Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 15:30, реферат

Описание работы

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» дегеген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мумкін емес.
Социологиялық білімнің негізгі қызметі — әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртурлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымнын «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societa»— латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология коғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология — қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

Файлы: 1 файл

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы.doc

— 40.50 Кб (Скачать файл)

Социология  пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

 

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» дегеген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мумкін емес.

Социологиялық білімнің негізгі қызметі — әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртурлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымнын «социология» деген атауы  латын, грек сөздерінен құралған: «societa»— латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология коғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология — қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Социология» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Бұл жағдайда ол бүкіл қоғамтанудық баламасы, синонимы болып көрінеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда, социологияны тар мағынасында қарағанда, ол қоғамтанудың жеке бір ерекше саласы болып шығады.

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан да көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі — социум деп аталатын әлеуметтік шындық.

«Қоғам» деген термин социолгияда адамдар арасында болып жататын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар, әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі — өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшілігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың объектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухану байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардын рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың, зерттейтін объектісі - тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.

Демек социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол коғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері), әлеуметтік-территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттық, халықтық, этнографиялық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі — адамдардың және олардың бірлестіктерінің, іс-әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес социология адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.

Енді  социологияның  зерттеу  объектісі мен пәніне тоқталайық. Жалпы ғылым объектісін сөз қылғанда, таным процесі белгілі бір ғылым шеңберінде не нәрсеге бағынылған деген сұрауға тіреледі. Ал ғылымның пәні жайлы сөз болғанда, ол ғылым нәрсенің, объектінің қай жағын, қандай заңдылықтарын зерттейді немесе зерттеуге тиісті?— деген сұраққа жауап беруі керек. Осы турғыдан қарағанда, социология пәніне мынадай анықтама беруге болады: социология — қоғамның құрылысы; өмір сүруі мен дамуының  жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктерінің және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғылым.

Әрине бұл анықтаманы жалпыға бірдей міндетті, әбден пісіп жетілген, барлық социологтар мойындауға тиісті анықтама деуге болмайды. Дүниежүзілік социологияда бұл ғылымның пәнін анықтау мәселесінде түрліше пікірлер баршылық.

А.А.Радугин, К.А.Радугин, мәселен, мынандай анықтама береді: социология — әлеуметтік біртұтас жуйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің өзінің құрамдас бөлшектері: жеке адам, әлеуметтік бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым.

Әйгілі американдық социолог Нейл Смезлер: «Социология қоғамды және алеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы» дейді. Оның пікірінше, социология адамдарды танып білу, зерттеудің бір тәсілі, ол адамдардың мінез-құлқын, олардың жүріс-турысын анықтауға тырысады.

Дегенмен, пікірлердің жалпы мазмұны социология пәнінің жоғарыда келтірілген анықтамасының мазмуны мен басты сипатына қайшы келмейтін сияқты.

Ғылымның ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі — социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және кажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар - заңдар болып табылады.

Социологиянын ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы «әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйымдастыру», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық» т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «топ», «әлеуметтік қабат», «халық», «ұлт», «жанұя» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Социология әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтар мен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының -арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Ол. заңдар адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекетінен көрініс береді. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңы, әлеуметтік мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі, т.б. заңдар жатады.


Информация о работе Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы