Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 06:11, дипломная работа
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі
әдебиет. А., «Ана тілі», 1992.
Мағауин М. Қобыз сарыны. А., «Жазушы», 1968.
Негимов С. Шешендік өнер. А., «Ана тілі»,
1997.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
А., «Санат», 1997.
Сүйіншәлиев Х. 8-18 ғасырлардағы қазақ
әдебиеті. А., «Мектеп». 1989
Жумалиев Қ. XVIII - XIX ғасыр Қазақ әдебиеті.
А, «Мектеп», 1987 ж.
Сүйіншіәлиев Х. XVIII - XIX ғасырдағы Қазақ
әдебиеті А, «Мектеп», 1987 ж.
Сабақтың тақырыбы:
Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар
поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны
туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп,
пысықтайды, толықтырады;
2. Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп, сауатты,
нақышына келтіріп оқи білуге баулиды,
танымдық деңгейін көтереді, ой-өрісін,
логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық
қабілеттерін жетілдіреді, тірек сызбаларды
қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік
қорды молайтады;
3. Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы
ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып,
адам бойындағы жақсы қасиеттерді, (ақылдылық,
тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру,
отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, теориялық
білімді қайталай отырып, тірек сызбалар
арқылы ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың жабдығы: кестелер,тірек сызбалар,
Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асан қайғының
портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты
қосымша материалдар мен буклеттер, таблицалар,
карточкалар, компьютер, интерактивті
тақта
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен,ұжымдық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Зымыран сұрақтар
(Оқушы сұрайды)
1 Шешендік сөз дегеніміз не?
2 Шешендік сөздерге не жатады?
3 Қазақтың шешендерін атаңдар.
4 Төле би кім ?
5 Төле би қай кезде өмір сүрген?
6 «Не тәтті ?» әңгімесін кім мазмұндайды?
3)Жаңа сабақ: Сабаққа дайындықтарын бақылау;
v Атақты қазақ билерін атаңдаршы
?
v Олар қай ғасырда өмір сүрген?
v Балалар, биыл қай жыл?
v Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз?
v Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?
4) Жаңа сабақты бастамас бұрын ең алдымен
мына түсініктерге назар аударайық:
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде
ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар
поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау
өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі,
жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет,
насихаттық тұрғыда ой-қозғайды.
5) Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестерін құрып,
сөйлем құру )
6) Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге
жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс (Мәтіннің абзацтарын кезекпен
оқыту)
Сұрақтар қою.
7) Мәтін бойынша түсінгенімізді қайталайық:
● жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып
айтатын, суырып салма ақындық қасиет
пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын
дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй
дана, ойшыл адамдар
● Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген
эпостық жырларды жатқа білетін, дайын
репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның
не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен,
әнмен айтады.
● «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген
сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын
ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан.
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері:
Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз,
Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді,
Бұқар және т.б
● Шалкиіз жырау - қазақ әдебиетіндегі
тарихындағы жыраулық поэзияның атасы
болып саналады.
8) Осы мәтін негізінде мына тірек сызба
бойынша әңгімелеу.
9) «Ой толғаныс»
Осы жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан
қандай ерекшелігі бар? Венн диаграммасын
құрастыру
10) «Поэзия» стратегиясы. Жыраулар поэзиясында
синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне,
ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз
емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар
да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында
терең философиялық ойды бейнелеу үшін
өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа
орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете
білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана
отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын
күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы
олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне
ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей
түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, –
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын
ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап
сөйлеткен.
11) Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда
не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы,
бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар
едім)
12) Шығармашылық жұмыс: Осыған орай үйге
сендерге үй тапсырмасы берілген болатын.
Кез келген бір әріпті сөйлете білу. Кім
дайындап әкелді?
13) Грамматикалық тапсырма. Мақсаты: кітаппен
жұмыс істей отырып, түбірлес сөздерді
табу (флипчарттта)
Жыр, жырау,жыршы, жырлау
Ел, елдік, елші
Ой, ойшыл, ойлану
14)Қосымша материал:
Мына кестеде жыраулар туралы қосымша
мәлімет берілген. Оны дәптерлеріңе көшіріп
жазыңдар. Кім оқиды ?
Осы кестені дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Жыраулар Өмірдерек Еңбектері Тақырыптары
1. Асан қайғының шын аты – Хасан Сәбитұлы,
ірі жырау, би, «Желмая түйесі болған. 1361
жылы Еділ бойында туған. Әкесі Сәбит –
саятшы. Керей және Жәнібек хандарды жақтаған.
1485-1470 жылы Сарыарқа Ұлытауда қайтыс болған.
«Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық
бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас»,
«Бұл заманда не ғаріп». Адамгершілік
қасиеттері, елдің бірлігі, татулығы.
Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік
қасиеттері.
2. Қазтуған Сүйіншіұлы. Қол бастаған батыр,
ел басқарған би. 1420 жылдары Еділ бойында,
Астрахань облысында дүниеге келген. 1460-1480
жылы Қазақ Ордасы құрамына енеді. Жыраудың
бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған.
«Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт»,
«Қайран менің Еділім». Халықтың ерлігі,
бірлігі, адамгершілік қасиеттері.
3. Бұқар жырау 1668 жылы Павлодар облысының
Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман
батыр 1781 жыл Баянауылда Долба тауында
дүние салған. «Тілек», «Жиырма деген»,
«Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы»,
«Жар басына қонбаңыз». Елін, жерін қорғаған
батырлар, ел басқарған хандар туралы.
15) Тест сұрақтарына жауап беру
1-нұсқа
1. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа
в) жазбаша
с) көркем
д) қара
е) қаратпа
2.Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
3. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды
?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
5.Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай
в) Төле би,
Қазыбек би,
Әйтеке би
с)Абай
д) Мұхтар
е) Ыбырай
6.«Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең
мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды д)ұрысқа,
соғысқа е) патриоты
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап
өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
8. «Өсиет » сөзініңі аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
9. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар
с) сөздер д) түйіндер е) әндер
10) Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз
е)Жиембет
2-нұсқа
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды
?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар
с) сөздер д) түйіндер е) әндер
3. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа в) жазбаша с) көркем д) қара е)
қаратпа
4. Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз
е)Жиембет
5. «Насихаттау » сөзінің аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
6. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
7. Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
8. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап
өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
9. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды
в) данышпан адамды
с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел
ақынды
д) ұрысқа, соғысқа
е) патриоты
10. Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
би с)Абай д) Мұхтар е) Ыбырай
16) «Ой қорыту стратегиясы» – өткенді
тұжырымдап қорыту.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия)
17) Ұлы адамдардың стратегиясы:
● Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ
қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық»
жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге
халықты қоныстандырсам деп армандаған.
Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер
философы» деп атаған.
● 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке,
бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл
айтқан, батыр, ел басқарған би болған.
Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын
тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады
деп сенемін.
● 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла!
Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен
кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар
жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар,үлкендерді
құрметтеп, кішіге қамқор болайық
18). Үйге тапсырма беру. Жыраулар туралы
мәлімет жинау.
19). Бағалау.
20) Қоштасу.
Лекция мақсаты:
- қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою;
-
қазақ хандығы тұсындағы
хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттерін көрсету.
Сұрақтар:
ХV-ХVІІІ
ғғ. қазақ әдебиеті Алтын Орданың
ыдырап, қазақ хандығының өмір сүрген
дәуірін қамтиды. Қазақ хандығының
өзінен бұрынғы мемлекеттік
Қазақ ұлтының дербес ел болу жолында Керей, Жәнібек хандардың орны ерекше болды. (Олардың өмірі мен қызметі, тарихи деректер, Жәнібектің «Әз» аталуы, орталықтанған мемлекет құру жолындағы ізденістері).
Алаш тарихында 1723 жылы болған «ақтабан-шұбырынды» кезеңінің тарихи мәні бар. Бұланты, Аңырақай, Орбұлақ шайқастары, Жоңғар басқыншылығы, қазақ босқыны көптеген әдеби шығармалардың тууына себепші болды. «Елім-ай» әні қазақ халқының ұранына айналды. (Таһир, Хақназар хандардың саясаты, 1726 ж. Ордабасы құрылтайы, Әбілхайырдың хан сайлануы, Тәуке хан және «Жеті жарғы», қазақ билері мен батырлары).
Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірі үшін Түркістан, Тараз, Мерке, Сайрам, Сауран, Созақ т.б. көне қалалардағы мешіт- медреселердің, кітапханалардың маңызы зор еді.
ХV-ХVІІІ
ғғ. қазақ халқының әдеби-рухани әлемі
кемелденіп, үлкен қарқынмен дамыды.
Бұл кезеңдер аралығындағы қоғамдық-әлеуметтік
өмірдегі оқиға, өзгерістердің барлығы
ақын-жыраулар шығармашылығынан көрініс
тапты. Ақын, жырау, жыршы ұғымдары қалыптасып,
әрқайсысы өзіндік
Ұлттық сөз өнеріндегі жыраулар поэзиясын, яғни жыраулық өнердің түрі мен тегін, дәстүрлі арналарын, даму өзгешеліктерін, көркемдік негіздерін, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік орны, мұра-мирастары туралы Ш.Уалиханов, В.Радлов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеп, түйін-тұжырымдар жасаған.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Әдебиет:
Абылқасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. А.,1984
Әбілқасымов
Б. ХVІІ-ХVІІІ ғғ.қазақ әдеби
Абусеитова М. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А., 1985.
Антология казахской поэзии. М., 1958.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959; Әдебиет тарихы. А., 1991.
Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961.
Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. А., 1993.
Басин В.Я. Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. А., 1974.
1. Бұқар жыраудың тәлім- (1668-1781)
ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда
Жоңғар шапқыншылығы кезінде
Бұқар жырау халқымен бірге
халқының басына туған ауыр
қиыншылықты басынан кешірді,
бірақ ол үмітін үзген жоқ,
өз отанын шетел Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Ер шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа, - деп
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Қазақ даласында бейбіт өмір
болуын, Бұқардың авйтуынша, халық
пен ел билеген хандардың
Ақын халықтың тыныштығының
Жан біткен еріп соңынан
Он сан алаш баласын,
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып тағы ергізіп, Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді.
Ру арасындағы тартыс Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді.
Бұқар жырау жақсы мен
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хан болмас,
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас,
- деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
жастардың арасында кеңінен
Бұқар жыраудың
Кейбір өлеңдерінде Абылайды
асыра мадақтайды, сонымен қатар
Бұқар жыраудың өлеңдерінің
Жыраудың көптеген афоризмдері
мен өрнекті өлең жолдары Бұқар жыраудың:
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді, - деген
аталы нақыл-афоризмге
2. Дулат Бабатайұлының тәлімдік-ағартушылық көзқарасы. (1802-1884).
Қазақ топырағында ағартушылық
көзқарастың өзіндік Өкілдері Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) болды.
Тоталитарлық тәртіп кезінде
оларды патриархалдық өмірді
көксеуші, Ресейге қарсы болған
керітартпа идеология, «Зар
Дулат Қазақстан жеріне еніп
жатқан тауарлы-ақша
Қайран қазақ қайтейін, Мынау азған заманда Қарасы-антқыр, ханы-арам,
Батыры көксер басы аман, Бәйбіше-тантық, бай сараң Бозбаласы – бошалаң
Қырсыға туды қыз балаң
Ебі, кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам?
Сонымен Дулат патшалық Ресей
тәртібін әшкерелеумен қатар,
қазақ елінің азғындауын Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арамза малда, хан шықты
Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер аты жоқ
Ақша деген мал шықты.
Дулат пен Шортанбай бірінің
ойын бірі осылай толықтырып,
жалғастырған болса, дәл осы
қоғамдық ойдың екінші жағын
Мұрат жырау былай толғап, елді
азаттық күреске шақыру
Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны, Ойдағысы болғаны.
Демек, біз «Зар заман»
Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдың
екінші жартысында ұлттық
Дулат еңбектерінде адамдардың
адамгершілік құндылықтарының Дулаттың «Сүлейменге» деген толғауында: Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса, Төре деме төрені,
Ел тілегін таппаса, - деп, батырлардың
ел, отан алдындағы борышын ақтау
қажеттігін, елін, жерін қорғаудағы
ролін жоғары бағалай келіп,
төреліктің, би мен бектің міндеті
елін қорғай білу, кездескен қиындықты
жеңе білу туралы Дулат
Би мен бектің сәні жоқ. Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса, Ыстығына күймесе, Суығына тоңбаса,
Батырлықтың сәні жоқ,-деп ел
билеген билер мен бектердің
ел қорғауда кездескен
Дулат шығармаларында әкенің
балаға аманаты, ақыл-кеңесі
…Балам саған айтқаным:
Даңғыланбай шаруа жи, Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп көрме сый,
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе ләпсің тый.
Әкеңнің айтқан аз сөзін Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп құй, - деп Дулат кейінгі ұрпаққа үлгі-
|
Жыраулық, жыршылық өнер
|
Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін, оғыздардың ұлы озаны Қорқыт Ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды.[1][2]
Жыраулар поэзиясы мен ақындар айтысының рухани сабақтастығы
Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға құрылған тегеуренді сөздері ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұрасына мазұмындық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін тигізді.
Жырауға тән кең таныс, үлкен
пафосты тілейтін жырларды Сүйінбай,
Жамбыл, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас,
Бақтыбай, Әсет, Кемпірбай т.б. ақындардың
айтысынан байқаймыз. Төкпелете
жыр төгіп, ұзағынан толғау, сүре айтыстарда
жиі кездеседі. Жыраулар поэзиясына
тән бұл сипат ақындар
молынан ұштастыруға болады. Мысалы, Сарбас пен Жамбыл айтысында, Сарбас ақынның мына бір толғамдары жыраулық дәстүр сарынын еске түсіреді:
«....Ерегіспе менімен –
Езіледі алқымың.
Ерегіссең менімен
Ісім түссін сенімен.
Тілімді алсаң қор болмай
Жүре бергін жолыңмен.
Енді не деп айтасың,
Алдырмаймын қайтесің?
Алатұғын жеріңді айт,
Ішіңдегі шеріңді айт,
Кешпейтұғын жөніңді айт,
Жеңе тұғын еліңді айт!
Ат жүздіріп келемін
Айдын шалқар көліме....» [1-223-224]