Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 21:15, реферат
Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.
Бұрынғы КСРО-да,оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған.
Кіріспе.................................................................................................................3
Білім әлеуметтік институт ретінде.............................................................3
Негізгі бөлім.......................................................................................................4
Білім берудегі түрлі концепциялар............................................................6
Бұқаралық және элитарлық білім беру......................................................8
Білім беру және сәттілік.............................................................................10
Білім беру және табыс................................................................................11
Қорытынды........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................16
Жоғарыда көрсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлекметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатынын көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:
Адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;
Адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді. Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,т.б) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады.
Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.
Мәдени әлеуметтану қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр,адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.
Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.
Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға да, денешынықтыру мекемклеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал, оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.
Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл – адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстарытан құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар.Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.
Осы таңбаларды,символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.
Мәдениеттің екінші элементі – ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттындыратын құбылыс, процестердің т.б қасиеттерін айтамыз.
Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізіде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму,өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арман, мұрат, т.б толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді.Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатыынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің т.б бағдарламасы болып саналады. Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде.
Олардың басты бағыттары мыналар:
1.Мәдениеттің материалдық
саласы: еңбек мәдениетін оқып
білу, зерттеу (оның ішінде еңбек,
еңбекпроцесі, өндіррісті басқару және әр түрлі еңбекшілер
тобының мәдени-техникалық дәрежелерінің
көтерілу жағдайлары);тұрмыстық-
2.Мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып)саласында: қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту,адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси белсенділігін арттыру,т.б (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты.)
3. Экономикалық мәдениет
саласында нарықытық
4. Мәдениеттің рухани
саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының
мәдени іс-қызметі және мәдени
іс-қызметі және мәдени
Жалпы алғанда,мәдени салалардағы осы зерттеулердің басты мақсаты ол еңбекші бұқара халықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың адамдық факторларының белсенділігін арттыру және жаңаша ойлау, іс-әрекет, қызмет жасуды қалыптастыру көзделген.
Қорытынды
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
1938 жылы Э.Дюркгейм қайтыс болғаннан кейін көп жылдар өткен соң Парижде оның "Эволюция образовательной мысли" атты еңбегі жарық көреді. Онда оның білім беруге байланысты гуманистер идеалының тарихи логикасы болғандығын атап өтетін бірнеше өте керемет идеялары ұсынылады. Мысалы, 17-18 ғасырларда Францияда өз еңбектерін бірінші кезекте ұсынған әдебиетшілер, философтар, ғалымдардан тұратын белгілі интеллектуалдық элита қалыптасқан болатын. Осы орта сол кезеннің интеллектуалдық процесіне орай аталатын есімдерді дүниеге әкелді. Білім берудің міндеті осы бір таңдаулы интеллектуалдық қабат үшін адамдарды әзірлеу болды.
Міне, осыңдай білім берудің анық элитарлық теориясы миллиондаған қарапайым адамдарды есепке алмай тастайды. Бір жағынан, демократиялық өзгерістер тұсында да білім берудің гуманистік моделі білім берудің ғылыми социологиялық теориясымен ешқандай ұқсастық таппайды. Білім берудің гуманистік айқындамасы адам табиғатының жақсаруына, әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негізделген. Бірақ адам табиғаты бір өркениетте басқа өркениетке қарағаңда көбірек орын алатын спецификалық жайт емес қой. Бір әдебиетті басқаларға қарағанда гуманды, адамгершілікті деп бөле-жара қарау, айталық француз, неміс немесе орыс әдебиетінің ерекше гуманистік сипаты бар деу мүлде дұрыс емес. Джек Лондонның ересек баланы анасы ұрып-соғуы жайлы тамаша әңгімесі бар. Онда ешқашан жыламайтын бала бұл жолы анасының бұрынғысынан таяқпен әлсіздеу ұрғанын сезе қойып, анасының қазасы жақындағанынан күдіктеніп, аяқ асты жылап қоя береді. Бұл басқа мәдениеттің ауқымында патриархалдық зорлық көрсету ретінде қабылданса, ал, осы тұста бала махаббатының жарқын көрінісіне айналып отыр. Аталмыш "адам табиғаты" адам санасының талас тудыратын құрылысы іспеттес. Қоғамдық сана табиғи түрде қабылдайтын сезімдер, кез келген қоғамның саналы өмір сүруі үшін қажетті идеялар бір халықтар үшін өте керек болса, ал келесі біреулері үшін ол мүлде қажеті жоқ болып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер