Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:52, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Социологии".
Саяси партиялар ұғымы, түрлері, қызметтері, белгілері: Саяси партия – билікті қолға алуға және жүзеге асыруға, халықтың қолдауына ие болуға тырысатын ұлттық және жергілікті деңгейде жұмыс істейтін үздіксіз іс-әрекеттегі саяси ұйым болып табылады. Түрлері: Авангардтық партиялар ( лениндік тұжырымдама ). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мыс: Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП. Сайлаушылар партиясы. Негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызмет атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.Саяси партиялардың белгілері: 1) ұйымның өмірінің ұзақ болуы; 2) тұрақты жергілікті ұйымдарының болуы; 3) билікке ұмтылуы;
Саяси сана ұғымы, құрылымы, қызметтері: Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс әрекеттеріне бағыт бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Қызметтері: қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу. Тұжырымдық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс әректтеріне бағдар беру. Құрылымы: Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, т.с.с. жиынтығы. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл күйдің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.
Саяси тәртіп ұғымы және түрлері (тоталитаризм, авторитаризм): Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп екі үлкен топқа бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді. Тоталитарлық тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.
Саяси технология мәні, түрлері: Саяси технологиялар – сайлауды ұйымдастыру мен сайлау компанияларын құрудың жаңа әдіс-тәсілдері. Түрлері: Имиджмейкер – сайлау компаниясын ұйымдастырып, қалыптастыратын адам. Электоральдық менеджер бұл да сайлау технологияларын ұйымдастыратын негізгі тұлғалардың бірі. Саяси кеңесші - тікелей саяси ахуалды бағалаумен оның болашағына болжам жасауға ұмтылуы тиіс. Саяси технологияны жетілдіру және сайлау компаниясын құру мен қалыптастыру мәселесімен шұғылданады.
Саяси технологиялар мәні: Технология - гректің- «шеберлік, білу», деген сөзінен шыққан. Саяси технологиялар – сайлауды ұйымдастыру мен сайлау компанияларын құрудың жаңа әдіс-тәсілдері. Саяси мақсатқа қол жеткізу үшін сайлауға үміткер мен оның қолдау тобының әртүрлі бағыттағы жүргізген іс-қимылдары мен әрекеттері. Саяси технологиялардың нәтижелілігі тікелей ұйымдастырушылар мен саяси әрекетті жүзеге асырушылардың сауаттылығы мен шеберлілігіне байланысты.
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар: мәні, түрлері: Саяси шиелініс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Конфликтология мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүлдіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеліністердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Түрлері: дау жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі; кейінге қалдыру әдісі; саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу; зорлық негізінде бітістіру, келістіру; аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі.
Саяси элита мәні, қызметтері және типтері: «ЯЭлита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан, таңдаулы, сұрыпталған деген мағынаны береді. Элита дегеніміз – билік құрылымында белгілі-бір позицияны иеленген топ. Элита теориясы ХХ ғ. басында пайда болды. Оның негізін салған италия ғалымы Вильфредо Парето.
Х
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат: Халықаралық қатынастар –халықтар, мемлекеттер, экономикалық және құқықтық ұйымдар арасындағы халықаралық аренадағы экономикалық, саяси, мәдени, құқықтық байланыстарының жиынтығы. Сыртқы саясат – мемлекеттің ұлттық мүддені жүзеге асыру мақсатында олардың қатынастарын реттейтін халықаралық аренадағы іс-әрекеті. Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты: 1. Ішкі саяси бағдар үшін сыртқы саяси шарттарды қамтамасыз ету. 2. Халқаралық қатынастар жүйесінде қалыптасқан сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру. Халықаралық қатынастарға төмендегі факторлар әсер етеді: 1. Әлемдік қаржылық-саяси жағдай. 2. Әскери-стратегиялық жағдай. 3. Жеке мемлекеттердің ықпалы. 4. Шикі және табиғи ресурстардың.
халықтың қолдауына сүйену. Саяси партиялардың қызметі:1. саяси мақсатты анықтайды. 2. Қоғамдық мүддені білдіреді. 3. Азаматтарды әлеуметтендіреді және қоғамдық пікірді қалыптастырады. 4. билік үшін күрес және оған қол жеткізу.