Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:32, реферат

Описание работы

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

Файлы: 1 файл

Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту.docx

— 32.70 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

                                                                       Факультет:Халықаралық қатынастар

                                                                       Мамандық:Әлемдік экономика-21

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

                                                                      Орындаған:Нурмашев Н.С.

                                                                      Тексерген: Мырзабеков М.С.

              

                                        Алматы,2012 жыл

 

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының  бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу  жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының  жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды  көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі  болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының  алдында өнім өндіруді жоғарлату  сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі  күнде жас мемлекет бұл мәселелерді  сәтті шешіп келе жатыр, бірақэкономикалық  өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты  – экономикалық өсудің теориялық  және практикалық аспект жетістіктерін оқу.

Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:

· экономикалық өсу түсінігін қарастыру;

· экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету;

· экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

· экономикалық өсудің типтерін қарастыру;

· экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;

· ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;

· Болашақта дамуын анықтау;

Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев биылғы Қазақстан халқына  Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың  бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік  экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың  басты қортындыларын бағалай  отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды  кезеңі болғаны байқалады. 
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды. 
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.  
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды. 
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.  
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.  
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. 
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие. 
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек.  
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.  
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.  
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, ең алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.  
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз. 
1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек.  
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.  
Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен.

“Еңбек рыногы және жұмыспен қамту саясаты” деген  проблеманыың мәселеде зерттеу арқылы жоба жасау туралы Қазақстан мен  Германия арасында 1996-1997 жылдары келіс  сөз жүргізіліпті. Ол жобаға кірісу 1998 жылғы ақпан айынан қолға алынған  екен. 2000 жылдың басында  “Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының” тапсырысы бойынша мамандардың халықаралық тобы “Талдықорған қаласындағы жұмыссыздық жағдайы және экономикалық дамудың жұмыспен қамтуға көмектесе алатын әлеуметтік мүмкіндіктері” деген тақырыпта жүргізілген жобалық зерттеу нәтижесі бойынша есеп даярлады. Бұл жұмысты орындауға  Қазақстан Республикасы Экономика Министірлігінің экономикалық зерттеулер институтының (ЭЗИ), қоғамдық пікірді зерттудің бүкілресейлік орталығының (ҚПЗБО), Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мамандары қатысты. 
         Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді. Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен жасалып және жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алмақ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десекте, оның әлі де пісіп жетілмеген жерлері баршалық. 
         Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң жобаның кейбір тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім. Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. әңгіме тек жұмыссыздықтың ана түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ресурстарына қалай ықпал жасаудың сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы нақтылы ұсыныстар бар. Сонымен қатар біздің ескеріп, бағдарламаға кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды айтамын. 
         Жұмыссыздық және кедейлік – бұлар экономикалық және  әлеуметтік түсініктер. Балланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 процент, ресми тіркелгені – 3,9 пайыз, ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгеці әлдеқашан жоғары. Жұмыссздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, кейбір саяси мәселердің толық шелілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне менің сеніміміз мол. Біздер жұмыссыздық пен кедейлік жөнінде материал жинағанда үкіметтің әр кездегі қимылының тиянақсыздау болғанын байқаймыз. Жұмыспен қамту қызметі жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Ол үшін 7 миллиард теңге бөлінген-ді. Бұл қор 1999 жылы жойылып, тек жұмыссыздық жөніндегі борыш қана қалды. Екіншіден, бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Көбінесе кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды “биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырады” деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. 
         Бүгінгі күні экономикамыз біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша байқалмайды. Ал егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің елдің өзін-өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасаған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар – жеңіл тамақ өнеркәсібі, бірінші кезекте қажет товарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, яғни біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның товарларын импорт жасадық та олар біздің рынокта лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты  кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейеді. Осыларға сәйкес кейбір мәселелерді, меніңше, әлі де қарастырған жөн. Біріншіден, айқын экономикалық тетіктерді жасамай тұрып, жұмысшылардың құрамын қайтадан жасау, өндірістің құрамын қайтадан жасау жайында сөз ету  бұл шындыққа сай болмайды. Екіншіден, егер қазір жұмысшыларды қайтадан оқытуды сөз етсек, онда қазір бізде жұмыс күші артық және өте білікті. Бізге бір бос жұмыс орнына 29 маман етсек, оған жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ та берешек көлемі өте үлкен, ол орындалмайды. 
         Қазақстанда шағын, ұсақ өндіріс күшті дамығаны белгілі. Қазір ол тіпті әлсіреді. Біз 1 (өндіріп) өнім өндірсе, жеңілдіктер соған берілуге тиіс дейміз. Әрине, Қытай товарын екі қаптауға болады. Ал өзімізде товарды жаңадан өндіруге уақыт керек, кейде жолдар қажет. өндірістік циклге айналым жасауына көп уақыт кетеді. Сөйтіп өз өндірісін жаңа жұмыс орындарын құрғандарды көтермелеу керек. Одан салық салуды, кеден бажын реттеу қажет. Қазір ішкі рынокты жабуға болмайды деушілер көп. Ал көп елдерде кеден бажы 20 пайызға дейін жетеді. Ал, бізге қазір аяқ киімге, тоқыма, тігін бұйымдарына, әр түрлі маталарды әкелуге кеден бажының вставкасы нөлден 5 пайызға дейін, көп елдерде 5 пайызда қолданылмайды, баж жоқ. Еш баж салығын алмай күніміз жоқ, онда жаңа жұмыс орындарын құра алмаймыз. Сондықтанда  біз аса жоғары кеден бажын қолданбай-ақ, аяқ киім және тігін бұйымдары 20 пайызға дейін баж салығын тағайындасақ, бұл осы өндірісті өзімізде дамытуға болар еді


Информация о работе Экономикалық өсу және АД еңбекпен қамту