Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 07:24, методичка

Описание работы

Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

Содержание работы

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Файлы: 1 файл

әлеуметтану.doc

— 806.50 Кб (Скачать файл)

 

Тақырып 1

Әлеуметтану ғылым  ретінде 

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

 

Негізгі ұғымдар: қоғам, объект, пән, субъкт, категория, функция, әлеуметтік, жүйе, байланыс,әлеуметтік заңдар және т.б.

 

1. Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

«Әлеуметтік» дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс - әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға  қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

«Әлеуметтану» ұғымы  латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.

Конт әлеуметтануда  алғашқылардың бірі болып, қоғамды  жүйе ретінде қарастырды. Биологиялы организмді оның алғашқы бейнесі  ретінде көрсетеді. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын атап көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан бөліктерінің бір-біріне үздіксіз ықпал ететінін және кері ықпал ететінін айтады.

Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.

Әлеуметтік  байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.

Әлеуметтік  қарым – қатынастар –  адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.

Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.

2. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады.  Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.

Әлеуметтанудың категориялары  алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік  байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік  процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік белсенділік», т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

    1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.
    2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.
    3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.
    4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.
    5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.

Әлеуметтанудың  қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді.  Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.

       Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.

       Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.

       Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

3. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын экономикалық жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық құбылыстарды, құқықтану заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.

Қоғамды біртұтас жүйе ретінде  алып қарайтын жалпы ғылымдар деп  аталады ( оған тарих пен әлеуметтану  жатады), ал қалғандары жеке қоғамдық ғылымдарғы жатады, себебі олар олар жеке қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің зерттеуін жүргізеді.

 

 

Тақырып 2

Әлеуметтану ғылымының  даму тарихы

  1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.
  2. Әлеуметтанудың дамуындағы  классикалық кезең:

А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;

ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

 

Негізгі ұғымдар: әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі, қазіргі заманғы ілімдер, теологиялық саты, метофизикалық саты, эволюция, позитивизм, «объективті» әдіс,әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика.

 

1. Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға  қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.

Платонның «Мемлекет  туралы» еңбегіндегі негізгі  тұжырым әлеуметтік мәселелерді  сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды  жетілдіруге бағытталған саяси  ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады»  деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің  негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен  билік құрылымдарына негізделген  берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:

    1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

    2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.

   3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.

  4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.

О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.

Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.

Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.

О.Конттың пікірі бойынша  қоғамның ілгері дамуының негізінде  адамзаттың ақыл – ойының дамуы  жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта  болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде «бақылау» сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада, («жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің («таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс») бірі болып табылады.

О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың  салыстырмалы әдісі салыстырудың бірнеше  әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі – адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғұрлым  қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі – жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, «адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе – теңдігін» негіздейді. Зерттудің  үшінші «объективті» әдісі – тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген.

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде