Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық ілімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:27, задача

Описание работы

Дәріс сұрақтары:
О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы;
Г.Спенсердің органикалық теориясы;
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;

Файлы: 1 файл

klassiki.pptx

— 125.84 Кб (Скачать файл)

 

Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

 

Базис  адамдардың экономикалық саладағы барлық өзара қарым-қатынастарын қамтиды.  Бұл саланың ұйытқысы және неғұрлым серпінді элементі өндіргіш күштер.

 

Базис және қондырма

 

Маркс базис пен қондырғы теориясынан  көрініс табатын, кез-келген қоғамның әлеуметтік құрылымының талдамалық кестесі жасалынады. Бұл екеуі бөлінбейтін егіз ұғым, оның біріншісі екіншісінің негізі.

 

Қондырғы, қоғамда бар мемлекет, отбасы немесе әртүрлі идеологиялар сияқты институттарды қамтитын санат болып табылады.

 

Базистің табиғаты қалай өзгерсе, қондырманың табиғаты да солай өзгереді.

Қоғамдық-экономикалық формациясы

 

Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық- экономикалық формацияны оған тән  өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік.

 

Алғашқы қауымдық

Құлиеленушілік 

Феодалдық

Капиталистік 

Коммунистік


 

Олардың әрқайсысы, біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация» ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Әлеуметтану.  Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, ә.ғ.д., профессор М.М.Тажиннің жалпы редакциясының басқаруымен шыққан. 1-2 кітап. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005
  2. А.И.Икенов «Әлеуметтану негіздері»
  3. Кравченко А.И “Социология”, М., 2000.
  4. Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
  5. Тәжин М., Аяғанов Б “Әлеуметтану негіздері” А., 1993
  6. Забирова А.Т. Практикалық әлеуметтану. Астана, 2011, - 196б
  7. Павленок П.Д. “Социология”, М.,2002
  8. Булатова А., Исмағамбетов З. “Курс лекции по социологии”, А., 2002

 

1


Информация о работе Дәріс тақырыбы: Әлеуметтанулық ілімдер