Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 16:16, реферат

Описание работы

Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс).

Файлы: 1 файл

әлеуметтану 7 апта.docx

— 18.90 Кб (Скачать файл)

Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары

Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс).                                                           Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады. Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері "әлеуметтену” ұғымының мазмұнын "әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері "әлеуметтену” дегеніміз "әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері "әлеуметтену” терминінің мазмұнын " мен” ұғымының баламасы ретіндегі "пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі. "Әлеуметтену” ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған. Орыс ғалымдарының "әлеуметтену” ұғымдарына берген анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың барлығының дерлік мазмұнының  кешегі күні  өткен тоталитарлық жүйеде "тәрбие” ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын айтқанда ,”әлеуметтену” ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.

Демек "әлеуметтену” термині мен "тәрбие” ұғымының арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. "тәрбие” ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал "әлеуметтену” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады. 

Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның  қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті — адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер  жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл  әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.

 

 

 


Информация о работе Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары