Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 16:04, сочинение
Отбасының негізгі қызметі ұрпақ өсіру мен тәрбиелеу және болашаққа жол көрсетіп, өмірде жаңа кішігірім адамдар тобын қалыптастырады. Отбасының негізгі объектісі бала болғандықтан ол өмірге келгеннен бастап отбасыда өмірге бейімделіп көзқарасы қалыптасып бала бойына асыл құндылықтарды игеріп азамат болып қалыптасады. Осы тұрғыда ата-ананың рөлі ерекше,әрі басым болып табылады. Сондықтан ата-ана баланың тек өз үйінің ғана мүшесі емес,қоғамға да әсер етуші тұлға етіп тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана бала отбасына да,қоғамға да тіпті мемлекетке де жағымды әсер ете алатын және оларды меңгеріп өзгерте алатын тұлға болып қалыптасады.
Отбасы – әлеуметтік институт
Отбасының негізгі қызметі ұрпақ өсіру мен тәрбиелеу және болашаққа жол көрсетіп, өмірде жаңа кішігірім адамдар тобын қалыптастырады. Отбасының негізгі объектісі бала болғандықтан ол өмірге келгеннен бастап отбасыда өмірге бейімделіп көзқарасы қалыптасып бала бойына асыл құндылықтарды игеріп азамат болып қалыптасады. Осы тұрғыда ата-ананың рөлі ерекше,әрі басым болып табылады. Сондықтан ата-ана баланың тек өз үйінің ғана мүшесі емес,қоғамға да әсер етуші тұлға етіп тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана бала отбасына да,қоғамға да тіпті мемлекетке де жағымды әсер ете алатын және оларды меңгеріп өзгерте алатын тұлға болып қалыптасады.
Психологияда “ тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: “жеке тұлға” дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды қызметтерді атқаруы.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. И. Таллменнің «Тұрақсыз әлеуметтік-мәдени ортадағы отбасылық әлеуметтену» теориясында Жасөспірімнің әлеуметтенуінің мазмұны, сапасы мен нәтижесі оның отбасы өмір сүретін қоғамның жағдайымен анықталады. Соған сәйкес Таллмен теориясының негізі: неғұрлым адам мәселені шешуді жасөспірім шақта жақсы үйренсе, соғұрлым ересек болғанда өмірдің тосыннан болатын өзгерістеріне қарсы тұра алады. Жалпы Таллмен теориясы: Қоғам әлеуметтену процессіне отбасы арқылы әсер етеді. Бұл процесс бала ата-анасымен бірге мәселені бірлесіп шешкен кезінде жүзеге асады. Нәтижесінде жасөспірім өзінің әлеуметтік ортасында мәселені шешуге қабілетті болады.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - дейді Абай. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Сонымен, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.