Отбасының әлеуметтік мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:55, реферат

Описание работы

Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

Файлы: 1 файл

1104_eleumettik_36.doc

— 65.50 Кб (Скачать файл)

 

Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.

 

Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.

 

Екінші кезең –  ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы  мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі  арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

 

Отбасының бұдан да басқа  өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы  жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.

 

Индустриялық құрылымының  дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр  жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.


Информация о работе Отбасының әлеуметтік мәні