Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 16:40, реферат
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
1. Шиеленіс түсінігі, оның әлеуметтік алғышарттары
Адамзат қоғамының тарихына
көз жүгіртсек, көне заманнан бастап
бүгінгі күнге дейін қоғам
дамуының барлық сатыларында әлеуметтік
орын алғандығын байқауға болады. Біздің
тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген
бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс
деген ұғымды білдіреді.
Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,
тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді.
Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде
өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға
душар болып жатады.
Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік
топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау,
өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда
әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып
отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу
барысында қоғам өмірінің бар саласында
қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген
шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып
отырды.
Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді
оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық
маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен
жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс
шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің
алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы
қажет.
Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда
қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми
тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану
ғылымда қалыптасты.
Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы
зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің
қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын
білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің
қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың
соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер
және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер
әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс
ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К.Маркстен
кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу
себептерін адамдардың материалдық қажеттерін
өтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін
айтты.
«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді
алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс
ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті
қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы
ретінде қарастырған.
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын
XX ғ. 20 –жылдары Чикаго мектебінің көрнекті
өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс
және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік
өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді.
Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке,
бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара
ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.
Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының
құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде
XX ғ. 50 - жылдарында қалыптасты.
2. Әлеуметтік шиеліністердің
атқаратын қызметтері және жіктелуі.
Әлеуметтік шиеленістердің мәнін ашып
көрсету үшін олардың басты себептерін
білу керек. Әрине, қоғамда орын алатын
шиеленістердің өзіндік ерекшеліктері
бар, олардың әрқайсысы басқа шиеленістерге
ұқсамауы мүмкін. Алайда шиеленістерге
тән жалпылама себептер барлық қоғамдарда
орын алады. Бұл мәселеге байланысты ғылыми
әдебиеттерде бірқатар тұжырымдамалар
да бар. Мәселен, маркстік тұжырымдама
бойынша қоғамдағы таптар арасындағы
әлеуметтік, таптық күрестің себебін еңбек
пен капиталдың арасындағы қайшылықтан
іздеу керек. Яғни, еңбектің қоғамдық сипаты
мен оның нәтижесін иемденудегі жеке меншіктік
сипаты арасындағы бітіспейтін қайшылық
әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Маркстік
теория түолі сипаттағы қоғамдық қайшылықтарды
экономикалық себептермен түсіндіреді.
Неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорфтың
ойынша, әлеуметтік шиеленістердің басты
себебі – саяси факторлар. Дәлірек айтқанда,
шиеленістер саяси билік мәселесіне байланысты
туындайды. Бұл автор қоғам өмірінде әлеуметтік
шиеленістердің болуы заңды құбылыс екендігін
айта келіп, адамдар арасындағы теңсіздік
билікке байланысты деген қорытындаға
келді. Билік барлық қоғамның мүшелеріне
беріле бермейді. Қоғамда бір топ адамдар
басқаларды басқаруға, бұйрық беруге,
тәуелді етуге бағытталған билікке ие.
Ал, көпшілік оларға бағынышты жағдайда.
Мұндай әлеуметтік теңсіздік жеке адамдардың,
әлеуметтік топтар мен таптардың меншікке,
материалдық игілктерге ие болуға, бөлінуге
байланысты теңсіздігін тудырады. Міне,
сол себепті Р.Дарендорф өз теориясында
меншік, материалдарды игіліктерді бөлу
мәселесіне басты назар аударады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінде, меншік қатынастарында,
билік жүйесінде, материалдық игіліктерді
әрдайым орын алады. Барлық адамдарды
теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың
пікірінше,қоғамда белгілі бір топтың
азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге,
әлеуметтік бостандықтары мен құқықтарға
деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды.
әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады.
Бұл аталған қажеттіліктермүддеге айналады,
мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке,
байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен
бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға
ұласады деп түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А: Сорокин кез
келген әлеуметтік төңкерістің басты
себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір
сүруге керек басты қажеттіліктерінің
қанағаттандырылмауынан екндігін атап
көрсеткен.
Әлеуметтік шиеленістер сол сияқты қоғам
адамдардың түрлі мәселелерге байланысты
пікірлерінің, көзқарастарының немесе
ұстаған құңдылық бағыттарының кереғарлығынан
туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне
байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер
бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта
болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті,
басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.
Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, ьөнерге,
спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты
адам ой-пікірлерінің, құндылықтарның
қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың
бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті
жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық
және рухани салаларда орын алады.
Адамдар арасында алаусыздық тудырып,
әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе
идеологының қарама-қарсы себеп болады.
Мәселен, коммунизм мен антикомунизм,
фашизм мен антифашизм арасындағы күрес
әлемдікшеңберде орын алған идеологиялық
күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер
арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен
қақтығысуға итермелейді.
Кей жағдайда адамдар арасындағы, тіпті,
мемлекеттер арасындағы даулы, шиеленісті
жағдайда діни нанымдардың айырмашылығынан
деп білетін қате топшылаулар, қаңқу сөздер
айтылып жүр. Ешбір дін қантөгісті, соғысты
уағыздамайды. Көбінесе ой-өрісті тар
саясаткерлер, белгілі бір топтар өздерінің
жеке мақсаттары, пайдалары үшін елдің
мұң-мұқтажын желеу етеді. Арандату әрекетін
іске асырады. Міне, осы жағдайды естен
шығармау керек.
Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін
түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға
болады. Депривация (lat depriuatiuo – жоғалту,
айырылып қалу) процесі – индивидтер мен
әлеуметтік топтардың болашаққа артқан
сенімдерінің, үміттерінң орындалмау
жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына
қойған талап-тілектерін қанағаттандыру
мүмкіндігінің болмауы. Мәселен, Кеңес
Одағына 1985-жылдан басталған «Қайта құру»
шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол
кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың
түрлі топтарының талап-
Біз, сонымен, әлеуметтік шиеленістердің
жалпы объективтік себептерін қарастардық.
Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті,
даулы жағдайлар тек объективті себептерге
ғана байланысты емес. Кей жағдайда адамдар
арсындағы дау-жанжалдар сол адамадарға
байланысты субъективтік себептерден
де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық
ерекшелітері, көңіл – күйлері, талғамдары,
т.с.с байланысты. Батыс әлеуметтанушыылары
шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына
байланысты туындайды. Деген пікірде.
Жеке адамдардың, топтардың, топтардың
арасындағы қақтығусылар ақпараттың жетіспеуі
мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы
қиындақтардан да болады.
Адамзат қоғамында шиеленістердің сан
алуан түрлері кездеседі. Сол себепті
бұл құбылысты түрліше жіктеу бар. Мәселен,
Р. ДАрендорф шиеленістерді жіктеуде әлеуметтік
қауымдастықтың көлемі мен субъектілердің
әлеуметтік рөлдерін негіз етіп алады.
Бұл критерийлер бойынша автор шиеліністерді
жанұядағы ұрыс-таластан бастап әлемдік
көлемдегі саяси шиеленістерге дейінгі
15-ке жуық түрлерін атап көрсетеді.
Ю. Запрудский деген автор төмендегідей
жіктеуді ұсынады:
1.шиеленістердің себептеріне қарай:
а)объективті себептерден пайда болатын
шиеленіс
б) субъективті себептерден пайда болатын
шиеленіс
2. Қайшылықтардың сипатына қарай:
а)Антогонистік
б) Антогонистік емес
3.Уақытына қарай:
а)Ұзақ мерзімге созылатын шиеленістер
б) Қысқа мерзімді шиеленістер
4.Қоғамдағы ықпалына қарай.
а) нәтижелі шиеленістер
б) нәтижесіз шиеленістер
Автордың шиеленістерді осылайша топтастыруы
жан-жақты болғанымен, оның бұл жіктеуі
күрделі және икемсіз екенін айтқанымыз
жөн.
Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық құбылысты
субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:
Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі.
Яғни, бұл адамның психологиялық көңіл
күйі. Мұндай адамның белгілі бір рөлді
атқарудағы қинылуынан, сол сияқты басқа
біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан
келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде
болуы басқаларға да әсерін туғызады.
өйткені кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы
қиындықтың себебін басқалардан себебін
басқалардан деп түсінуі кездеседі.
Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер
екі немесе одан да көп адамдар арасында
болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі
кездеседі.
Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы
әлеуметтік топтар арасында орын алады
Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты
құрайтын индивидтерге сырттан қысым
жасалатын кезде пайда болады.
Яғни, жоғары жақтан берілетін бұйрықтар,
қабылданған ережелр әлгі топтың мүдделірене
қарама-қайшы болатын жағдайдағы шиеленіс.
Мұндай жағдайда топ адамдары әлгі бұйрықтар
мен ережелерді қолдайтын институттармен
шиеленіске түседі.
Ресей шиеленістанушысы А.Г. Здравомыслов
әлеуметтік шиеленістерді орын алу салаларына
қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша,осылайша
жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті
болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді
экономикалық, саяси, ұлтаралық және шиеленістер
деп жіктейді.
1. Саяси шиеленістер демократикалық қоғамдағы
қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі
билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге
байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық
немесе жасырын сипатта болуы мүмкін.
Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс,
жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы
сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға
ұласуы да мүмкін.
2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі
ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары
мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған
күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда
ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория
мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық
шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден
мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда
болған «Желтоқсан оқиғасы» қазақ ұлтының
тәуелсіздігі , құқықығыүшін ғана емес,
сол кезднгі саяси жүйеге қарсы бағытталған
қозғалыс еді.
3. Экономикалық шиеленістер жекеленген
индивидтер мен әлеуметтік топтардың
өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда,
еңбекақы тұрмысқа қажетзаттардың бағасы,
қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу
мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің
бұл түріне біз кейінірек арнайы тоқталамыз.
Шиеленістерді басқа да жіктеудің жолдары
бар. Мәселен, мерзіміне қарай: қысқа мерзімді
және ұзаққа созылатын шиеленістер деп
жіктеу; және ресурстарына қарай материалдық,
рухани және әлеуметтік деп жіктеу бар.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік шиеленістерді
жіктеудің жолдары сан алуан. Шиеленістерді
жіктеуде ең бастысы-оның дұрыс шешімін
табуды басты мақсат ету қажет.
Енді, әлеуметтік шиеленістерлдің функцияларына
келсек, ғылыми әдебиеттерде бұл құбылысқа
екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау бар.
Біріншеісі – шиеленісті қоғам үшін пайдалы,
жағымды құбылыс деп бағалау; ал, екіншісі
– шиеленісті кері, жағымсыз құбылыс ретінде
бағалау. Бірінші аталған парадигма шиеленістің
қоғам дамуындағы заңды құбылыс екендгін
мойындаудан келіп шықса, екіншісі – оны
қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан
туындайды.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа
мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік шиеленістердің
атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін
пайдалыдеп атап көрсетті. Мәселен, Л.
Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметтік жүйені
тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс
қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына
ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның
өміршеңдігі қамтамасыз метіледі дейді.
Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер
жағымды қызмет атқарады.
Олар мыналар:
Ақпараттақ-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік
шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі
қажет түйсінді мәселелер туралы, қалыптасқан
қайшылықтар. Туралы ақпарат беред. Сонымен
қатар шеиленістіжағдайдаәр жақтың адамдары
өздерініңжәне қарсы жақтың мүдделеріне
айқын сезінуге мүмкінділік алады. өзара
пікір –талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа
қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Әлеуметтік шиеленістердің келесі біржағымды
қызметіинтегративтік деп аталады. Бұл
қызметтің мәні – шиеленістің пайда болуы,
дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында
адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының
тығыз топтала түсумен түсіндіріледі.
Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар
үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір
деңгейде тепе-теңдіктің орнауы қамтамасыз
етіледі.
Бұл жерде мынандай мәселені де естен
шығармау кере. Қоғамда түрлі деңгейдеболып
тұратын шиеленістер адамдарды топ шеңберінде
топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық
қатынастардың бұзылуына, әлеуметтік
құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі.
Дәлірек айтсақ,шиеленістердің интегративтік
қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу,
әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда
болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін
естен шығармауымыз керек.
Шиеленістердің динамикалық (серпінділіг)
деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни,
шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде
әлеуметтік жүйенің,жалпы қоғамның сапалы,мәнді
өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады.
Шиеленістер неғұрлымкөлемді, тереңірек
болса, олардың әлеуметтік процестерге
тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек
болады.
Әлеуметтік шиеленістердің жағымды жақтарымен
қатар олардың кері, жағымсыз да салдары
бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті
өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар
арасында өшпенділік туғызады, тіпті қантөгіске
деұшыратуы әбден мімкін. Сонымен қатар
қоғамның тұтастығына, бірлігіне де шек
келтіреді. Ұзаққа созылған,ауқымды шиеленістер
кең көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.
Қорыта айтқанда,шиеленістердің қоғамға
тигізетін жағымды ықпалымен қатар кері
де жақтары болады екен. Олардың салдарын
бір жақты бағалауғаболмайды. Сол себептен
кез келген шиеленістің салдарына үңілгенде,жағымды,
позитивтік жағы басымнемесежағымсыз,негативтік
жағы басымдеп бағалау орынды.
3. Шиеленіс субъектілері және оны реттеу деңгейлері мен механизмі. Шиеленісті шешу жолдары
Әлеуметтік шиеленістерді
күрделі әлеуметтік процесс ретінде
түсіну керек. Бұл құбылыстың даму барысын
мынадай сатыларға бөліп
а) шиеленістің бастапқы кезеңі немесе оны өзара қақтығысуға дейінгі кезең деп те атауға болады. Бұл сатыда екі қарама-қарсы жақтың арасыңдағы қайшылық барынша өршиді. Субъектілер бұл уақытта нақты іс-әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) шамалайды. Ондай ресурстарға материалдық құндылықтар, ақпарат, билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады. Бұл кезенде, сонымен қатар, әр жақ өздерінің мүмкіңдіктерін бір араға шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің стратегиясын айқындайды. Бұл — шиеленістің бейбіт кезеңі.
Шиеленістің қақтығысу кезеңі.
Қарама-қарсы жақтардың қимыл-әрекетке көшуіне белгілі бір жағдай түрткі болады (инцидент). Кейде шиеленіс көп ұзамай аяқталуы да мүмкін. Оның себебі, бір жақтың күші басым түсіп, жеңіске жетеді де қақтығыс тоқтайды.
Екінші бір жағдайда субъектілер сол бастапқы қақтығысу кезінде-ақ өзара келісімге келулері мүмкін.
Алайда, барлық шиеленістердің тез арада шешімі табылып, қысқа мерзімде аяқтала бермейді. Көп жағдайда шиеленіс ұзаққа созылады. Әсіресе, ұлтаралық, саяси сипаттаған шиеленістер ұзақ уақытқа созылады. Мұндай шиеленістерде өткір қақтығыс кезеңінен кейін уақытша тыныштық орнап, көп ұзамай бұл қақтығыс тағы қайталанады. Кейде екі жақтың арасындағы күрес барынша күшейіп, сатылай өрлей түсуі мүмкін. Мұны шиеленістің эскалация кезеңі дейді. Осылайша өрлей келе шиеленіс өзінің шарықтау шегіне – кульминациясына жетеді. Нақ осы кезде екі жақтың адамдары да қалыптасқан жағдайдан шығудың басқа жолдарын ойластыра бастайды. Яғни, шиеленістің келесі үшінші кезеңі басталады.
Шиеленісті жағдайдың шешімін табу кезеңі.
Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Әрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі.
Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек.
Р. Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін.
Әлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір-бірлерін "бітіспес жау" деп санамай, керісінше, әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек.
Шиеленісті шешудің келесі бір жолы – субъектілердің өзара келісімге келіп, іс-әрекетті тоқтатулары арқылы жүзеге асады. Жағдай мына себептерге байланысты болды:
1) Екі жақтың ресурстарының азаюына байланысты;
2) Екі жақтың біреуі күресті әрі қарай жүргізу нәтиже бермейтіндігін түсініп, өз іс-әрекетін тоқтады;
3) Қақтығыс сол сияқты қарсыласты толық жою арқылы да аяқталады.
Шиеленістердің толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы үшін: біріншіден, оны туғызған басты себепті уақытында және дәл анықтау қажет.
Екіншіден, қайшылықты, алауыздықты жоюға қарсыласушы екі жақ та мүдделі болуы шарт.
Шиеленістің процесті басқаруы, дәлірегі оның барысына ықпал ету мүмкін екендігін бітлгеніміз жөн. Бұл процесті басқарудағы басты міңдет — шиеленістің асқынуына жол бермеу және оның кері кетіретін нәтижелерін кеміте түсуге ұмтылу.
Әлеуметтік шиеленістерді шешудің тиімді жолы – үшінші жақтың көмегін пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың ұстайтын позициясына көп нәрсе байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ қақтығысушылардың бір жағын қолдап, солардың басымдылығына мүдделі болса, шиеленіс күштеу арқылы немесе әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады.
Субъектілерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын – сот, арбитраж және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын үшінші жақтың көмегімен шешу.
Информация о работе Шиеленіс түсінігі, оның әлеуметтік алғышарттары