Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 12:22, лекция
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиялық қауіпсіздік: көрсеткіш жүйесінің тетігі және жүзеге асуы
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды.
Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:
Демографиялық қауіпсіздік - үздіксіз табиғи ұрпақ жалғасуының және өмір сүрудің қорғалуы.
Демографиялық қауіпсіздік мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық, өнегелік-психологиялық және басқа да тектік қорды қорғау мен дамытуға, ұлт саулығын сақтау мәселелеріне қатысты шараларды жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының қалыптасу барысы мен жүзеге асуына кешенді талдау жасалған. Жаһандану жағдайындағы демографиялық қауіпсіздікке қатерлер анықталынған.
Қазақстан әлемдегі аз қоныстанған елдердің бірі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі халық саны 16189667 адам. Халықтың орналасу тығыздығы бір шаршы кв.км. 5,9 адамнан келеді Еліміз территориясы жағынан дүниежүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін тоғызыншы орынды алса, ТМД елдерінің ішінде екінші орынды алады. Территориямыз: 2724900 шаршы километр. Қазақстан Республикасының құрлықтағы мемлекеттік шекарасының ұзындығы - 13392,6 км, оның ішінде көршілес жатқан мемлекеттермен шекарасының ұзындығы мынандай: Ресей Федерациясымен - 7591,0 км, Өзбекстан Республикасымен - 2351,4 км, Қырғызстан Республикасымен - 1241,6 км, Қытай Халық Республикасымен - 1782,8 км, Түркменстан Республикасымен - 425,8 км.
Мұндай географиялық жағдайдың
Қазақстан үшін біршама қаупі де бар. Өйткені,
көршілес жатқан шамадан тыс қоныстанған
мемлекеттердің кейбірінің «демографиялық
қысымына» ұшырауы мүмкін. Ал бұл ұлттық
қауіпсіздігімізге қатер және этносаралық
қатынастарды тұрақсыздандырары сөзсіз.
Демографиялық қауіпсіздікке
қатер төндіретін жағымсыз құбылыстар
мен үдерістерді болжап және алдын алу
өте қажет. Яғни, демографиялық жағдайды
жан-жақты талдау жинақталған, өз шешімін
күтетін демографиялық мәселелердің көптігін
көрсетеді. Осымен қатар, белең алған экономикалық
дағдарыс демографиялық жағдайдың өзгеруіне
және көптеген күрделі мәселелердің туындауына
алып келді.
Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін
алдын ала деректері бойынша Қазақстан
Республикасы халқының саны 2000 жылдың
1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада
16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда,
халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3
пайызға кеміді.1999 жылы туудың XX ғасырдың
соңғы онжылдыгындағы ең
1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның
деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті
1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары,
1000 адамға 9,7 болды.
Халық өмірінің орташа үзақтығы қысқарып
барады. Оның деңгейі 1998 жылы 64,4 жасты,
ал ер адамдарда небары 59 жасты қүрады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан
облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды.
Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында
таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда
халықтың құлдырап азаюы күтілуде.
Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.
Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.
Халықтың этникалық
Тұтас алғанда халық санының төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс сальдосынан болып отыр.
Демографиялық саясаттың мақсаты- демографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.
Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:
Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.
Бұл:
Екінші кезенде:
Мемлекеттің демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
Информация о работе Демографиялық қауіпсіздік: көрсеткіш жүйесінің тетігі және жүзеге асуы