Адам калпында калыныз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:21, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Социология"

Файлы: 1 файл

ашык сабак.pptx

— 4.18 Мб (Скачать файл)

  
Адам қалпында қалыңыз...

 

Адам қалпында қалыңыз...

      Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы  
Адамгершілікке тәрбиелеу                 құралы —  
еңбек пен ата-ана үлгісі  
Ыбырай Алтынсарин  

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

=

 

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік- адамның асыл қасиеті.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі.


Информация о работе Адам калпында калыныз