Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 17:55, реферат
Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология
Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б.з.б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.
Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология
Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б.з.б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.
Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.
«Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. «Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды».
Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.
Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады.
Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.
Оның көзқарасы бойынша,
мемлекеттік құрылым
Сонымен мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.
Орта ғасырларда Аврелий Августин (354-430) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектері ерекше мәнге ие болды. Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске теологиялық тұрғыдан түсінік берген.
Ал Ф.Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол заманғы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекет те жаратқанның туындысы деп дәлелдеді.
Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі – адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болды.
Гуманизмнің алғашқы өкілдерінің
бірі – Италия ойшылы Данте Алигьери (1265-
Гуманизмнің атасы атанған Франческо Петрарка (1304-1374) ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, адам мәселесін қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналдырды. Ол антропоцентризмді теоцентризмнен арылу үшін қолданды.
Адам туралы жаңа көзқарас
бірсыпыра әлеуметтік-саяси
Жан Боден (1530-1596) «Мемлекет туралы алты кітап» атты трактатында мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп жазды.
Томас Мор (1478-1535) «Утопия аралығындағы мемлекеттік құрылыстың тамаша үлгісі туралы шын мәніндегі асыл әрі пайдалы, әрі жұбаныш кітапшасы» атты шығармасында, Томазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласы» атты еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымы проблемалары, меншік мәселесіне хақында толғанды.
Материализмнің алғашқы өкілдерінің бірі Томас Гоббс (1588-1679) қоғам туралы натуралистік тұжырымдаманың дамуына өзіндік үлесін қосты. «Левиафан немесе материя, шіркеулік және зайырлық мемлекеттің түрі мен билігі» атты еңбегінде адам мен мемлекет табиғаты туралы баяндай келе, мемлекеттік билік қоғамды жаңа сапалық күйге ауыстырады деп көрсетті.
Әлеуметтік саяси ілімдердің дамуындағы келесі қадамды Джон Локк (1632-1704) жасады. Ол «Табиғат заңдары туралы зерттеу», «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» атты еңбектерінде буржуазия мен дворяндықтың арасындағы өзінше бір келісімпаздық ретінде ағылшын либерализмі идеясын қолдады.
XVIII ғасырдың жартысындағы
Социология ғылымының негізін салушы Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) деп табылады.
О.Конт «Позитивтік философия курсы» атты еңбегінде социология терминін алғаш рет ғылыми айналымға енгізді.
Конт социологияны әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деп екі үлкен тарауға бөлді. Әлеуметтік статика қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал әлеуметтік динамика қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика –
қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы.
Конт қоғамды барлық бөліктері өзара
тығыз байланысты, бір-бірімен берік
бірлікте ғана тануға болатын органикалық
тұтас дүние ретінде
Ағылшын позитивизмінің негізін қалаушылардың бірі Герберт Спенсер (1820-1903) дамудың жаңа идеясын – эволюциялық даму теориясын жариялайды. Ол эволюцияның жалпы идеясын байланыссыздықтан байланыстылыққа, біртектіліктен көптектілікке, белгісіздіктен белгілілікке өту деп түсіндіреді.
Қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарау және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы ретінде танытты.
Людвиг Гумплович (1838-1909) қоғам организмінің негізгі құрамдас бөлігі жеке адам емес, топ деп білді. Оның пікірінше, социология ғылымының нысаны әлеуметтік топтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады.
Француз социологы Габриэл Тард (1843-1904) қоғамды клеткалары индивидтердің миы болып табылатын үлкен миға теңейді. Ол қоғамдық өмірді, ондағы процестерді еліктеу түріндегі жай психикалық механизмдердің әсері деп түсіндіреді.
Француз социология мектебінің негізін қалаушы Эмил Дюркгейм (1858-1917) социологияны қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек социология тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол «Социология» деген еңбегінде фактілер категориясы өзіне ғана тән ерекшеліктерімен айқындалатындығын, ал олардың индивидтен тысқары, күштеумен тағылатын ойлау, іс-әрекет, сезіну тәсілдерімен байланысты екендігін жазады. Сондықтан да оларды елестер мен әрекеттерден тұратын органикалық құбылыстармен де, жеке саналарда не солар арқылы өмір сүретін психикалық құбылыстармен де шатастыруға болмайды. Демек, бұл жаңа құбылысты әлеуметтік деп атау керек екендігін жазып көрсетті.
Макс Вебердің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады. Жекелеген индивидтердің іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде қоғам пайда болды. Вебер жиырмасыншы ғасырдағы бірінші дүниежүзілік соғыс, сана-сезім дағдарысын мәдениеттің дағдарысы, гуманитарлық ғылымдар дағдарысы екендігін түсіндіру барысында өзінің жаңашылдығын, өзектілігін танытып, социология ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды.
Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынады.
Ол қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де танымал. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы болса, екіншісі қоғамның интегралдық типі тұжырымдамасы. Сорокин әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы арқылы қоғамның әлеуметтік өзгерістері мен даму диалектикасының қайнар көздері мен қозғаушы күштерін талдай түсіндіруге тырысты.
Сорокиннің пікірі бойынша, әлеуметтік ғылымдар тарихында социологияға қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарасты байқауға болады. Бірінші көзқарас бойынша, социология ғылымы қоғамдық құбылыстар әлемін зерттейтін жекелеген ғылым салаларының жиынтығы болса, екінші көзқарас бойынша, социология басқа ғылым салалары қарастырмайтын өзіндік зерттеу нысаны бар әлеуметтік ғылымның дербес бір саласы болып табылады.
Міне, социология ғылымының қалыптасу тарихы осындай кезеңдерді өткере отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында социология жеке әлеуметтік пән ретінде қалыптасты.
Информация о работе Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы