1930-60 әдебиет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2013 в 20:00, лекция

Описание работы

Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. “Әдебиеттiң партиялылығы” принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң “артықшылығын” дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирик. өлеңдер, поэмалар (“Көкшетау”, т.б.), прозалық шығармалар (“Тар жол, тайғақ кешу”) жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан

Файлы: 1 файл

1930-60 әдебиет.doc

— 55.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. “Әдебиеттiң партиялылығы” принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң “артықшылығын” дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирик. өлеңдер, поэмалар (“Көкшетау”, т.б.), прозалық шығармалар (“Тар жол, тайғақ кешу”) жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т.б. ақын-жазушылар үн қосты. Олар қазақ жерiнде жаңа туа бастаған кеңестiк шындықтың жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады. Алайда, 20-жылдардағы ашаршылық пен шаруаларды күштеп ұжымдастыру, қолдағы малды тартып алу, содан туған қуғын-сүргiн көшпелi елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн қиындатып жiбердi. Бiрақ бұл жағдайды суреттеуге кеңес әдебиетi бара алмады. Осы олқылықтың орнын Мағжан Жұмабаев шығармалары ғана толықтыра алды. Большевиктер билiгiн қабылдамаған Мағжан демокр. әдебиет дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы Қ. ә-ндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирик.-публицистик. поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей елеулi шығармалар бердi. “Қилы заман”, “Қараш-қараш” оқиғасы, “Қартқожа”, “Ақбiлек”, т.б. повестер мен романдар, “Еңлiк-Кебек”, “Қаракөз”, “Мансапқорлар”, “Шернияз” сияқты пъесалар жазылды. Әңгiме жанрында Майлин жемiстi еңбек еттi. Әдебиетшi кадрлар қатары өсiп шықты. А.Тоқмағамбетов, Ө.Тұрманжанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин, С.Шәрiпов, Ж.Тiлепбергенов, Е.Бекенов, М.Дәулетбаев, т.б. шығармалары әрқилы әлеум. көзқарастарына қарамастан, 20-жылдар әдебиетiнде жаңа бетбұрыс жасалғандығын көрсетедi. Мұндай қарқынды бұған дейiн ешбiр әдебиет тарихы көрiп-бiлген емес. Оған азаттық идеясының әсерi болғаны даусыз. 30-жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен басталды. Соц. реализм әдiсi қабылданып, әдебиет соц. шындықты бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi дәрежеде, әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi. Осы шектеуге алдымен қазақ поэзиясы ұшырады. Ол 30-жылдары, негiзiнен, жаңа соц. отанды мадақтауға, елдi индустрияландыру, ұжымдастыру науқандарын паш етуге бағытталды. Адам ойын, сезiмiн, сүйiспеншiлiгi мен күйiнiшiн, табиғатпен байланысын жырлау саясаттан тыс саналды. Халықты “Бесжылдықты төрт жылда орындау” ұранына шақыру орын алды. Iстелген iстердi тiзбелеу, жаңалықты тамашалау сарындары көбейдi. Бұл — қазақ лирикасының өсуiне кедергi жасады. Оның есесiне публицист. поэзия iлгерiлеп, азаматтық лирика едәуiр есейдi. Эпик. поэзияның бүгiнгi күн тақырыбын жырлаған үлгiлерi де сәтсiз болды. Тек тарихи тақырыпта ғана (I.Жансүгiров: “Күйшi”, Қ.Бекхожин: “Ақсақ құлан”, И.Байзақов: “Ақбөпе”) табысты шығармалар туды. 30-жылдары эпик. проза жақсы өстi. Майлиннiң “Азамат-Азаматыч”, Жансүгiровтiң “Жолдастар”, Мұқановтың “Темiртас”, “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), М.Дәулетбаевтың “Қызылжар”, С.Ерубаевтың “Менiң құрдастарым”, Ғ.Слановтың “Дөң асқан” романдары жазылып, бұл жанрды Қ. ә-нде орнықтырды. Майлиннiң, Әуезовтiң, Сейфуллиннiң, Мүсiреповтiң, Шәрiповтiң әңгiме-повестерi жарияланды. Драматургияда Жансүгiров, Майлин, Әуезов, Мүсiрепов жемiстi еңбек еттi.

30-жылдар әдебиетiнде жалпы қоғам өмiрiндегi халықтық энтузиазмге құрылған жаңа үн бар едi. Әдебиет соны үлгi ете отырып, өмiрдi толық игеруге бет бұрды. Бiрақ, 1937 — 38 ж. қуғын-сүргiн кезiнде елде қоғамның бүкiл даму заңдылықтары бұзылып, “халық жауларын” iздеу басталды. Сейфуллин, Байтұрсынов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгiров атылды. Әуезов, Мұқанов, Мүсiрепов қуғынға ұшырады. Әдебиет саласындағы бұл дағдарыс екiншi дүниежүз. соғысқа дейiн жалғасты. Бұл жылдардың әдебиетке қойған өз талабы болды. Ол майдан мүддесiне қызмет етiп, халықты басқыншы жауға қарсы отан қорғау рухында тәрбиелеуге, майдан батырларының ерлiгiн жырлауға тиiс болды. Өлең саяси үгiт құралына айналды. Қазақ поэзиясы бұл мiндетiн жаман орындаған жоқ. Сонымен бiрге, соғыстың адам басына салған ауыртпашылығын солдаттың сезiмi арқылы суреттеу өрiс алды. Бұл тұрғыда майдангер ақындар Қ.Аманжолов, Д.Әбiлев, Ә.Сәрсенбаев, Бекхожин жақсы жырларымен көрiндi. Үлкен прозада бұл кезеңде Қ. ә-ндегi, тiптi кеңес әдебиетiндегi ең үздiк туындылардың бiрiне айналған М.Әуезовтiң “Абай” романының бiрiншi кiтабы жарияланды. Соғыстан кейiнгi дәуiрде Қазақ әдебиетінiң қарқынды iзденiстерi айтарлықтай табысқа жеттi. Партияның идеол. салада бiраз қаулылар (“Ленинград” және “Звезда” журналдары туралы”, “Драма театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы”, т.б.) қабылдап, әдебиеттiң еркiндiгiн шектеуiне қарамай, эпик. проза үлкен табыстарға жеттi. Әуезовтiң (“Абай”), Мұқановтың (“Ботагөз”, “Сырдария”), Мүсiреповтiң (“Қазақ солдаты”), Мұстафиннiң (“Миллионер”) есiмдерi Одаққа кең тарады. Олардың кiтаптары шет ел тiлдерiне аударылды. Осыған жалғас “Абай жолы”, “Оянған өлке”, “Қарағанды”, “Дауылдан кейiн” романдары жазылып, жоғары бағаға ие болды. М.Иманжанов, Қ.Жармағамбетов, С.Бақбергенов, С.Шәймерденов, З.Қабдолов, т.б. жазушылардың әңгiме-повестерi туды. Қазақ поэзиясы соғыстан кейiнгi халық ш-н қалпына келтiрiп жатқан еңбек адамдарының жан сезiмiн суреттеуге қызмет еттi. Бұл салада Ғ.Орманов, Аманжолов, Ж.Саин, С.Мәуленов көркем туындыларымен көзге түстi. Т.Жароковтың “Жапанды орман жаңғыртты”, “Қырда туған құрыш”, Х.Ерғалиевтiң “Бiздiң ауылдың қызы”, Әбiлевтiң “Алтай асулары”, Бекхожиннiң “Мәриям Жагор қызы” поэмалары туды. Драматургияда Ә.Әбiшев, Ә.Тәжiбаев, Ш.Хұсайынов жаңа шығармалар (“Достық пен махаббат”, “Көктем желi”, “Дубай Шубаевич”) бердi.

50-жылдарда жеке адамға табынушылықты  сынау мен елдiң iшкi нормаларын  демократияландыру саясаты әдебиетке  бiрсыпыра жеңiлдiк әкелдi. Әдебиетке қойылған қасаң тәртiп босаңсып, “жылымық” туды. Мұның өзi жазушылардың шығарм. белсендiлiгiн арттырды, олар өмiрдi боямалап көрсетуден бас тартып, заман шындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға ұмтылыс жасады. Бұл iзденiс Әуезовтiң “Өскен өркен”, Т.Ахтановтың “Қаһарлы күндер”, “Боран”, Т.Әлiмқұловтың “Ақбоз ат”, Ә.Нұрпейiсовтiң “Қан мен тер”, С.Жүнiсовтiң “Жапандағы жалғыз үй”, З.Шашкиннiң “Сенiм”, “Темiртау” романдарынан көрiндi. Х.Есенжановтың тарихи романдары, Б.Момышұлының әскери прозасы жарық көрдi. Идеол. шектеудiң әлсiреуi, 60-жылдары әдебиетке келген жаңа ұрпақтың шығарм. iзденiстерiне тың шабыт бердi. Олар адам өмiрiн жан-жақты тереңдiкпен, филос. ойшылдықпен жырлауда, оның бойындағы ой, сезiм еркiндiгiн ашуда елеулi табыстарға жеттi. Поэзияда Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ғ.Қайырбеков, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Ж.Нәжiмеденов, Т.Айбергенов, прозада Ш.Мұртаза, Ә.Әлiмжанов, Ә.Кекiлбаев, М.Мағауин, С.Жүнiсов, Қ.Жұмадiлов, Д.Исабеков, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, О.Бөкеев, С.Мұратбеков, Д.Досжанов есiмдерi қазақ оқырман қауымының сүйiспеншiлiгiне бөлендi. 70 — 80-жылдары Қ. ә. Ф.Оңғарсынова, К.Салықов, М.Айтхожина, С.Иманасов, М.Шаханов, И.Оразбаев, Ж.Жақыпбаев, т.б. таланттар есебiнен толыға түстi. Қ. ә-нiң үлкен бiр саласы — балалар әдебиетi. Сапарғали Бегалин, Ө.Тұрманжанов, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, М.Гумеров, М.Қабанбайдың әңгiме, повестерi жас оқырмандардың сүйiктi шығармаларына айналды. Балалар прозасын бағдарлағанда, қаламгерлердiң шеберлiгi шыңдалып, психол. талдауларға батыл барғанын және бұл жолда балалар прозасы мен поэзиясы табыссыз емес екендiгiн аңғаруға болады (қ. Қазақ балалар әдебиетi).

1960 — 90 ж. iшiнде Қазақ әдебиетінде  тарихи тақырып ерекше қарқынмен  дамыды. Ұлттар тарихына жасалған  тұсау алынғаннан кейiн қазақ  жазушылары елдiң тәуелсiздiгi  мен бостандық идеясын тарихи  материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда I.Есенберлиннiң (“Қаһар”, “Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Алтын Орда”), Мұртазаның (“Қызыл жебе”), Мағауиннiң (“Аласапыран”), Кекiлбаевтың, (“Үркер”, “Елең-алаң”) Ә.Әлiмжановтың (“Жаушы”, “Ұстаздың орлауы”, “Махамбеттiң жебесi”), Жүнiсовтiң (“Ақан Серi”), С.Сматаевтың (“Елiм-ай”) тарихи романдары Қ. ә-нiң қомақты табыстарына айналды. Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Б.Соқпақбаевтың, Жұмадiловтiң, З.Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Таразидiң, т.б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды. Осы жылдарда театр сахналарында Ахтановтың “Әке мен бала”, “Жоғалған дос”, Әбiшевтiң “Нұрлы жаңбыр”, Жүнiсовтiң “Ай тұтылғанда”, Ысқақтың “Таңғы жаңғырық”, Исабековтiң “Әпке”, “Мұрагерлер”, М.Хасеновтiң “Пай-пай, жас жұбайлар-ай”, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтiрiк бөрiк астында”, Н.Оразалиннiң “Шырақ жанған түн”, Р.Сейсенбаевтың “Түнгi диалог”, “Нартәуекел” пьесалары табыспен жүрдi. 80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экол., урбанизация, ғыл.-тех. жетiстiктер көкейтестi, т.б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов (“Соңғы парыз”), Қабдолов (“Менiң Әуезовiм”), Мұртаза (“Ай мен Айша”), Мағауин (“Сары қазақ”), Жүнiсов (“Аманай мен Заманай”), Нұршайықов (“Жазушы мен оның достары”), Ысқақ (“Ақсу туралы аңыз”), Тоқтаров (“Абайдың жұмбағы”), Сматай (“Жарылғап батыр”), С.Елубай (“Тағзым”), Мұратбеков (“Ай туар алдында”), Исабеков (“Ай-Петри ақиқаты”), Тарази (“Қара жұлдызға сапар”), Жұмадiлов (“Тағдыр”), А.Жақсыбаев (“Тiрек”), Қ.Исабаев (“Шоң би”), Д.Досжан (“Құм кiтап”), Б.Мұқай (“Өмiрзая”), Ә.Сарай (“Едiл-Жайық”), О.Сәрсенбай (“Шеңбер”), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтик. қиялдың ауқымдылығы, лирик., баяндаушылық, публицистик. және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтик. байқаулар шығарм. iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың “Абылай хан”, Ш.Құсайыновтың “Томирис”, М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндерi” тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.


Информация о работе 1930-60 әдебиет