Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 16:06, реферат

Описание работы

Қоғамдық өмірдің жаңаруы жағдайында тереңінен зерттеуді және талдарды талап ететін мәселелердің тұтас жүйесі қалыптасып осыған байланысты ғылым және оқу пәні ретінде күрделі әлеуметтік жуйелерді, әлеуметтік қктынастарын түсінуге мүмкіндік беретін әлеуметтану ғылымының маңызы орасан зор. Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайынтеориялық тұрғыдан түсінуге сипаттауға және жуйелеуге,тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Бұл пәнді ойдағыдай игеру үшін философия,психология,саясаттану,дінтану сияқты пәндерден алған білім ерекше қажет және маңызды Қазіргі уақытта зкономистермен,заңгерлермен және психологтармен қатар әлеуметтанушыларға деген қажеттілік жыл сайын өсіп келеді. Әлеуметтанушылар қоғамның әлеуметтік ауруларының диагнозын қоюшы,оның шешу жолдарын ұсынушы.

Содержание работы

I . Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары.
2.Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
3.Қазіргі Қазақстандағы қала мен селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелері.
III. Қорытынды

Файлы: 1 файл

алеуметтану.docx

— 19.74 Кб (Скачать файл)

                                                        Жоспар:

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім

    1.Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары.

2.Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.

3.Қазіргі Қазақстандағы қала мен селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелері.

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қоғамдық өмірдің жаңаруы  жағдайында тереңінен зерттеуді  және талдарды талап ететін мәселелердің тұтас жүйесі қалыптасып осыған байланысты ғылым және оқу пәні ретінде күрделі  әлеуметтік жуйелерді, әлеуметтік қктынастарын түсінуге мүмкіндік беретін әлеуметтану  ғылымының маңызы орасан зор. Әлеуметтану  пәні қоғамның  әлеуметтік жағдайынтеориялық тұрғыдан түсінуге сипаттауға және жуйелеуге,тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Бұл пәнді ойдағыдай игеру үшін философия,психология,саясаттану,дінтану сияқты пәндерден алған білім ерекше қажет және маңызды Қазіргі уақытта зкономистермен,заңгерлермен және психологтармен  қатар әлеуметтанушыларға деген қажеттілік жыл сайын өсіп келеді. Әлеуметтанушылар қоғамның әлеуметтік  ауруларының диагнозын қоюшы,оның шешу жолдарын ұсынушы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандагы демографиялық  құбылыстардың кейбір даму  жағдайлары

2000-ыншы жылғы 1-маусымда  Қазақстан Республикалық Статистика  агенттігінің №3 журналында жарияланган деректеріне карағанда,еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды.Соның ішінде 8.311,5 мыңы,55,9%- қала,6.570,6 мыңы-44,1% -ы ауыл тұрғындары.

2000-ыншы жылдың қаңтар-мамырында халықтың табиғи өсімі-

26,3 мың (1999 жылдың қаңтар-мамырында-21,7мың адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы өсіп –өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18) адам.Қарағанды 706, Қостанай 585, Павлодар 39, Солт.Қазақстан, 832 ,және шығ Қазақстан 1236, адам облыстарында өлгендер саны туғандар саны туғандар санынан артық.

Республика бойынша тұтас  алғанда тууда,өлуде елеулі өзгерістер байқалады.1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды.Туудың ең аз деңгейі 1000 адамға -10,7 Қостанай облысында,ең жоғары деңгейі 1000 адамға -23,9 Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.

Халықтың өлімі негізінен  қан айналымы жүйесінің ауруларының  өсіп отыр, барлық тіркелген өлімнің  жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.

Қазіргі кезеңде халықтың , ел-жұрттың  денсаулығын сақтау,ауруларды  бәсеңдету немесе болдырмау тікелей  экономикалық , әлеуметтік обьективтік  факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс,шаруашылық орындарының жұмысын  жандандыру ,олардың тиімділігін  арттыру және осындай жолдармен  халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық –тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту,табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату ,денсаулық  сақтау мекемелерінің  жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып,жақсарту қажет. Соңдықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған ,кезек күттірмейтін  әлеуметтік-экономикалық көкейкесті мәселелерді тез әрі тиімді шешу  бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

 

 

 

 

 Нарықтық қатынастар жағдайында қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

Бұрыңғы Кеңес одағы кезінде  Ресей империясына тәуелдә басқа  елдер сияқты Қазақстан да езгінің  астында болды. Адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы –Кеңес халқын құрамыз  деген желеумен орыстандыру саясаты  жүзеген асырылды.Тарихымыз өрескел  бұрмаланды.Мәдениетімізден,тілімізден айрылып қала жаздадық ,ал, экономикамыз тек шикізат өндірілетін ауданға айналды.Бізден алынған өнімді КСРО шетелге бірнеше жоғары бағамен сататын.Мысалы,Ақтөбе обл тау-кен комбинаты КСРО-дағы хром кенінің 95% -ын құрайды.Комбинатақа оның әрбір тоннасы үшін 27 сом төлейтін. Ал, КСРО-ның сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі оны 23 есе қымбат бағамен валютаға сататын.Алтын,күміс,мұнай,темір,көмір,т.б өз алдында өндіріліп,Орталыққа тегін  жөнелтіліп жатты.Мұндай жағдайлар басқа да одақтас Кеңестік республикаларда да орын алып келеді. Әлбетте,осындай әділетсіздіктер халықтардың,ұлттардың наразылығын туғызбай қойған жоқ.Қатаң әміршілдік-әкімшілік режимнің қаhaрынан сескенгендрынан сескенгендіктен наразылықтарын ашық біілдіре алмады. Дегенмен, бұған қарамастан кейбір республикалардың қалаларында ,ірі өндіріс ошақтарында тотолитарлық режимге қарсы бас көтерушілер орын алып отырды. Олардың ішінде Қазақстандағы 1986-шы әлемді дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсан оқиғасы Одақ көлемінде темір бұғауды бұзып-жарып шығуға талпынган алғашқы әрекет болғаны баршаға мәлім.Қазақстан Республикасы егемендігін,тәуелсіздігін алғаннан ейін жағдай көп өзгере бастады.Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар,ұлыстар өмірдің ,қоғамдық өңдірістің қай саласында болмасын толық билікке ,теңдікке ,еркіндікке ,бостандыққа қолы жетті. Ұлттар арасында сенімділік ,ынтымақтастық, келісушілік ,түсінушілік күшейе түсті.Осылардың негізінде республикада ұлт пен ұлыстар арасында жанжалдар,дау-дамайлар жоқ. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін,тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде.Кездейсоқ жағдаймен кейбір ұлтаралық мәселе туа қалса,оны біздің өкімет бейбіт түрде шешуіне күмән жоқ. Өндіріс ощақтарында, ұжымдарда, фирмаларда,бірлестіктерде,акционерлік қоғамдарда,корпорацияларда,шаруашылықтарда, т.б.  алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек етеді.Мұның өзі республикада тұратын 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың онан әрі дамып ,гүлденіп, әл ауқатының , тұрмысының жақсара беруінің зор кепілі болып есептеледі.

 

Қазіргі қазақстандағы  қала мен ауыл-селоның әлеуметтік көкейкесті мәселелері

Қала мен ауыл-селоның  әлеуметтік көкейкесті мәселелеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін,мүдделерін қамтамасыз ететін,қанағаттандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл-село тұргындарының әлеуметтік-материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту,олардың мұң-мұқтажын,талап-тілектерін орындау,жұмыспен қамтамасыз етіп,жұмыссыздықты жою,жалақыны көбейтіп,оны уақытында беріп отыру,жұмыс жағдайын жақсарту,еңбеккерлердің бос уақытын,демалысын дұрыс ұйымдастыру,жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру,білікті,сапалы маман кадрларды дайындау,тұрғын үймен қамтамасыз ету,денсаулық сақтау,тұрмыстық қызмет көрсету,зейнеткерлерге ұдайы қамқорлық жасап отыру,мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын ұдайы жақсартып отыру, т.б.

Жалпы алғанда,қаланың жағдайы,қала тұрғындарының тұрмыстық,материалдық  жағдайы,қажетті мүмкіндіктерді табу,орындау  жағынан ауыл-селон көп алда деп  айтуға болады.Қазақстан өкіметінің 2000-2005 жылдарда ауыл-селоны дамытуга арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендй, бүгінгі таңда еліміздің  ауыл-селоларына қайта құру процестері жүргізулі  қажет. Осы мерзімдердің ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина-технологиялық  станцияларды ақпараттық –маркетингтік жүйелерді салу,өңдірілген өнімді өткізу жүйесін ұйымдастыру ,малдың генофондыларын сақтау,олардың тұқымын асылдандыру және пайдалану,несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру,ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің ішкі нарығын қорғау,ауыл-селода тұрмыс қызметін көрсететін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану,энергиямен жабдықтау,жаппай елді мекендерге телефон,газ жүргізу,сумен жабдықтау,тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулык сақтау,білім жүйесін, бұқаралық мәдениетті дене шырықтыру және спортты дамыту,шағын бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту,т.б. мәселелерді орындау көзделген.Қазіргі уақытта қала мен ауыл-селоны жүйе ретінде қайта құру экономикалық бәсекелестік дамудың негізі болып саналады.Осыған сәйкес басқарудың тиімді жүйесінің қажетті құрамды бөлігі –оны дұрыс ұйымдастыру болып табылады.Қаңдай да бір міндеттер ,қызмет бағыттары басым екендігін түсіну бір басқа,сөйтсе де оларға сай келетін ұйымдық құрылымдарды көрсету өте маңызды.

Қорытынды

Жоғары денгейдегі ой тұжырымдар-жалпы,бәрін  қамтитын,ауқымды теориялар.Олар әлеуметтік үдерістер менқұбылыстарды, қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың тұрпаттары мен түрлерін қоғам денгейінде қарайды.Жалпы  социологиялық  теориялар  қоғамды бірыңғай жүйе ретінде ,оның негізгі бөлшектерінің өзара әрекетін ,әлеуметтің организмнің қызмет етуі мен дамуының негіздерін зерттейді.Бұл теориялар аясында дүниежүзілік сипаттағы әлеуметтік мәселелер зерделенеді.Оған ең алдымен адамзатқа,экологияға байланысты жағдайларды айту қажет.Сонымен қатар социологиялық зерттеулердің теориялық ,тәсілнамалық дайындамаларын,түрлі парадигмаларды сын тезінен өткізіп,олардыдайындамаларын,түрлі парадигмаларды сын тезінен өткізіп,олардың қайшылықтарын іздеу осы деңгейде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Тұрғынбаев Ә.Х. Социология .Алматы -2001

2.Әбсаттаров Р., Дәкенов  М. Әлеуметтану. Алматы:Қарасай  -2009

3.Рахметов Т.Социология  Алматы -2004ж


Информация о работе Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары