Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:49, реферат
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда өмір сүрген ұлы ойшылдар Конфуций (552 – 479), Платон (427 – 347) және Аристотельдің (384 – 322), әлеуметтік философия туралы еңбектері теориялық әлеуметтанудың тууына алғы шарттар дайындады. Мысалы, Қытайдағы алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуций мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деп атап көрсетті. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.
1. Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
2. Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.
О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - әлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Оның еңбектерінде "бақылау" сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды.
Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, «қоғамның түрлі жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе-теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әр түрлі жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әр түрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр.
Зерттеудің үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда, физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тәжірибе бар. Әлеуметтануда, биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тәжірибе болып табылады.
2. Әлеуметтанудың отаны Франция болғанымен, мұнда ол ары қарай дами алмады. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды.
Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Сол себепті ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына осыны негізге алу арқылы қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.
Студенттердің эволюциялық үдерісті тереңірек түсінуі үшін бұл ұғымның мағынасын аша кеткен жөн. Эволюция (лат.evolutio - өрістеу) – кең мағынада қоғамдағы, табиғаттағы және органикалық дүниедегі болып жатқан санды өзгерістен сапалық өзгеріске ауысуды білдіретін ұғым. Әлеуметтануда
эволюция идеясы белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі мерзімде біртіндеп бір қалыптан екінші бір қалыпқа айналуын білдіреді.
Қоғам мен биологиялық организм арасындағы мұндай ұқсастық бұрын да ғылымға белгілі болды. Алайда, мұны алғаш рет жүйеге келтіруі Г.Спенсердің әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты.
Спенсер
әлеуметтануының негізгі
3. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, бұл танымда айырықша тұжырымдама жасаған Карл Маркс (1818—1883) болды. Кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік шешесі деп атаған. Бұлай атауға негіз болған оның қоғамның формациялары туралы ілімі және әлеуметтік құрылым туралы ойлары болды. Ол алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеді. Ол әлеуметтік-саяси қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деп атап көрсетті. Оның ілімі бойынша, қоғамның дамуы өндіріс тәсілі мен экономикалық жүйенің даму деңгейімен айқындалады. Ол қоғамды әр түрлі элементтерден тұратын жүйе ретіндегі адамдардың өзара әрекетінің туындысы деп түсінді.
К.Маркстің әлеуметтану теориясындағы көптеген бағалы ой-пікірлері мен тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдары түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасалды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетілді.
Әлемдік әлеуметтану
дамуының классикалық
Э. Дюркгейм «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеді. Ол әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсете отырып, қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білді. Алайда, оларды үстем таптар арасындағы қатынастарды реттеудің жетіспеушілігінен болатын нормадан ауытқушылық деп санады. Осы бағытта ол қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын дамытты.
Қоғам дамуындағы
өзгерістерге талдау жасай
Э. Дюркгейм қоғам дамуын талдай отырып, әдеттегі көне, ежелгі қоғамнан қазіргі индустриалды қоғамға өтпелі кезеңде аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарудың төмендеп кетуі) құбылысының объективті орын алатынын атап көрсетеді. Оның пікірінше, адамды моральдық, рухани тұрғыдан басқаратын қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың күшеюінен белгілі бір кезеңде адамның мінез-құлқының төмендеуінен аномия байқалмақ. Шынында да, қоғамның саяси сипаты мен әлеуметтік әлеуетінің қарапайым халықтың мақсат-мүддесінен алшақтап, биліктің маңайына топтасуы, әлеуметтік әділеттілік пен заңдылықтың әрбір қоғам мүшесіне ортақ бола алмауы және т.б. осындай келеңсіздіктерге апаратынына адамзат тарихы куә.
Э. Дюркгейм
нақтылы әлеуметтік зерттеулер
негізіңде қоршаған әлеуметтік
ортаның сипатына байланысты
адамдардың өзіне қол
Ежелгі қоғамдар
өмірін және этнографиялық
Э.Дюркгейм әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп, оны өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік өмірдің қызметіне байланысты негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану.
Әлеуметтік морфология
анатомия сияқты, ол қоғамның
негізін, оның құрылымын,
7. Қазіргі әлеуметтану
ғылымы Батыстың ірі
М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды.
Макс Вебер
іс-әрекеттің мүмкін болар
М. Вебер
әлеуметтанулық зерттеулерінде
түсіну әдістеріне көп көңіл
аударды. Оның пікірінше,
М. Вебер өзінің "Протестанттық этика және капитализм рухы" деген еңбегінде экономиканы дінмен байланыстырды. Осы тұрғыда ол дінді экономиканы дамытуда адамдардың ынталанушылығын, еңбек сүйгіштігін, белсенділігін және т.б адами қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.
Макс Вебер
әлеуметтік жіктелу (
Сонымен әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі бұл пәннің қоғамдық ғылымдар арасында өзіндік ерекше орны, зерттеу объектісі, категориялары мен заңдары, әдіс-тәсілдері, құрылымы, мен функциялары бар жетекші ғылымдардың біріне айналдырып, оның көп салалы болып дамуына еркін жол ашты.
Бақылау сұрақтары
1. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде алғаш зерттеген.
2. Г.Спенсердің әлеуметтанулық тұжырымдарының негізі
3. Г.Спенсер қоғам организм ретіңде
4. Г.
Спенсердің эволюция теориясы
5. К. Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімі
6. Э. Дюркгеймше қоғамның тұтастығының негізі
7. Э.
Дюркгеймнің әлеуметтік
8. М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы
9. М.Вебердің әлеуметтанулық "түсіну, ұғыну теориясы"