Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 21:54, реферат

Описание работы

Ассамблея трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тегiс қамти алатын халықаралық конвенцияны әзiрлеу және атап айтқанда, әйелдер мен балаларды сатуға қарсы күрес жөнiндегi халықаралық құжатты әзiрлеу туралы мәселенi талқылау үшiн ашық құрамдағы үкiметаралық арнайы комитет құруға қаулы еткен Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/111 қарарына сiлтеме жасай отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының адамдарды, әсiресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшiн жазалау жөнiндегi халықаралық құжатпен толықтырылуы осындай қылмыстардың алдын алуға және олармен күресуге мүмкiндiк туғызатынына сенiмдi бола отырып,

Файлы: 1 файл

бала еңбегі..doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

      3. Ақпаратты  алған Қатысушы мемлекет ақпаратты  ұсынған Қатысушы мемлекеттiң оны пайдалануға қатысты белгiленген шектеулермен байланысты кез келген өтiнiшiн орындайды.

11-бап

Шекаралық бақылау шаралары

      1. Қатысушы  мемлекеттер адамдарының еркiн  жүрiп-тұруына қатысты халықаралық  мiндеттемелерге нұқсан келтiрмей, мүмкiн болғанынша адамдарды сатудың алдын алу және оны анықтау үшiн соншалықты қажет болатын осындай шекаралық бақылау шараларын белгiлейдi.

      2. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп  танылған қылмыстарды жасау кезiнде коммерциялық тасымалдаушылар пайдаланатын көлiк құралдарын мүмкiн болғанынша пайдалану, алдын алу үшiн заңнамалық немесе басқа да тиiстi шараларды қабылдайды.

      3. Тиiстi жағдайларда және қолданылатын  халықаралық конвенцияларға нұқсан  келтiрместен осындай шараларға коммерциялық тасымалдаушылар, оның iшiнде кез келген көлiк компаниясы немесе меншiк иесi немесе кез келген көлiк құралдарының операторлары үшiн барлық жолаушылардың қабылдаушы мемлекетке кiруi үшiн қажеттi кiру/шығу құжаттарының бар екендiгiне көз жеткiзу мiндетiн белгiлеу қосылады.

      4. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы баптың 3-тармағында белгiленген мiндеттемелердi бұзғаны үшiн санкцияларды қарастыра  отырып, өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес  қажеттi шаралар қолданады.

      5. Әрбiр  Қатысушы мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес осы Хаттамамен осындай деп танылған қылмыстарды жасауға қатысқан адамдардың шығуына рұқсат бермеу немесе олардың визаларының күшiн жоятын шараларды қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады.

      6. Конвенцияның 27-бабына нұқсан келтiрместен Қатысушы мемлекет шекаралық бақылау органдарының арасындағы ынтымақтастықты, оның iшiнде тiкелей байланыс желiлерiн құру және оны ұстау арқылы нығайту мүмкiндiгiн қарастырады.

12-бап

Құжаттардың сенiмдiлiгi және оларды бақылау

      Әрбiр Қатысушы мемлекет қолда бар мүмкiндiктер шегiнде:

      а) оларды  заңсыз пайдалануды және қолдан  жасауды немесе заңға қайшы  өзгертудi, көбейтудi немесе берудi  едәуiр дәрежеде қиындататын,  олар беретiн кiру/шығу құжаттарының  немесе жеке куәлiктердiң осындай сапасын қамтамасыз ету;

      б) осы  Қатысушы мемлекет немесе оның  атынан берiлген кiру/шығу құжаттарының  немесе жеке куәлiктердiң қорғалуы  мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету,  сондай-ақ оларды заңсыз дайындаудың,  берудiң және пайдаланудың алдын  алу үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.

13-бап

Құжаттардың заңдылығы  мен жарамдылығы

      Қатысушы  мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң  өтiнiшi бойынша өзiнiң iшкi заңнамасына  сәйкес, олар адамдарды сату үшiн  пайдаланылады деп күдiк туғызғандарына  қатысты кiруге/шығуға берiлген немесе оның атынан берiлгенi неғайбыл құжаттардың немесе жеке куәлiктердiң заңдылығы мен жарамдылығын ақылға қонымды мерзiм iшiнде тексерудi жүргiзедi.

IV. Қорытынды ережелер

14-бап

Болдырмау ережесi

      1. Осы  Хаттамадағы ешбiр ереже халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықты қоса алғанда, және атап айтқанда, бұл қолданылатын жағдайда, босқындар мәртебесiне және олар да бекiтiлген шығарып жiбермеу принципiне қатысты 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттамада мемлекеттер мен жекелеген адамдардың құқықтарын, мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн қозғамайды.

      2. Осы  Хаттамада көзделген шаралар,  адамдарды сатудың құрбандары  болған негiздегi адамдарға қатысты  кемсiтушiлiк болып табылмайтындай түрде түсiндiрiледi және қолданылады. Бұл шараларды түсiндiру мен қолдану халықаралық деп танылған кемсiтпеушiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап

Дауларды реттеу

      1. Қатысушы  мемлекеттер осы Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дауларды келiссөздер жүргiзу жолымен реттеуге ұмтылады.

      2. Екi немесе  одан да көп Қатысушы мемлекеттер  арасындағы ақылға қонымды уақыт  кезеңi iшiнде келiссөздер жүргiзу  жолымен реттеуге келмейтiн, осы  Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердiң бiреуiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк тексеруге жiберiледi. Егер де төрелiк туралы өтiнiш берген күннен бастап алты ай iшiнде бұл Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы келiсiмге келмесе, осы Қатысушы мемлекеттердiң кез келгенi Сот мәртебесiне сәйкес өтiнiш жасай отырып, дауды Халықаралық Сотқа бере алады.

      3. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға  қол қою, ратификациялау, қабылдау  немесе бекiту кезiнде немесе  оған қосылу кезiнде өзiн осы баптың 2-тармағының ережелерiмен байланысы бар деп есептемейтiнiн мәлiмдей алады. Басқа да Қатысушы мемлекеттер мұндай түсiнiк берген кез келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 2-тармағының ережелерiмен байланысты емес.

      4. Осы  баптың 3-тармағына сәйкес түсiнiк берген кез келген Қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жiберу арқылы бұл түсiнiктi кез келген уақытта алып тастай алады.

16-бап

Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекiту және қосылу

      1. Осы Хаттама 2000 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Палермода, Италияда, содан соң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегi Орталық мекемелерiнде 2002 жылғы 12 желтоқсанға дейiн барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн ашық.

      2. Осы Хаттама,  сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттамаға мұндай ұйымның кемiнде бiр мүше мемлекетi қол қойған жағдайда, экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының қол қоюы үшiн де ашық.

      3. Осы Хаттама  ратификациялауға, қабылдауға немесе  бекiтуге жатады. Ратификациялау  грамоталары немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы, егер мүше мемлекеттердiң кемiнде бiреуi дәл осылай жасаса, өзiнiң ратификациялау грамотасын немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжатын сақтауға тапсыра алады. Бұл ратификациялау грамотасында немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжатта мұндай ұйым осы Хаттамамен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы мәлiмдейдi. Сондай-ақ мұндай ұйым депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiс туралы хабарлайды.

      4. Осы Хаттамаға  қатысушы болып табылатын мүше  мемлекеттердiң кемiнде бiреуi  мүше болса, осы Хаттама кез  келген мемлекеттiң немесе экономикалық  ықпалдастықтың кез келген өңiрлiк ұйымының қосылуы үшiн ашық. Қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезiнде экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы осы Хаттамамен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы мәлiмдейдi. Мұндай ұйым депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiстер туралы да хабарлайды.

17-бап

Күшiне ену

      1. Осы Хаттама  қырқыншы ратификациялау грамотасы  немесе қабылдау, бекiту немесе  қосылу туралы құжат сақтауға  тапсырылған күннен кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi, бiрақ Конвенция күшiне енгенге дейiн күшiне енбейдi. Осы тармақтың мақсатында экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы сақтауға тапсырған кез келген мұндай грамота немесе құжат мұндай ұйымның мүше мемлекеттерi сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымшалар ретiнде қарастырылмайды.

      2. Осы Хаттаманы  ратификациялайтын, қабылдайтын  немесе бекiтетiн немесе қырқыншы  ратификациялау грамотасын немесе  осындай iс-қимыл туралы құжатты  сақтауға тапсырғаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы үшiн осы Хаттама оның кешiгiп басталуына байланысты осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттама күшiне енген күнi немесе мұндай мемлекет немесе ұйым тиiстi грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.

18-бап

Түзетулер

      1. Осы Хаттама  күшiне енгеннен кейiн бес жыл  өткен соң осы Хаттамаға Қатысушы  мемлекет түзетулер ұсынып, оны  Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас  хатшысына жолдай алады, ол одан әрi осы ұсынысты қарастыру және ол бойынша шешiм қабылдау мақсатында ұсынылып отырған түзетудi Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға Қатысушылар Конференциясына жiбередi. Қатысушылар Конференциясына қатысатын осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер әрбiр түзетуге қатысты ымыраға қол жеткiзу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды. Егер ымыраға қол жеткiзу жөнiндегi барлық күш-жiгер жұмсалса және келiсiмге қол жеткiзiлмесе, соңғы шара ретiнде түзетудi қабылдау үшiн Қатысушылар Конференциясының отырысында дауыс беруге қатысқан осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер дауысының үштен екiсiнен астамы талап етiледi.

      2. Экономикалық ықпалдастықтың  өңiрлiк ұйымдары өз құзыретi  саласына кiретiн мәселелер бойынша  өзiнiң дауыс беру құқығын осы  Хаттамаға Қатысушылар болып табылатын олардың мүше мемлекеттерi санына тең келетiн дауыстар санын иелене отырып, осы бапқа сәйкес жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар, егер олардың мүше мемлекеттерi өздерiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырса немесе керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.

      3. Осы баптың 1-тармағына  сәйкес қабылданған түзетудi Қатысушы  мемлекеттер ратификациялауы, қабылдауы  немесе бекiтуi тиiс.

      4. Осы баптың 1-тармағына  сәйкес қабылданған түзету Қатысушы  мемлекетке қатысты ол ратификациялау  грамотасын немесе мұндай түзетудi қабылдау немесе бекiту туралы құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырған күннен кейiн тоқсан күн өткен соң күшiне енедi.

      5. Түзету күшiне  енгеннен кейiн ол онымен байланысты  болуға келiсiм бiлдiрген Қатысушы мемлекеттер үшiн мiндеттi болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерiмен және олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекiткен кез келген түзетулермен байланысты болып қала бередi.

19-бап

Күшiн жою

      1. Қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Хаттаманың күшiн жоя алады. Мұндай күшiн жою Бас хатшы хабарламаны алған күннен кейiн бiр жыл өткен соң күшiне енедi.

      2. Экономикалық ықпалдастықтың  өңiрлiк ұйымы, оның мүше мемлекеттерiнiң барлығы осы Хаттаманың күшiн жойған кезде осы Хаттаманың қатысушысы болуын тоқтатады.

20-бап

Депозитарий және тiлдер

      1. Осы Хаттаманың  депозитарий болып Бiрiккен Ұлттар  Ұйымының Бас хатшысы тағайындалады.

      2. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлiндегi мәтiндерiне тең дәлме-дәл болып табылатын осы Хаттаманың түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

 


Информация о работе Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс