Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2015 в 12:44, реферат
1. Огюст Конт – әлеуметтану ғылымының негізін салушы.
2. Герберт Спенсердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесі.
3. К.Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімдері.
4. Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдары.
2-сабақ. Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі.
1. Огюст Конт – әлеуметтану ғылымының негізін салушы.
2. Герберт Спенсердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесі.
3. К.Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімдері.
4. Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдары.
1. Адамзат тарихында өркениеттің
бастауы саналған Антикалық
Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны әлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа «Социология» (әлеуметтану) деген терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.
О.Конт әлеуметтануды жай ғылымдардың қатарына жатқызбады, оны барлық ғылымдардың шыңы, қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру мен өзгертудің аса қуатты құралы деп есептеді. Ол әлеуметтануды шартты түрде әлеуметтік статика және динамика деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі - "тыныштық қалпындағы", екіншісінікі "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік динамика - әлеуметтік организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді деп есептеді. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып саналды. Оның ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын анықтауда әлеуметтанулық салыстыру әдіс-тәсілдері мүмкіндік береді. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әр түрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр. Зерттеудің үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда, физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тәжірибе бар. Әлеуметтануда, биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тәжірибе болып табылады.
2. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды.
Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Осыны негізге алу арқылы ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру, үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.
Студенттердің эволюциялық үдерісті тереңірек түсінуі үшін бұл ұғымның мағынасын аша кеткен жөн. Эволюция (лат.evolutio - өрістеу) – кең мағынада қоғамдағы, табиғаттағы және органикалық дүниедегі болып жатқан санды өзгерістен сапалық өзгеріске ауысуды білдіретін ұғым. Әлеуметтануда
эволюция идеясы қоғамдық жүйенің белгілі мерзімде біртіндеп бір қалыптан екінші бір қалыпқа айналуын білдіреді.
Қоғам мен биологиялық организм арасындағы мұндай ұқсастық бұрын да ғылымға белгілі болды. Алайда, мұны алғаш рет жүйеге келтіруі Г.Спенсердің әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты.
Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден, зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық заңдылығы идеясы.
3. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан, бұл танымда айырықша тұжырымдама жасаған Карл Маркс (1818—1883) болды. Кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік шешесі деп атаған. Бұлай атауға негіз болған оның қоғамның формациялары туралы ілімі және әлеуметтік құрылым туралы ойлары болды. Ол алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-саяси қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деп атап көрсетті. Ол өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеді.
К.Маркстің әлеуметтану теориясындағы көптеген бағалы ой-пікірлері мен тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдары түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасалды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетілді.
4.. Еуропада әлеуметтанудың институттену үдерісі, оның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуы әлемдік әлеуметтану дамуының классикалық кезеңінің ірі өкілдерінің бірі, француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) атымен тығыз байланысты. Ол «Еңбектің қоғамдық бөлінуі», «Әлеуметтанулық әдіс» және т.б. іргелі еңбектерінде эмпирикалық зерттеулер мен әлеуметтанудың қолданбалы сипатына назар аударып, әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесін жасады. Оның тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алып, ол тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмей, басқа қоғамдық ғылымдарды әр түрлі ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады деді.
Э. Дюркгейм «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеді. Ол әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсете отырып, қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білді. Осы бағытта ол қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын дамытты.
Қоғам дамуындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп санады. Оның түсінігінше, әр қоғамда өзіне тән тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, көзқарастардың, моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады.
Э. Дюркгейм қоғам дамуын
талдай отырып, әдеттегі көне,
ежелгі қоғамнан қазіргі индустриалды
қоғамға өтпелі кезеңде аномия
(яғни, қоғамда адамдардың тәртібін,
адамгершілік қасиеттерін
Э.Дюркгейм әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп, оны өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік өмірдің қызметіне байланысты негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану.
5. Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің (1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп санасады.
М. Вебер - әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы. Оның пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады. Алайда, адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алу керек. Бұл арада М. Вебердің саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дегенін еске сала кеткен жөн. Мұнсыз қандай болмасын іс-әрекет, қимыл әлеуметтік құбылыс болып саналмайды.
Макс Вебер іс-әрекеттің
мүмкін болар төрт түрін
М. Вебер әлеуметтанулық
зерттеулерінде түсіну
Сонымен әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі бұл пәннің қоғамдық ғылымдар арасында өзіндік ерекше орны, зерттеу объектісі, категориялары мен заңдары, әдіс-тәсілдері, құрылымы, мен функциялары бар жетекші ғылымдардың біріне айналдырып, оның көп салалы болып дамуына еркін жол ашты.
Бақылау сұрақтары
1. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде алғаш зерттеген.
2. Г.Спенсердің әлеуметтанулық тұжырымдарының негізі
3. Г.Спенсер қоғам организм ретіңде
4. Г. Спенсердің эволюция теориясы
5. К. Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімі
6. Э. Дюркгеймше қоғамның тұтастығының негізі
7. Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегі
8. М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы
9. М.Вебердің әлеуметтанулық "түсіну, ұғыну теориясы"
Информация о работе Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі