Думаншыл тап теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 19:57, реферат

Описание работы

Думаншыл тап теориясы экономикалық институцияны зерттеу туралы американдық экономист Т.Вебленнің еңбегі(1899 ж). «Думаншыл тап теориясында» Торстен Веблен өзінің тарихи-экономимкалық концепциясын,қазіргі кездегі әлеуметтік құбылыстардың эволюция- генетикалық анализбен тарихи деректемелердің негізінде зерттеу арқылы дамытады Американдық ғалым бұл еңбегінде экономикалық құбылыстарға анализ жасауда биологиялық динамика аппаратын қолдануды ұсынады және институттардың табиғи сұрыптау процесін қоғамның эволюциясы деп есептейді.

Файлы: 1 файл

теория праздногого класса.docx

— 16.63 Кб (Скачать файл)

 

Думаншыл тап теориясы

Думаншыл тап теориясы  экономикалық институцияны зерттеу туралы американдық экономист Т.Вебленнің еңбегі(1899 ж). «Думаншыл тап теориясында» Торстен Веблен  өзінің тарихи-экономимкалық концепциясын,қазіргі кездегі әлеуметтік құбылыстардың эволюция- генетикалық анализбен тарихи  деректемелердің негізінде зерттеу арқылы дамытады Американдық ғалым бұл еңбегінде экономикалық құбылыстарға анализ жасауда биологиялық динамика аппаратын қолдануды ұсынады және  институттардың табиғи сұрыптау  процесін қоғамның эволюциясы  деп есептейді. Т.Вебленнің айтуынша,  экономикалық процестер негізінде психология, биология және антропология жатыр.Сонымен қатар, ғалымның есептеуінше, экономикалық дамуда маңызды рөлді технократия: техникалық интеллигенция мен менеджерлер  атқаруы тиіс. Американдық экономист    үкіметтің экономикаға  араласуымен байланысты мәселелерді зерттеді. Оның пікірінше, үкіметте  өзіне тән мемлекеттің рационалды қызметіне  себепші болатын  интеллектуалдар, техникалық мамандардан құралған  орталығы болуы тиіс.  Т.Вебленнің ойынша, экономика ғылымының негізгі пәні   тұтынушылардың   мінез құлқын зерттеу саласы болып табылады.

 Рационалды  өндірістен  демонстративті тұтынуға  ауысқан   меншіктенушілер думаншыл тапқа  жатады. Думаншыл таптың  ерекшеліктеріне агрессивтілік, жыртқыштық, паразитизм жатады. Бұл институттың маңызды белгісіне қымбат тауарларды демонстративті тұтыну болып табылады. Қымбатшылық принципі бойынша тауарды сатып алу белігіл бір тауарға сұранысты жоғарылытуына немесе керісінше түсуіне әсер етуі мүмкін.  Бұндай  қымбат тауарларды әлеуметтік статусын көрсету үшін сатып алу эффектісі Веблен эффектісі деген атауға ие болды. Думаншыл тап институты  алғашқы қауымдық тағылықтан     варварлыққа  немесе  ынтымақшылдықтан   соғыссүйгіш өмір салтына   біртіндеп өте бастағанда пайда болады. Думаншыл таптың пайда болуына негізгі себептер:

  1. Қоғамның өмір салты жыртқыштық сипатта болуы ,яғни  осы тапты құраушы ер адамдар   күш пен  қулық сияқты   қасиеттерге ие болуы тиіс.
  2. Өмір сүру қажетті қаражат  табуда қоғамның белгілі бір бөлігін орнатылған тәрбіппен  еңбекке тұрақты  қатыстырмау арқылы  оңай жолмен табылуы қажет.Думаншыл тап институты ерте тағылықтық мәдениет кезеңінде   жоғары дәрежеде дамыды.Мысалы: феодалды Еуропа немесе феодалды Жапония. Бұл әр түрлі қоғамда таптар арасындағы  ерекшелік  қатаң сақталады және  олардың  ерекшелікке  таптарға тән қызмет түрлері арасындағы  айырмашылық жатады. Қоғамдағы «құрметті» болып табылатын жоғары әлеуметтік топтар   дәстүрлі түрде  өндіріс қызметінен босатылады немесе шетте қалады. Құрметті қызметтердің  ішіндегі ең бастылары болып  әскери іс, екінші орында  дін қызметшілері болып табылады. Бұл думанышл таптың тағы бір мысалы ретінде  Үндістанды алуға болады. Үндістанда  бұл екі тапта  өндіріске қатыспайды.Ерте тағылық кезеңіне жататын қоғамдарда топтарға жіктелу айқын байқалады.Соның бірі думаншыл тап болып табылады. Сонымен қатар, бұл таптың өзі ішінара қызмет түрлері бар. Олардың ортақ экономикалық ерекшелігі- өндірістік болмауы.Жоғарғы тап қызметтерінің келесі  салаларға бөлуге болады: басқару саласы, әскери іс, дін, спорт және ойын-сауық.

Т.Веблен-тұтынушылықтың  әлеуметтік концепциясының негіздеушілердің бірі. Ол өзінің  зерттеуінің негізі ретінде  адамды алып,оның  нарықтағы  мінез- құлығын анықтауға тырысты.Веблен нарықтық экономикада тұтынушылардың  жөнсіз шешімдер жасауына түрткі болатын  әр түрлі қоғамдық және психологиялық  қысымдарға душар болатынын дәлелдеді. Ол өзінің қоғамының  орталығы ретінде  думаншыл тап институтын санады. Вебленнің  ойынша болашақта  техникалық мамандардың  ереуілі болады. Ол    қоғамның  ескі тәртіпке келуіне себеп болады, яғни  бизнесмендерді  өндірісте  басқару қызметтерінен   бас  тартуға  әкеледі. Веблен  «думаншыл  тап»  өз еркімен  биліктен бас  тартуы үшін     инженерлердің  бірігу қажет деп есептейді


Информация о работе Думаншыл тап теориясы