Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 22:14, реферат
Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.
Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі.Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.
Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар.Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес. Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат
қауымының мүшесі ретінде
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани
дәстүрде белгілі дәрежеде
Тұлғаны анықтайтындар
Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.
Адам мүмкіндіктері. Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.
1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.
2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.
3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.
4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.
5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.
Тұлғаның шығармашылық ізденісі
Қазіргі кездегі өміріміздегі таң
қанарлық есті шығарлық өзгерістердің
болуына адамның тұлғалы
ХХ ғасырдағы ғылыми және техникалық жетістіктер адамға жеңілдік әкелгенімен қоса бақытсыздықтыда ала келді.
Мысалы, дүкен сатушысының шынай
кучсісімен гөрі шаттана тұрған кедей-шаруа
жағдайы сізді таңдалдырады.
Тұлғаның шығармашылық ізденісі
Өндірістік және техникалық революция арқылы ХХ ғасыр адам баласына көптеген пайда әкеледі, адам байыды, дегенмен адамның шығырмашылық сұранысын қанатағаттандыра алмады десе болады.Адам өзінің энергетикалық, ойлағыштық және шығармашылық қабілетін дамытпаса, адам өмірінің мәні жоғалады, оның тұлғалық күш-мазмұндылық, айқындылық, мақсаттылық, мәнділігі жоғалады.
Тұлға күші дегеміз-бұл тағдырдың құбылмалылығын жеңіп шығу қабілеті кей жағдайларда өзі пайдалы үшін өзіне қатынасы біліктілігі
Қазіргі кезде адамның шығармашылық қабілетін шындыққа айналдыру үшін ресурстар мен технология жеткілікті Бізге тек ерік, қиям, мен мейірімділік керек.Адам өзінің дарындылығы қашан туатынын, қалай туындайтынын білмейді.Әрбір адам қоғам жақсы тұрмысы үшін өз үлесін қосады.
Әрбір адам осы өмірде белгілі бір миссиясы бар.Көптеген шешілмей қалған проблемалар өзінің қабілеті мен потенциялдық мүмкіндіктерін анықтай алмаушылық нәтижесімен туындайды.тек кейбір санаулы адамдар ғана өзінің өзі белгілеп қойылған нәрселермен айналысып және өз өмірінде соған сүйенеді.
Бұл адамдар бақытты және тұлғалық шығармашылық күшке ие болған адамдар.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.
Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:
1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас, дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық өзгешеліктері енеді.
Платонов пікірінше, құрылым
құрылымшаларының өзіндік үлес
салмақтары бар. Биологиялық,
А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:
Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.
«Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.
«Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.
Өзіндік баға саналы
Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.
Тексеру локусы ерекше жеке
сипаттама болып табылады. Нәтижесінде
адам әлеуметтік проблемаларды
дұрыс құбылыс ретінде қарап,
оған бейімделеді немесе
Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.
Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».
Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.
Манипуляторларды салыстыра
Тұлғаны әлеуметтік-
Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.
Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:
Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.
Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.
Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.
Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:
Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.
Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.
Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.
Әлеуметтенудің әлеуметтік психологиялық аспектісі.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну – филогенез,тарихи процесс.