Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде қалыптасуы мен Еуропадағы қауымдық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
-қайырымдылықтың қоғамдық мәнін ашу
-зерттеудің теориялық-әдіснамаларын қарастыру
-мемлекеттердегі қайырымдылық пен қауымдық көмектің қандай дәрежеде
болғанын білу.
-ертедегі қауымдық және әлеуметтік көмектің адамдарға таралу жолдарымен
көмектердің ұйымдастырылу деңгейін анықтау.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 67.20 Кб (Скачать файл)

 

                                               Кіріспе

 Қайырымдылық іс-әрекеті әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік экономикада қарым-қатынас негізі болып,жүйелі түрде материалдық көмек және материалдық емес рухани көмекті беруді қамтиды.Қайырымдылық ол ежелден дамыған адамдарға жан ашырлық көрсету болып табылған. Мемлекеттерде қайырымдылық әр түрде дамып оның жүйелері де әр түрлі болып келеді. Қоғам адамдарды бір бірін суюмен,құрметтеумен көрінеді.Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан беріқарай атақты ірі ойшыл ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан-жақты сөз болып, зерттеліп келуде. Осы қайырымдылық проблемасының өзіндік тарихы, зерттелу принциптері мен теориялары бар.Қайырымдылықтың бастауы адамдарға көмек берумен жалғасып,Еуропа мемлекеттеріндегі қауымдық көмектің пайда болып,адамдарға көмектесумен айқындалған.Қауымдық көмек көбінесе рулар арасында кең тараған.Олардың негізгі көмектері жетімдерге,қарттарға көмек көрсету болып табылған.Қазіргі кезде кежейлерге.жетімдерге қолдау көрсететін,олармен тіл табыса алатын әлеуметтік жұмыскерлер қоғамды көркейтуде.

 Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет дамуының негізі оның халқының әлеуметтік жағдайының жоғары болуымен бағаланады. Ал әлеуметтік даму тікелей қайырымдылық қызметтеріне жататындықтан, оның мемлекеттік жүйесін қарастыру өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты -қоғамдағы қайырымдылықтың мемлекетте қалыптасуы мен Еуропа мемлекеттерінде қауымдық көмектің ұйымдасу деңгейін ерекшеліктерін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-қайырымдылықтың қоғамдық мәнін ашу

-зерттеудің теориялық-әдіснамаларын қарастыру

-мемлекеттердегі қайырымдылық пен қауымдық көмектің қандай дәрежеде

болғанын білу.

-ертедегі қауымдық және әлеуметтік көмектің адамдарға таралу жолдарымен

көмектердің ұйымдастырылу деңгейін  анықтау.

Курстық жұмыстың пәні.Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамда орнығуы.

Курстық жұмыстың объектісі. Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесі мен Еуропа елдеріндегі қауымдық көмек.

 

 

 

 

 

 

 

    I.Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде   қалыптасуы.

               

                  1.1Қайырымдылықтың даму алғы  шарттары.

    Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлықжандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау).

Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге үмтылу).

Қайырымдылық іс-әрекет –  ерікті іс-әрекет. Оған ақысыз-пұлсыз көмек көрсетудің түрлері жатады. Мысалы, ғылымның белгілі – бір саласын дамыту мақсатында, жекелеген өнер адамдарына көмек көрсету үшін өз қалтасынан көмек көрсету жатады сол сияқты өз қаражатына ауруханалар, түрлі интернат үйлерін ашып, ақысыз-пұлсыз көмек көрсету.

Қайырымдылық  іс-әрекеттің мақсаты - әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықты, түрлі саяси т.б. Шиеленістердің зардап шегушілерді қорғау, ана

құбылыс – мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлінің  маңыздылығын қалыптастыру.

Қайырымдылық  құбылысы – социология ғылымының бір саласы. Ол қала өмірімен де, бос уақытты тиімді пайдаланумен де, қылмыстық істермен де тығыз байланысты. Социология ғылымының негізгі объектісі – қайырымдылықтың қоғамдағы дамуы, орны, рөлі, мәні мен мазмұны және өзінің актуалдығын жоймаған құбылыс – қайырымдылық. Яғни, қайырымдылық қоғамның, әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мінез-құлық нормасына айналу процессін зерттейді.Қайырымдылық проблемасының өзіндік тарихы,зерттелу принциптері мен теориялары бар..Ертедегі ғалымдар Платон ,Аристотелъ қайырымдылықты қоғамдық пайда контекстінде  қарастырған.Олардың айтуынша қайырымдылық бұл-жеке адамның емес ,мемлекеттің ісі болып табылады.Қайрымдылықтың теориясы  мен практикасының болашақта дамуын Римдік католик шіркеулер қолға алған. XVII ғасырда шіркеудің позициясы жойыла бастады,қайрымдылық қайтадан мемлекеттің құрамына енді.Азаматтық қоғам өзінің міндеттеріне барлық адамдарға көмек көрсетуді мойнына алды.Қайрымдылық әлеуметтік феномен ретінде әртүрлі нысандарға қайыр садақа беруден қоғамдағы адамдарға қамқор болуға ,әрі қарай әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырылған мемлекеттік жүйесін қамтыды.Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де корініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.-қайырымдылық - ауқатсыз азаматтарға немесе заңи тұлғаларға мүлік, соның ішінде ақшалай қаражат нысанында, сондай-ақ бейкоммерциялық ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен тегін әлеуметтік қолдау (көмек) көрсету.Біреуге жақсылық жасау,жан-жануарларға,табиғатқа қамқорлық жасау-қайырымдылқтың көрінісі.Рақымды мейірімді  жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейміз.Қайырымдылықты-мүсіркеушілік  және жарылқаушылық  деп те түсінуге болады.Ол кедей көпшік,жарлы жақыбай  жандарға көмектесумен,қайыр садақа  берумен де көрініс табады.

   Қайырымдылықтың  дамуына Ресейдің христиан дінін  қабылдауы игі әсер етті. Өйткені  христиан дінінің басты тағылымы  жақын адамға жақсылық жасау.  Шіркеулердің маңында қайыршылар  мен кедейлерге арнап тұрғылықты  жерлер ұйымдастырылып отырды. Оларға  баспана, азық-түлік және медициналық  көмек көрсетілді. Жүзжылдықтар  бойы орыс халқының қайырымды  істері шіркеуер маңында орын  алып, христиандықтардың рақымшылығына  байланысты болды. 

Уақыт өте келе кедейшілік одан әрі ұлғая берді. Соғыстың, көшпенділер  шапқыншылығының, су тасқындарының, эпидемиялардың құрбандары ірі қалаларға ағылып, қайыршылар мен панасыздардың қатарын  толтырып отырды. Соның салдарынан қайыршылардың қатары кеңейіп, олардың  қоныстанған жерлері қылмыс, ауру, маскүнемдіктің ортасына айналды. Олар жұмысқа жарамды бола тұрып, өзінің қайыршылығын тек тіршілік көзіне ғана емес, сонымен бірге табысқа айналдырып алды.

ХVІІ ғасырда кедейшілікпен  күрес бірқатар алға жылжыды –  оған мемлекет араласа бастады.

Қайырымдылық  әлеуметтік жұмыстың алғы шарты ретінде-Кедейлерге көмек көрсету-ежелгі тарихқа ие дүние.Әлеуметтік қамту процесіндегі идеялар мен бағалаулар бүгінде қолданылады.Бұрынғы кезде религиялық дактринада келісе отырып әртүрлі дәстүрлерді ұстана отырып бай болсын,кедей болсын тең дәрежеде қолдан келгенше қорқытып емес ,махаббатпен көмек беруді үйренді.Рақымшылдық парызы-барлық уидеохристиан өкілдерінің тұрақты принципі болып табылады.Олардың түсінігінше Алла жаратқан  әрбір адамға рақым көрсету парыз.Бұл түсінік батыс адамдарына адамгершілікті ұйымдастыру мен негіздеуге себепші болды.Қайрымдылық ұйымдарында бірінші мәселе  тұрғын үй мәселесі,содан соң жұмыс орын шарттары негізде болды.Қайырымдылық бір мезгілдік қана саясат болып отырған жоқ, ол мақсатты саясатқа айналуда. Оған кәсіпкерлер мен бизнесмендер өз үлестерін қосуда. Қоғамымызда қайырымдылықтың кең етек алуы нәтижесінде тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың қоғамның әлеуметтік саясатына сенімі молая түсуде. Қайырымдылық қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі қызметтер атқарады. Олар:

1.Байланыс қызметі (коммуникативтік). Елімізде құрылған қайырымдылық ұйымдары мен қорларының қоғамның әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына, зейнеткерлерге, мүгедектерге, тағы басқа көрсеткен көмектері арқасында олармен байланыста болуы.

2.Қоғамдағы әлеуметтік сананы қалыптастыру қызметі. Қайырымдылық ұйымдары мен қорлары мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, еліміздегі білім, ғылым, мәдени орталықтарын, дарынды балаларды қолдап, жеке өнер адамдарының көрмелерін ұйымдастырып өткізуге көмектесу арқылы қоғамда беделге ие болуы.

3.Қайырымдылықтың  әлеуметтік   «есте сақтау» қызметі. Қазақ халқының тереңде жатқан тарихынан тағылым алып, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге шақырып, аталар дәстүрін үйренуге баулу, ұлтаралық үйлесімділік пен жарасымдылықты насихаттау, халықтық мәдениетті жаңғыртуға көмектесу т.б. Қайырымдылық әлеуметтік проблемаларды түгелдей шешіп тастайды деуге болмайды. Бірақ, ол белгілі бір мәселелерді шешуге, адамдардың қоғамның саясатына деген сенімінің артуына, өмірге тез қарқынмен бейімделуіне, жастардың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде қайырымдылық сияқты ұлы қасиеттің   қоғамда алатын орны ерекше.[1]

               2.1Қазақстандағы қайырымдылықтың қалыптасуы.

Бүгінгі күні Қазақстанда  қайырымдылық қорларының, ұйымдарының,ассоциациялардың жүйесі белсенді қалыптасуда, және халықты  әлеуметтік қорғау шараларына олардың  қатысуының активизациясы көрініс  табуда. Республикада қайырымдылық ұйымдары туралы заң әлі де жоқ, алайда қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының белсенді әрекетіне арналған ұйымдастырушылық- құқықтық алғы шарттар бар.Қайырымдылық ұйымдырының, қоғамдық ұйымдарының қайырымдылық әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және мемлекеттің  « Қоғамдық бірлестіктер туралы « (1996 ж.), «Коммерциялық емес ұйымдар туралы« (2001 ж.) заңдары реттеледі. Бұл құжаттарда қоғамдық ұйымдардың әрекет формалары мен олардың мемлекетпен арақатынасы анықталады. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 28 статьясында, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша формаларын  және қайырымдылықтың формаларын құруды қолдайды.

Қазақстан Республикасы «Қоғамдық  бірлестіктер туралы« заңына сәйкес қоғамдық ұйымдарға саяси партиялар, кәсіби одақтар және басқа да республика азаматтарының бірлестіктері жатады. Олар қоғамдық ұйымдардың коммерциялық емес бірлестіктері болып табылады және азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау, патриоттық және гуманистік тәрбиелеу, қайырымдылық әрекетінде қатысу мақсатында құрылады.

Қазақстан Республикасы «  Коммерциялық емес ұйымдар туралы«  заңы, әлеуметтік және қайырымдылық мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың әрекетімен байланыста пайда болатын қатынастарды реттейді. Заң коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдастырушылық құқықтық формаларын, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен мекемелердің және т.с.с. формаларын бекітеді. Мекеме – коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік – мәдени және т.б. функцияларды жүзеге асыруға арналған демеушінің қаржыландыруымен құрылған ұйым. Қор - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа мақсаттарды көздейтін, еркін мүліктік салымдар негізінде азаматтармен немесе жеке тұлғалармен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдардың қалыптасуы мен белсенді әрекетін қолдайды.Оларға салықтық және кедендік льготалар берілуі мүмкін.Қазақстан Республикасының  Конституциясында белгіленгендей,Қазақстан Республикасы  әлеуметтік мемлекет.Яғни мемлекет  өзінің бар мүмкіндігін,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге  міндетті.Бүгінге  дейінгі қол жеткізген табыстарымыз-егемендік,тәуелсіздік бізге  тек қана ілгерілеуге және өркениетке қарай жол ашты.Дербес мемлекетке айналған тұста  біздің Республика  аграрлық ел еды.Енді халықтың  жартысына жуығы  қоныстанған жерлердегі  ұжымшарлар мен  кеншарларға  қажетті  қаржы тауып беруге жас мемлекеттің шамасы келмеген.Содан үкімет  амалсыздан ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарын жекешелендірді.Нәтижесінде жұмыссыздық басталды.Халық әсіресе,жастар үлкен қалаларға  кқше бастады.Қазақ халқында қайрымдылық қанына сіңген .Арғы тегі сақтардан бастау алып ,түркі тілдес тайпалардан бөлініп,қазіргі замаңғы рулы ел,ұялы ұлт болғанша қазақ халқы ең кем  дегенде бес-алты мың жылдық  тарих талқысынан өткен халық.Қайрымдылық  қазақ тіршілігіне түрліше іске асырылып отырған.Әлеуметтік қолдау  ең алдымен халықтың  онсыз өмір сүре алмайтын  тобына мақсатты  әрі нысаналы  сипатта көрсетілуде.Оған дәлел  Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1996 жылы шілдеде Міндетті әлеуметтік сақтандыру  туралы заңын 1997  жылы  маусымда Мүгедектігі бойынша асырауынан айырылу жағдайы және жасына байланысты  берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы  заңы  осы жылдың  20 шы маусымында  Зейнетақымен қамсыздандыру туралы  заңы  және 1997  жылдың 10  шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентінің Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қор құру туралы   жарлығы қабылданып,онда Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрмысы  төмен азаматтарды  қолдау жөнінде,  яғни  әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қаралған.Қазақстан экономикасы  баяу дамығанымен  дұрыс жолмен келеді,оған қолдан келгенше  үлес қосып жатқан қайырымдылық қорлары,шетелдік компаниялар.Ғасырлар бойы ауыл-ауыл,ата-ана,ру-ру болып қауымдаса  тіршілік кешкен  қазақ қоғамындағы  әр ауыл,әр ру белгілі батырлардың беделді билердің  маңында топтасқан.Сол дара тұлға   өзіне паналаған елді  жауға алдырмай,аштыққа ұшыратпай,аман есен  өсіріп өрбітуді  парызы деп санаған.Тәуелсіз  қазақ мемлекетінің жүріп өткен  жолын зерттесек,соңғы жылдар ішінде  қазақстандықтардың  тұтастығын мақсат ете отырып,күш жігерді  нақты экономикалық  және қоғамдық  өмірді жақсаруға бағыттау бет бұрысын байқауға болады.Қазақ халқының  өткені бай.Соңғы жылдары  халқымыздың  өміріндегі   шарықтау  мен құлдырауы қуанышы мен жеңісі  тарихтың  жарқын  беттерінен орын алған тарихи құнарға  бай топырақтан өнікі дәнді баба білу-жалпы өркениеттің  дамуында жаңа белестерге жетудің  алғышарттарын құрары белгілі.[3]Қазақстандағы  қайырымдылық және әлеуметтік бағдарламалар- тек қана экономикалық ынтымақтасу саласында ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саладағы түрлі мемлекеттер арасындағы интеграцияның қажеттілігін растайды. Осы секілді бейресми кездесулер ресми іс-шараларға қарағанда анағұрлым маңыздырақ болатыны бізге мәлім. Біздің елімізде де қайырымдылық жасау қазақ қоғамының тұтасқан бір бөлшегіне айналуы керек. Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамағын елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс біздеде де бар. Мәселен Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі, мөлшерлемені бұданда азайту керек. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған компания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сомма емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олар қайырымдылық істерімен айналысатына сенімдімін. Болашақта біздің билік орындары да осындай деңгейге жетуі керек. Біздің қауымдастық алдағы уақытта осы мәселе бойынша тиісті орындарға өз ұсынысын жасайды.Қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар халықаралық гранттар мен мемлекеттік тарсырысын алуға күш салып жүр. Қауымдастық құрылғанда Алматы қаласындағы 18 қайырымыдық қоры мүше болды. Алдағы уақытта мүшелеріміздің санын арттыруға күш салмақ ойымыз бар. Бұл үшін біздер мүшелікке қабылданған қорлар мен үкіметтік емес ұйымдарға заңдық және бухгалтерлік қызметтерімізді ұсынып, қатарымызға тартатын боламыз. Қоғамдық қорларда көптеген адамдар жұмыс істмейтіні белгілі. Өйткені, олардың көптеген мамандарды ұстап отыруына мүмкіншілігі жоқ. Дәл осындай кезеңде қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың насиахат, заң мен есеп-қисап жұмыстарымен айналысатын қауымдастықтың қажеттігі туындайтыны белгілі. [3]

1.3Әлеуметтiк жұмыс жүйесiндегi қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар.

Қоғамдық және қайырымдылық ұйымының қызметі - қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан оқиғалардың  жауабына жеке азаматтардың, әртүрлі  топтағы адамдардың әлеуметтік ынталарын  білдіру, азаматтардың әлеуметтік қорғау жағдайы, қиын өмірдің оқиғасына душар болғандарға көмектесуге тырысуы болып табылады. Қазіргі уақытта “қайырымдылық” түсінігінің түрлі анықтамалары мен жолдары бар. Бірқатар ғалымдар қайырымдылықты қоғамның, ұйымның, жеке адамның гуманитарлық іс-әрекетінің жиынтығын қосатын жалпы адамдық қозғалыс ретінде қарастырады. Олардың негізінде – тек жақын адамға ғана емес, сонымен қатар бөтен адамға, әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға және көмек қажет ететіндерге тегін материалдық-қаржылық көмек көрсетуге талпыныс жатыр. Басқа зерттеушілердің ойынша бүгінгі күнде қайырымдылықтың екі жақты түсінігі бар. Негізі қайырымдылық түсінігі көмек қажет ететіндердің нақты жағдайына байланысты көмек көрсетуді білдіреді. Әлеуметтік жұмыстың анықтама-сөздігінде қайырымдылық 1-ден, пайдалы жақсылықтың іс-әрекеті мен қасиеті ретінде, яғни басқаларға жақсылық жасау, кедейлерге көмектесу; 2-ден, жеке меншіктің және ұйымдардың (өнеркәсіптердің, фирмалардың, қорлардың және т.б.) қайырымлықтағы кедейлерге материалдық көмек көрсету; 3-ден, өмір деңгейі күн көріс деңгейінен төмен адамдарға мемлекеттік көмек көрсетумен анықталады. Дегенмен, барлық анықтамалардың мәні қайырымдылықты әлеуметтік феномен ретінде ең алдымен, еңбекке деген қабілеттіліктері жоқ адамдардың субъективті және объективті себептерге байланысты өздерін тұрмыстық шарттармен қамтамасыз ете алмағандығымен сипатталады.

Әлемдік тәжірибеде қайырымдылық пен қоғамдық ұйымдары үшінші сектр деген атқа кіреді. Бұл сектр үшін жалпы ұлттық азық-түлікте, мысалы, 4%-ды АҚШ құрайды. Сонымен қатар Батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік емес сектор дамуда. Мемлекет көбіне қайырымдылық ұйымдарды субсидарлы принципінің негізінде немесе әлеуметтік бағдарламалардың жүйесі арқылы қаржыландырады.

“Үшінші сектор” түсінігі жақында ғана пайда болды, оның құрылуы  экономикалық нарықтың дамуымен байланысты. Бүгінде қазіргі азаматтық қоғамды  үштік ажырамас құрам түрінде  көрсетуге болады:

бірінші сектор – мемлекеттік: барлық деңгейдің мемлекеттік күш  органдары, мемлекеттік кәсіпорынның барлық түрлері;

екінші сектор – коммерциялық:үкіметтік  емес табыс ұйымы;

үшінші сектор – мемлекеттік  емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес, қайырымды ұйым.Үкіметтік емес ұйым  азаматтық қоғамның негізгі элементі болып табылады, себебі оның белгілеуі – мемлекет пен қоғамның өзара байланысын қамтамасыз ету, көмек қажет ететіндерге көмек көрсету, азаматтардың инициативаларын қолдау, адамдар мен азаматтардың құықтарын қорғауда жатыр.Қазақстанда үкіметтік емес ұйымның құрылу процесі көрсеткен үшінші сектор бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезеңде (1991-1994ж.ж.) құқық қорғау бағыты негізінде үкіметтік емес ұйымдар құрылды. Екінші кезең (1994-1997ж.ж.) өсу санымен (400-ден 1600-ге дейін), және қызмет түрлерінің дифференциациясымен сипатталады. Барлық үкіметтік емес ұйымдардан 9 %-ын медициналық үкіметтік емес ұйымдар құрды, экологиялық - 17%, құқық қорғау – 8%, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша ұйымдар – 15%, бала және жастар ұйымдары – 17%. Үкіметтік емес ұйымның функционалдық өсу шегі халықаралық ұйым мен грант жүйесі арқылы құрылған қордың (мысалы, “Сорос - Қазақстан” қоры; үкіметтік емес ұйымының даму бағдарламасы) қаржылық қолдау есебінде өтті. 90-шы жылдардың 1-ші жартысында 20млн. АҚШ доллар сомасын жуық гранттар бөлінді. Мемлекет өзінің бағытын үкіметтік емес ұйымға деген қатынасты 1-ші және 2-ші кезеңде нақты қисынға келтірген жоқ. Бүгінгі күнде де 3-ші кезеңнің (1998 жылдан бастап) айырықна ерекшеліктері болып үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттескен мемлекеттік мехенизмдерді қалыптастыру болып табылады. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекетпен нақты жұмысында өздерін тең құқылы партнерлер түрінде қарастырады. Бұған белгілі-бір дәрежедегі ҚР Заңдары мүмкіндік туғызды: “Әлеуметтік партнерлер туралы” (2000ж.), “Коммерциялық емес ұйымдар ткралы” (2001ж.). Мемлекеттік қолдауымен үкіметтік емес ұйымның 2003-2005ж.ж.-ға арналған республикалық бағдарламалар құрылды. Қолданыстағы шаралар халық әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымның рөлін үдете түсуге мүмкіндік туғызды. Әлеуметтік қызметкерлер қоғамда кәсіби және кәсіби емес денгейде қарастырылып жүр. Кәсіби емес денгейдегі әлеуметік жұмыстарға өз қалауларымен қайырымдылық жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүрген  жеке адамдармен, ұйымдар, мекемелержатқызамыз. ХХ ғасырдың 80 жылдары бір қатар елдерде әлеуметтік жұмыстардың әр түрлі формалары пайда бола бастады.Бүгінгі күндегі әлеуметтік жұмыстағы филантропияның ролі қажетсінетіндер қатары көбеюде.Егер советтік көзқараста «филантропиялық қайырымдылық – еңбекші халықтыңбетін таптық күрестен қайтару үшін жасайтын буржуазиялық  қайырымшылдығы»- деп түсіндіреді. Ал бүгінгі көзқарас әлеуметтік даму бойынша филантропиялық қайырымдылықтың мәні, әлеуметтік мәні, өте жоғары. Себебі грек тілінен аударғанда филантропия-«адам сүю» деген мағынаны береді. Әлеуметтік кеңестік гуманизм рухына бет бұру үстінде. Бұл тұрғыдан алғанда атқаратын рөлі, адамгершіліктің дамуы қалыптасуда.Әлеуметтік жұмыс мақсаттары мен функциялары арқылы тұтас жүйеге бірігетін субъектіден, мазмұннан, құралдардан, басқарудан және объектіден тұратыны белгілі. Әлеуметтік жұмыстың субъектілері әлеуметтік жұмысты жүргізетін және оны басқаратын адамдар мен ұйымдар болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың маңызды субъектілері, халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде, ең бастысы әлеуметтік әлсіз азаматтардың бөлек индивидтердің проблемаларын шешуде қатысатын қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары   болып табылады. Қоғамдық және қайырымдылық қорларының әрекеті, қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға, азаматтардың әлеметтік қорғалуының жағдайына жауап ретінде, өмірдің қиын жағдайына душар болғандарға көмектесуге талпыну ретінде халықтың әр түрлі топтарының, бөлек адамдардың әлеуметтік инициативасының көрінуі болып табылады.  Қазіргі кезде «қайырымдылық» ұғымының әр түрлі анықтамалары бар. Бір ғалымдар қайырымдылық, жеке адамның, ұйымның, қоғамның гуманитарлық әрекеттерінің бірігуін қамтитын жалпы адамзаттың қозғалысы деп қарастырады. Оның негізінде, тек өз жақынына ғана емес, таныс емес адамға да сүйіспеншілігіңді көрсету, мұқтаж және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға материалдық және қаржылық көмек көрсету жатыр.Әлемге қайырымдылық атты идеяны алғаш танытқан христиан дiнi емес оның қажетi де болмаған.Себебi көне заманғы қалаларда, бiздiң эрамызға дейiнгi жүздеген жылдар бұрын қайырымдылық өзiнiң кең жомарттығымен,мейiрiмдiлiгiмен қарқынды дамыған,ал христиан дiнiнiң бұл туралы түсiнiгi де болмаған.Афина,Рим,Греция мен Италияның кейбiр қалаларында бай адамдар күнделiктi не аптаның белгiлi бiр күндерi өз үйiнiң есiк алдында кедейлерге арнап тамақ берудi дәстүрге айналдырған.Сонымен қатар,кедейлердi тамақтандыру және азық-түлiкпен қамтамасыз ету ауқатты адамдарға салық ретiнде жүктелген.Соның арқасында кедейлер әрдайым тамақсыз қалмайтын болған.Оларға азық-түлiкпен қоса ақша да таратып отырған.ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясындабелгiленгендей,Қазақстан Республикасы әлеуметтiк мемлекет.Яғни мемлекет өзiнiң бар мүмкiндiгiн,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмiр сүру деңгейiн көтеруге мiндеттi.Бүгiнге дейiнгi қол жеткiзген табыстарымыз-егемендiк,тәуелсiздiк бiзге тек қана iлгерiлеуге және өркениетке қарай жол ашты.Дербес мемлекетке айналған тұста бiздiң Республика аграрлық ел едi.Ендi халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегi ұжымшарлармени кеңшарларға қажеттi қаржы тауып беруге жас мемлекеттiң шамасы жетпей қалды.Содан Үкiмет амалсыздан ауыл шаруашылығы кәсiпорындарынжекешелендiрдi.Нәтижесiндежұмыссыздықбасталды.Халық,әсiресе жастар үлкен қалаларға көшебастады.«Қазақстанның гүлденуi үшiн Республиканың барлық халықтарының ынтымақтасуына,әр адамның бақыты мен бостандығына,барлық азаматтардың материалдық және рухани мәдениетiн көтеруге қамқорлық жасау»,-дейдi ел Президентi Н.Ә.Назарбаев.Әлеуметтiк қолдау,ең алдымен,халықтың онсыз өмiр сүре алмайтын тобына мақсатты әрi нысаналы сипатта көрсетiлуде.Оған дәлел «Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996жылы шiлденiң 18-де «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңына»,1997 жылы маусымның 16-да «Мүгедектiгi бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы “заңы осы жылдың 20 маусымында “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”заңы және 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпы Ұлттық қщр туралы”»жарлығы қабылданып,онда Қазақстан Республикасының Үкiметi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпыұлттық қор құру арқылы,оның қызметiнiң негiзгi бағыттарын,яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық,қаржылық ресурстарды беру,қызметтер көрсету,әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу,обылыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын құру қарастырылған.Өткен 1999 жылы да әлеуметтiк сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берiлдi.Еңбек,жұмыспен қамту,әлеуметтiк қорғау салаларының мамандары жергiлiктi билiк орындарымен бiрлесiп,соғыс және еңбек ардагерлерiне, мүгедектерге, зейнеткерлерге “қайырымдылық” акцияларын өткiзу барысында ақшалай,азық-түлiктей көмектер көрсетiлдi,әлеуметтiк қолдау айлықтары ұйымдастырылып,кiрiптар жандарға материалдық жағынан түрлi жәрдемдер берiлдi. “Қайырымдылық” республикалық акциясының өткiзiлуi Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты қарттарға киiм-кешек жинауға ықпал етiп 177739 адамға материалдық көмек көрсетiлген.Жамбыл облысында 1576 адам материалдық көмек алып,97 бекетте 868 адамға арнап күнделiктi тегiн тамақтандыру орындары ашылған.Шымкент қаласында 40 коммерциялық нүктеде 85 жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарга күнделiктк түскi ас тегiн ұйымдастырылған.Қаржы көлемi мен тегiн тамақтандыру,өзге де көмектер қомақты болғанымен,осындай қиын уақытта адам тағдырына деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ. 
Осынау қоғамдық және ұлттық мәселелердi шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшiн Республикамызда көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi.Ол қорларды атқарып жатқан қызметi мен алдына қойған мақсат,мiндеттерiне қарай жұмыс жасайды.Республикадағы халықаралық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қорының тындырып жатқан iсiн айрықша айтукерек.Алғаш 1992 жылдың 27 наурызынан бастап жұмыс iстей бастады.Қордың президентi Сара Алпысқызы Назарбаева.''Бөбектiң'' негiзгi мақсаты - әлеуметтiк тұрмыс жағдайы нашар отбасындағы балалардың жағдайын жақсартуға жәрдемдесу,әсiресе,ата-ананың аялы алақанына зәру жетiмдерге,экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру-сырқау және мүгедек балаларға қамқорлық жасау.қордың құрылтайшылары – мемлекет және қоғамдық iрi ұйымдар,әлемдегi iскер адамдар,банктер мен коммерциялық құрылымдар.Тағы бiр үлкен мәселе:елiмiздегi өнерлi балалардың талабын қолдау мақсатында ''Айналайын'' ,''Шығыс маусымы'' атты фестивальдар өткiзу осы ''Бөбек'' қайырымдылық қорының бастамасымен дүниеге келдi.Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарға шамасы келгенше қамқорлық жасауға тырысуда.Елiмiзде көптеген қайырымдылық қорлары құрылып,қайырымдылық акциялары өткiзiлуде.Республикамызда құрылған қайырымдылық қорларымен қоса елiмiзде халықаралық қайырымдылық қорларықызмет етуде.Бiздiң елiмiздегi шетелдiк компаниялармен халықаралық қорлар қай елде болмасын адамдардың ұлты,нәсiлi,дiнiне қарамастан көмектесудi өздерiнiң принциптерi етiп алған.         Басқа ағылшын заңына сәйкес (1965) қайырымдылық қағидаларының негізінде ауылдық клубтар, мәдени орталықтар, әйелдер бірлестіктері құрылуы мүмкін. Кеңес уақытындағы Қазақстанда бірқатар  қайырымдылық ұйымдары әрекет етті. Оның ішінде Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы болды, ол мемлекетпен қаржыландырылып отырады.  ХХ ғ. 90жж. қайырымдылық мемлекет халқының көпшілігі душар болған ауыр экономикалық ситуацияны жеңу формасы ретінде түсіндірілді.[4]

Информация о работе Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде қалыптасуы мен Еуропадағы қауымдық көмек