Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:06, реферат
Огюст Конт (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”)
Огюст Конт
Огюст Конт (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”). Үшінші кезеңде (1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”). Әлеуметтік өзгерістерді талдау арқылы Конт қоғам тарихындағы теологиялық, метафизикалық және позитивті кезеңдерді анықтады. Оның пікірінше, қоғамды бөлудің және үш кезеңді белгілеудің өлшемдері үстемдік етуші идеялар сипаты арқылы анықталады. Теологиялық кезең дін үстемдігімен, метафизикалық кезең метафизикалық тұжырымдама үстемдігімен сипатталады. Соңғы кезеңде діни және философиялық сипаттағы спекулятивті жүйелердің соңына нүкте қоятын позитивті ғылымдар дамуы жүреді. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік алып, социология қарқынды дамиды. Конт қоғамдық өмірді талдаудың үш әдісін: бақылау, әлеуметтік тәжірибе, салыстырмалы зерттеумен бірге индустриалды қоғам тұжырымдамасын жасады. Конт адамзат тарихының негізгі үрдістеріне сәйкес капитал мен биліктің капиталистерде шоғырлану процесін оң бағалады. Социумның даму шамасы бойынша қауымдық тәртіппен бірге рухани тәртіп, моральдік ізгіліктер тәртібі орнығады. Қауымдық және рухани тәртіптің ұлғаюымен соғыстар анахронизмге (ескіліктің қалдығы) айналады және Батыс елдері индустриалды қоғам дамуы бойынша басқа елдерді жаулап алу саясатынан бас тартуы керек, оларға өз өркениетін күштеп таңбауы тиіс. Конттың пайымдауынша, индустриалды қоғамда соғыс маңызды рөл ойнамайды. Соғыс ретке келтірілген еңбекке адамдарды зорлықпен көндіру, ірі мемлекеттер құру құралы ретінде қажет. Соғыс еңбекке үйрету және мемлекетті қалыптастыру тәрізді екі жақты тарихи миссияны орындады. Индустриалды қоғамда еңбекті ғылыми ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің қабілеттеріне сәйкес лайықты орнын алып, қоғамдық әділеттілік орнайды (қараңыз Индустриалды қоғам). Батыс әлеміндегі ықпалды философиялық ағымдардың бірі позитивизмнің негізін қалаушы Конт философияны ғылымға тән сипаттардан азат ету туралы идеяны көтерді және дәлелді білімге арқа сүйеді. Конттың пікірінше, білімді мынандай жағдайда позитивті деп санауға болады: 1) нақты, дәл және анық болғанда; 2) эмпирикалық бақылау процесінде алынғанда. Философия “ғылым падишасы” – астамшыл ғылым болуға ұмтылмай, нақтылы ғылым болуы тиіс. Бұл идеяларға Конт қоғам тарихын, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау нәтижесінде келеді. Ол өз зерттеулерін қорытындылай келе, интеллектуалдық және техникалық қос эволюция заңын тұжырымдады. Тұтас алғанда бірі-біріне сәйкес келетін интеллектуалдық дамудың 3 деңгейін және техникалық дамудың 3 кезеңін анықтады. Теологиялық – дәстүрлілікке, метафизикалық – индустриалдыққа дейінгіге, позитивті – индустриалдыққа сәйкес келеді. Конттың ойынша, индустриалды қоғамға өту позитивті білімнің қарқынды дамуымен, нақты ғылымдардың басымдылығы арқылы жүреді. Конт позитивизмі философияның мәні мен міндетін және оның ғылымға қатынасын айқындау төңірегінде дәйекті пайымдау (дискурс) бастаған философияның дамуындағы жаңа ағым, позитивизм философиясының қалыптасуындағы бастама болып табылады.[1][2]
Әлеуметтанудың негізін салушы
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды.
Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.[1]
Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның тұғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла қарекет жасайтын тәндік, өмірлік және психикалық себептердің қарекеті деп түсіндіру болып табылады.
Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану,биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.
Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады.