Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 23:17, реферат
Бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары - бұл, алдымен, оның отбасы және оқу орны.
Орындаған: Имангазина Адина ГГ-11
Астана 2013
Бүгінгі біздің қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында әлем дабыл қаққан жасөспірімдер арасында көбейіп бара жатқан суицид проблемасы. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары - бұл, алдымен, оның отбасы және оқу орны. Бұл кезеңде суицидті мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор бұл - оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Ересектер мен жасөспірімдердің қарым-қатынас орнатуының ең тиімді формасы-тұлғалық және сенімділік негізінде құрылған қарым-қатынас. Өз кезегінде жасөспірімдер барлық сфераларда өздерін көрсетуге тырысады. Бұл кезде белгілі бір мінез акцентуациясы айқын көрінетін жасөспірімдерге де назар аудару қажет. Мінез ауытқушылығының басты себебі бұл тәрбиедегі кемшіліктер және педагогикалық қарым-қатынастың адекватты емес сипаты. Жасөспірімдердің мектептегі қарым-қатынас орнату сферасы оның тұлғалық қалыптасуына, өмірлік позицияларының қалыптасуына, өмірлік жоспарлар құруына мықты әсер етеді.Сондықтан ол білім алатын орында барлығы ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде құылылуы тиіс. Егер әрбір ата-ана баласымен сенімділік негізінде құрылған жағымды қарым-қатынас орнатып, тәрбиенің тиімді, әрі әділетті әдістерін қолдана отырып, оларды материалды және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады.
Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы салдарынан, қоғам мәдениетіндегі құндылықтардың төмендеуі, сәтсіз отбасы мен қолайсыз тұрмыстық-материалдық жағдайлар, жағымсыз қарым-қатынас, қоршаған ортадан, әсіресе мектептегі топтан оқшаулану, жасөспірімдердің психикалық ауруларға ұшырауы, сәтсіз романтикалық ситуацияға тап болуы, ішімдік пен есірткі заттарын қолдану - міне осының барлығы жасөспірімдердің суицидке баруына алғышарттар болып табылады.
Бүгінгі біздің қоғамда адамдарды алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Солардың бірі жасөспірімдер арасындағы суицидті мінез-құлық проблемасы. Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе жасөспірімдерге ауыр тиюде. Себебі олар жас ерекшеліктеріне сәйкес тұрақсыз, қолайсыз жағдайларды басынан өткереді.
Суицид (ағылшын тіліндегі «suicide» сөзінен шыққан, өзіне-өзі қол жұмсау) дегеніміз бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету, саналы түрде жоспарланып, іске асатын адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті. Суицидті мінез-құлық - тұлғаның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында кездесетін кедергілерге қарсылық көрсетуге қабілетсіздіктің нәтижесінде туындайтын әрекет. Күшті эмоционалды дағдарыс қарқынды сипат алған кезде тұлға жағдайдан шығатын жолды дұрыс таба алмайды. Ол үшін өмір маңызын жояды. Суицидті мінез-құлық ауқымды ұғым. Оның құрамына суицид әрекетімен қатар өліммен аяқталмаған суицидті талпыныстар, өзіне-өзі қол жұмсауға даярлықты білдіретін пікірлер, ойлар, ниеттер енеді. Бұл барлық мәдениетке тән құбылыс. Қазіргі таңда суицид дүние жүзінде өлімнің басты себебінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл құбылыс ұжымдық сипатқа ие болып,жұқпалы психикалық эпидемияға айналып барады. Суицидент адамдардың ауруы бұл депрессия. Депрессияға ұшыраған адамдардың 70%-ы суицид жасайды.
Суицидті актілер кез-келген
жас ерекшелікте кездеседі. алайда
жасөспірімдерде басқа жас
Суицидент тұлғасының мінез-құлық сапалары келесідей:
Нақты жағдаяттарға терең психологиялық
талдау нәтижесінде анықталғандай,
өзін-өзі өлтірушілер
Түрлі мәдениеттерде суицидке қатысты әр түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі Греция жерінде суицидке жағымсыз көзқарас қалыптасып, ол заңмен жазаланатын қылмыс ретінде саналып, суицидке әрекет жасаушы тұлғаның қолдарын шауып тастау қажеттілігі туралы да айтылып жүрді. Қытайда жағдай керісінше болды. Бұл елде суицид жасаушы адам өзінің жанын азат етеді деп есептелді. Шамамен осындай көзқарас ежелгі Үнді елінде де орын алды. Қартайған шақта немесе ауруға ұшыраған кезде өзін-өзі өлтіруді даналықтың белгісі деп білген. Жапонияда бүгінгі уақытқа дейін харакири салты орындалып келді. Олардың ойынша, өзін-өзі өлтіру бұл ақылдылықтың, даналықтың жоғарғы көрінісі. Харакиридің ерікті және еріксіз түрлері болады. Егер адам өмірден ерікті түрде кетуді ұйғарса, ол отбасы мүшелерін жиып, ақ киім киіп, олардың көзінше өз қарнын жаратын болған, ал осы мезетте оның ұлы немесе жақын досы оның басын шабады.
XX ғасырдың басында З. Фрейд
суицидтің алғашқы
А.Г Амбрумова, Е.М Вроно жасөспірімдік шақтағы суицидті мінез-құлыққа тән тұлғалық ерекшеліктерді зерттей отырып, олардың көп бөлігіне импульсивтілік тән деген. Барлық суицидент жасөспірімдер эксплозивтілік және эмоционалды тұрақсыздықпен сипатталады. Бұндай жасөспірімдердің көңіл-күйлерінің өзгеруі бір сәт пен мәнсіз әсерлерге тәуелді. Дау-жанжалды ситуацияларда оларда үрейлену элементтері бірге жүретін шашыраңқылық күй, вегетативті бұзылыстар пайда болады.
Импульсивтілік, эмоционалды тұрақсыздық көптеген жасөспірімдерге тән. Оларда өзіндік талдау сезімі өрістей түседі, өлім мен өмір проблемаларына деген қызығушылық жоғарылайды, осы бағыттағы философиялық сұрақтармен айналысу күшейе түседі. Жасөспірімдер қоғамда өз орнын іздей отыра, өмірдің мәнін түсінуге тырысады.
Жасөспірімдік кезеңдегі суицид бұл көмекке шақыру жан айқайы, өзінің ситуациясына өзгелердің назарын аудартуға тырысу. Бұл жерде шынайы өлім тілегі болмайды, өлім туралы ойлары анық емес, инфантильді түрде болады.
Жасөспірімдік кезеңдегі
суицидті мінез-құлық өмірлік тәжірибені
Жасөспірімдік кезеңдегі суицид келесі факторлармен шартталады:
балалық шақтың толымсыз және аз қамтылған отбасында өтуі. Отбасындағы
ауыр психологиялық ахуал, ата-анасының біреуінен айырылу, ата-ана арасындағы дау-жанжалдың көріністері, олардың алкогольды тұрақты қолдануы және т.б. Балалық шақтың психологиялық тұрғыдан бұзылған отбасында өтуі: жасөспірімнің ата-анасымен қабылданбауы, тәрбиенің әділетсіз тәсілдерін қолдану, шектен тыс талап қою, жасөспірімдердің өз беттілігін шектеу, ата-анасына тәуелділік, жазалау шараларын көп қолдану.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың өмірден кетуге деген шешім қабылдауында маңызды рөл ойнайды. Әсіресе бұл ата-ананың балаға деген қарым-қатынасындағы қатыгездікке қатысты көрінеді.
Қатал қарым-қатынас баланың денсаулығына, психикалық денсаулығына зиян келтіреді. Қатыгездік сөзінің нақты анықтамасы психологиялық зерттеулерде келтірілмеген. Бұл ұғымды көбінесе заңгерлер, дәрігерлер, философтар, әлеуметтанушылар, педагогтар өз қызметінде қолданады. Психологияда «қатыгездік» терминінің синонимдері «агрессия», «деспотизм» сөздері қолданылады.
Қатыгездік бұл бір адамның екінші адамға немесе тірі жанға іс-әрекет, сөз, психологиялық әсер ету арқылы зиян келтіру. Қатыгездіктің көрінуі алдын ала ойластырылған немесе импульсивті, саналы және санасыз түрде болады.
Ата-ананың балаларына қатысты қатыгездігінің себептерін былайша бөлуге болады: біріншіден, бұл ең жақсы тәрбиелеуші құрал ретінде «белбеуді» насихаттаған патриархалды тәрбиенің көп ғасырлық дәстүрі. Бүгінгі күнге дейін кейбір ата-аналар балаға осылайша тәрбиелеуші әсер ету әдісін тиімді деп есептейді, екіншіден, біздің қоғамда үгіттелетін қатыгездік көрінісі. Көбіне ата-ананың стрестік жағдайда жүруі олардан әлсіздерге - балаларына деген өшпенділік көріністерін тудырады, үшіншіден, біздің қоғамның қоғамдық және құқықтық мәдениетінің деңгейінің төмендігі. Бұндай қоғамда бала өзара әсер етудің субьектісі ретінде емес обьектісі ретінде болады.
Балаларға қатысты жазалауды қолданудың төрт негізгі формалары болады: денелік зорлау, сексуалды зорлау, психологиялық зорлық көрсету, моральдық тұрғыдан жәбірлеу.
Суицидті мінез-құлық белгілері көрінетін жасөспірімдермен тек арнайы даярланған мамандар ғана емес, кез-келген ересек (ата-ана, педагогтар) жұмыс жасай алады. Олармен әңгімелесу және біріккен іс атқару кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: ең алдымен, суицидті мінез-құлықты жасөспірімдер әрдайым өз ойларымен өзгелермен бөлісуге тырысады, себебі оның ойлары өзін үрейлендіреді. Бұндай жасөспірімдерді мұқият, назар салып тыңдау қажет. Суицидті мінез-құлықты жасөспірім өзінің проблемасын ауқымды сипатта көреді және оған сыни көзқарас танытуға қабілетсіз. Бұған әсіресе өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз жасөспірімдер бейім болады. Сондықтан өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді қолдана отырып, кез-келген проблеманың шешімін табуға болатындығын түсіндіріңіз. Эстетикалық тұрғыны қолдану. Эстетикалық тұрғы дегеніміз суицидті мінез-құлықты жасөспірімдерге олардың өлімнен кейінгі денесінің суреттерін салып көрсету. Контраст әрекеті (өзге адамдармен салыстыру). Кейбір адамдар өздеріне қарағанда, едәуір қиын ситуациядағы адамдарды көрген кезде өз бойында болып жатқан дағдарыс сезімдеріне шыдамдылық танытады. Сондықтан жасөспірімдерге оның ситуациясынан да қиын жағдайлармен күрескен адамдарды үлгі ету қажет. Проблеманы шешу үшін бар тәжірибені қолдану керек. Кез-келген адам өткен өмірінде белгілі бір қиындықтарға кездеседі және оның шешу жолдарын таба біледі. Сондықтан жасөспірімдерге оның өткен өміріндегі көрсеткен «батылдық» дағдылары туралы есіне түсіріп, қазір де сол тәжірибені қолдануға көмек беру. Күш потенциалын ояту. Көптеген суицидті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдер бойындағы өзіндік әлсіздікті сезінеді. Оған осы кезде энергетикалық бастау тауып беру қажет, яғни оның бойында ерік-жігер, денелік күш, шыдамдылық күштерді оятуға белсенді түрде көмектесу қажет. Жасөспірімдерге болашаққа қатысты жоспарлар құруға көмек беру қажет. Олардың бойында келешекке ұмтылдыратын армандар мен тілектер тудыру керек. Көптеген адамдар әлсіз, қамқорсыз қалған адамдармен жұмыс атқарған кезде өз бойындағы дағдарыс сезімдері туралы ұмытып кетеді. Суицидті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдер үшін бұндай обьектіге үй жануарлары мен өзінен кіші іні, қарындас, сіңлілері айналуы мүмкін. Қызығушылықтар аумағын кеңейту қажет. Жасөспірімнің жоспарлап жүрген суицидті әрекеті оны қоршаған жақын адамдарына қаншалықты ауыр тиетіндігі туралы оның ойына үнемі түсіріп отыру қажет.
Қорытындылай келе, жоғарыда
көрсетілген тәжірибелік
Қолданылған әдебиеттер: