлы: 1 файл

referat-kz-jeke-tulga.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

              Күні бүгінге дейін өз маңызын  жоғалтпай келген сондай дәстүрлі  қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу.

              «Киіз басу өнері адамзат өмірінде  сонау көне заманнан бері белгілі.  Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жерінде Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.

              ...Киіз үйдің сыртқы формасы  сол қола дәуірдегі тас үйлерден  алынып, жылдан жылға практикалық  жағынан күрделеніп байытыла  келе біздің уақытқа дейін жеткен.

              ...Оюланып киіз басу өнерімен  басқа халықтардың да айналысқаны  белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері Қазақстан аумағының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.

              ...Халық өмірімен бірге жасасып,  біте қайнаған қазақтың киіз  басу өнері әлі өз маңызын  жойған жоқ. әдемі ойылған өрнекті  текемет пен армақтар ауыл  және қала уйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп, жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемдігімен жоғары бағалануда» (жүннен жасалатын бұйымдар.17 – 18)

              Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – текемет, сырмақ, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, сондай – ақ киім – кешектерді, қабырғаларды т. б. заттарды безендіруде қолданылады. Онда өрнек элементтерінің ырғағы қайталанып, симметриялы орналасады.

              Киіз басу ісімен қазақ халқы  өте ертеден таныс. Ғасырлар  бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен киіз басу тнхнологиясын әбден меңгерген. Қазіргі заманғы киіз басу процестері де соған ұқсас, тек бұрын қолмен атқарылған жұмыстар бүгінгі күні механикаландырылған.

             

             

              1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

             Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім.

              Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер  – айналадағы ортамен өнермен,  еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы  өнердің әлеуметтік – тәрбиелік  рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруден, өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.

              Қазақ халқы сонау ерте заманнан  – ақ күнделікті еңбек қызметінде  өзінің қолданбалы өнерін дамытып  отырды. Көркемдік талғам мен  талапқа сәйкес олардың, отбасының, жеке бастың, тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыру, айырбас сауда жасау үшін ең қажетті заттарды дайындады. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал шаруашылығы өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдар қызметін атқарды. Міне осының бәрін жасайтын көріп, көңіліне тоқып өскен бала бірте – бірте бұл өнердің қыр – сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға шейін айтарлықтай тәжірибе жинақтайды.(Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім 1995 ж. 123 – 227 бб)

              Жас ұрпақтың рухани – эстетикалық дамуын қамтамазыз ету, негізінен, көркемөнер түрлері арқылы (әдебиет, музыка, бейнелеу, қолөнер және т. б.) білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады. Қандай болсын өнер түрі қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынастарының қалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

              Жеке тұлғаның эстетикалық, рухани дамуына, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына көркем өнердің зор ықпалы туралы теориялық мағлұматтар, сонау ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон) философиялық, эстетикалық ой – пікірінен, қайта өрлеу дәуіріндегі - өнерді, нақтылы шындықты түсінуге, тануға жетелейтін ғылым дәрежесіне көтерген (Леонардо, Альберто, Дюрер, т. б.) өнер алыптарының трактаттарынан, өнердің әлеуметтік қызметін айқындай отырып, оның саяси – адамгершілік сипатын ашып көрсеткен француз ағартушыларының (Вольтер, Дидро, Руссо) эстетикалық еңбектерінен және бұдан кейінгілердің (Кант, Гегель) философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады.

              Бұл саладағы ой – пікірлердің әрі қарай дамуына Н. А. Добралюбов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Д. Ушинский сияқты орыс демократ жазушаларының қосқан үлесі мол болды. Әсіресе В. Г. Белинскийдің жеке тұлғаның сезімталдығын, қиял өрісін дамытудағы өнер туындыларының белсенді әсері мен ықпалы туралы тұжырымдады және оның өнерге тәрбиелеудің ерте жастан басталуын қажет деп санауы – жалпы эстетикалық тәрбие  теориясы үшін бағалы пікір.

              А. В. Луначарский сөзімен айтқанда, өнерайналасындағыларға сезімдік  жағынан әсер етеді. «Ол өткенді, болашақты түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге мәжбүр етеді, сондықтан, егер біз бұл үшін өзімізге лайықты болып табылатын элементтерді көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалана алсақ, онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын және орасан зор тәрбиелік маңызы бар өз өнерімізді дамытуды қалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен. (Луначарский А. В. О народном образовании – М.: АПН ССФСР, 1958. 559 бб)

              Қазақтың көркем – эстетикалық дәстүрлер үлгісін жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді педагогикалық құрал ретінде пайдалану мәселелерін Е. Асылханов, Қ. Әмірғазин, Б. Әлмұхамбетов, М. Болатпаев, Ж. Балкенов, Б. Б. Байжігітов, Қ. Болатпаев, Е. Ералин, Е. Сағындықов, О. Сатқанов, С. А. Ұзақбаева сияқты педагог ғалымдардың арнайы, зерттеу жұмыстарында қарастырылады.

              Жас жеткіншектерде өнер арқылы көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беру жүйесінің халық педогогикасының үлгілерімен ұштастығы, сабақтастығы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының тұжырымдық негіздерін С. А. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», «Өміршең өнер өрісі», «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері» атты еңбектерінен көруге болады. Халық мұрасын пайдалануда балаларға сәндік қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие бер мәселесі жан жақты қарастырылған.

              Ұзақпаева өзінің «Тамыры терең  тәрбие» атты кітабында балалар  мен жастарға эстетикалық тәрбие  берудің мүмкіндіктерін қарастыра  келіп, халықтық педагогиканың  тамаша идеялары мен дәстүрін  сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы мен қолданбалы өнері айырықша рөл атқарады деді. Ол «қолөнер арқылы тұлғаның адамгершілік қасиеттерін /қайырымдылық, мейірімділік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілігін, ұлттық намыс, ата – баба дәуіріне сыйласты көзқарас, ұлттық өнерді құрметеу, сақтау т.б./, психалогиялық – эмоциялық қасиеттерін /болмыстығы, қуанышы, сүйіспеншілік сезімінен қабылдау, байыптау, елестеу, еске сақтау, ойлау т. б./ өнердегі / табиғаттағы әдемілікті, сұлулықты талғаммен, жылы сезіммен қабылдау, ләззат алу, әсерлену, эстетикалық тұрғада баға беру т. б./, қалыптастырады. Олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отыр» - деп тұжырымдайды.

 

              Жас ұрпаққа көркемөнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер саласындағы шығармашылық іс - әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүріне деген эстетикалық көзқарасын  қалыптастыру, қазіргі кездегі балабақшадан бастап орта мектеп, білім беру жүйесінің барлық саласындағы имандылық – эстетикалық тәрбиенің негізгі де басты міндеттерінің бірі болып табылады.

              Адамдардың сыртқы тұла болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, жасаған өнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдарынан, киім үлгілерінен әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері, дүниетанымын, эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт – дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибеде белгілерін көрсетуге болады.

              Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары сан – алуан. Әр өнер жанрларының адам, сезіміне, санасына, ой - өрісіне ықпал жасайтын өзінік бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің бір түрі – қолөнері.

             Жан – жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймаутов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш «Психология»/1926/ «Жан жүйесі және өнер таңдау» /1926/ атты еңбектердің авторы болды. Ол адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін яғни, сурет салу, ән – күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. (Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы. Жазушы. , 1989 – 269. 15 бб)

             Балалар мен жастарды қолөнердің  белгілі бір саласына үйрету  туралы идеялар қазақ халқының ауызекі шығармаларында ерекше орын алған. Мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілерінде тегін, кесте өнерін жетік меңгерген қыздар, олардың ісмерлігі, жасаған заттары жайлы әңгімеленеді. Қыздардың қолынан шыққан заттар өзінің нәөіктілігі, көркем өнерлілігі, бояуының жарасымды үйлесімділігімен көзге түседі, халық арасында өте жоғары бағаланаты да сондықтан.

              мысалы, «Ермек» деген ертегіде Ермек деген кісінің өз қызын білгілі шеберге тігін ісіне үйренуге бергені туралы айтылса, оның жіп мата сатып алып, өрнек, кесте, киім тігіп үйренгені, еңбектің нәтижесінде үлкен шеберлікке жеткені, тіпті оның шеберлігіне тең келетін адамның болмағаны туралы айтылады.

              Ал «ақылды етікші» ертегісінде етікшінің тіккен етігінің әдемілігі, өзінің ақылдылығы, еңбекқорлығы суреттелсе, «Өнеге» ертегісінде ханның әдемі әшекейлі кілемдер тоқи білу оның тіпті өлімнен аман қалуына себепші болды.

              Қазақ халықтық халық педагогикасында білімді, қолөнер саласын жетік меңгерген, эстетикалық талғамы жоғары, «өнеріне қарай - өрнегі» байқалып тұратын шеберадамды «бармағынан бал тамған» деп жоғары бағалаған. Оларды халық өздерінің ұл мен қыздарына үлгі - өнеге етіп отырған. Мұндай жетістікке адам тек қолөнер кәсібінің құпиясын, қыр – сырын меңгергенде ғана жететінін де санаға сіңіріп отырған.(Ұзақпаева )

              «Қазіргі заманымыз - өнердің  өзегі. Осыған орай адам өнердіәдеміліктің  заңы бойынша жасайды», - деген Маркс қағидасынан туатын басты міндет – адамды жан – жақты, жарасымды етіп жетілдіру жаңа адамның, ертеңгі жаңа қоғамның ізгілікті мұратын орнықтыру болып табылады.

              Қоғамдағы халықтық мәдениет  саласындағы қажеттіктері артқан сайын, өнердің адам баласына тәрбиелік қызметі артып отырады. Ондағы өнердің басты мақсаты - әдемілікті адам өміріне баянды ету.

              «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», - деп Абай айтқандай, «Қашаннан қалыптасқан халық ұғымы бойынша өнер ақылдың, дарынның белгісі болып табылған».

              «Өнер – бәлім бар жұрттар

              Тастан сарай салғызады.

              Айшылық алыс жерлерден, 

              Көзіңді ашып – жұмғанша,

              Жылдам хабар алғызады.

              Жаңа өспірім остарым,

              Қатарың кетті – ау алысқа  – ай,

              Ұмтылыңыз қалыспай!

              Біз надан боп өсірдік

              Иектегі сақалды,

              «Өнер – жігіт көркі» деп 

              Ескермедік мақалды…

              Біз болмасақ, сіз барсыз,

              Үміт еткен достарым;

              Сіздерге бердім батамды!»… - деген  ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің  өсиет өлеңдері мен

               «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер  шашпақ;

              Наданның көзін қойып, көңіл  ашпақ.

              Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

              Думан – сауық ойда жоқ әуел  бастан – ақ»,- деген ұлы ағартушы  Абайдың жыр жолдары өнердің  құдіретін бізге өнеге өнердің  құдіретін бізге өнеге ретінде  ұстанып, өз отандастарын, соның  ішінде жастарды тәрбиелеуді мақсат тұтқандарын ерекше бағалаймыз. Олардың бұл өсиеттері бізге бүгінде баға детпес рухани эстетикалық құндвлық болып табылады.

              Жалпы халықтық көркемөнер саласындағы  парасатты мәдени дәстүрлері  қоғамның және жеке тұлғаның рухани эстетикалық дамуына сонымен бірге, қазіргі заманғы кәсіби өнер саласында тиімді пайдалану мәселелері бұрынғы одақ көлемінде жүктелген көптеген арнайы ғылыми зерттеулердің мазмұнына арқау болып келеді /А. Асанов, К. Н. Долгов,           Б. Р.Казыханова, т.б)

              Өнердің барлық түрі өзіне  тән бейнелі тілі, тәсілдерімен  әсемдік әлемін ашып көрсете  отырып, адам сезіміне әсер ететіні  мәлім. Қолданбалы өнерге тән  ерекшеліктер – айналадағы ортамен,  өмірмен, еңбекпен тығыз болуы.  Қолданбалы өнердің әлеуметтік - тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрмен сабақтастығынан көрінеді» - деп өнердің мәні мен маңызына тоқталады. (Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. Алматы:Білім – 1995, 227 – 123)

Информация о работе Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері