Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 21:53, реферат
Үркер, Мырзаттай, Жортар, Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі – Зереден Құнанбай туады, Құнанбай 4 әйел алған. Оның бәйбішесі Күңкеден — Қүдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, калыңдык кезінде жесір калған соң, өзі алған екініші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай). Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла. Ысмағұл туады. Қартайган шағында үйленген кіші әйелі Нұрғанымынан ұрпак жоқ. Абайдың "Атадап алтау, анадан төртеу..." едім дейтіні осыдан. Болашақ акын сабырлы мінезіне, кен пейіліне сай ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы. әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
АБАЙ (Ибраһим) Құанбаев (9.7(10.8).1845, казіргі
Шығыс Казақстан обл. Абай ауд. Қасқабүлақ
жайлауы—23.6(6.7).1904, сонда. Балашақпақ жайлауы,бейіті
Жидебайда) - ұлы акын, философ, ағартушы,
композитор. Ақынның арғы бабасы — Олжай
батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек.
есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара
деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай.
Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа
адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді
әйел болған. Сол Айпара ана балаларына:
"Шынжыр балак, шұбар тос Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас Торғайым",
- деген сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма
томдық шығармалар жинағы, Абай, 1985.26-б).
Анасы айтканындай, Ырғызбай ортасынан
оза шауып, ел баскарған. Ырғызбайдан Үркер,
Мырзаттай, Жортар, Өскенбай тарайды, Өскенбайдың
әйелі – Зереден Құнанбай туады, Құнанбай
4 әйел алған. Оның бәйбішесі Күңкеден
— Қүдайберді, інісі Құттымұхамбетке
айттырылып, калыңдык кезінде жесір калған
соң, өзі алған екініші әйелі Ұлжаннан
– Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай).
Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла.
Ысмағұл туады. Қартайган шағында үйленген
кіші әйелі Нұрғанымынан ұрпак жоқ. Абайдың
"Атадап алтау, анадан төртеу..." едім
дейтіні осыдан. Болашақ акын сабырлы
мінезіне, кен пейіліне сай ел анасы атанған
"кәрі әжесі" Зеренің мол қазынадай
аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға
жайлы. әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға
жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен,
елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін
тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен
ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар
жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен.
Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін
білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы
(әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде
кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла
қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек
болмас",—дегені халық аузында мәтел
болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен
толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының
ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да
назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам"
деген қоныстан медресе салдырып, өзінің
және туыстарының балаларын окытқан. Абай
сегіз жасында өуелі сол "Ескітам"
медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы
Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін
байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.
Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында
ол осы қаладағы "Приходская школаға"
да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды.
Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас
үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым
зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты
болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының
бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып
берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа
айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен
дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып
білу Абайға өзге балалардан анағүрлым
оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан
барлық артылған уақытын Абай өз бетімен
өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп
ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак,
тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына
оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне
сынмен карай білетін, сезімді окушы бола
бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған
ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде
жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке
жеткен уақытына шейін есінен шықпаған,
ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ
ұлы ақынның калыптасу кезеңін айғақтайды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами,
Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми,
тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан
А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин,
Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой,
И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов,
Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең
таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете,
Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі
ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Есейген шағында, осы өзі оқыған философ,
ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір
таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың
өзіне әсері болған кесек туындыларын
қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері
көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен
тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай
Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін
ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып
алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп
13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік
билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында
болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік
өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі.
Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен
пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті
жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық
тағдырына кеселді, зияндылығын айқын
түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған.
Алайда оның тамыры тереңде жатқанын,
отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда
қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің
отаршылдық саясаты мен оның аярлығын
түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска
түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне
қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына
түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше
еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы
билікті пайдаланып, әділдік таразысын
тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен,
1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей
облыстық статистика комитетінің толық
мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов,
А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз
қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне
араласқан жылдарыңда әділеттілгімен,
білімділігімен көрініп, халық арасында
беделі өседі."
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы
Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің
басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің
100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше
съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып
сайланған Абайға "Семей казақтары
үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін"
өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия
барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн,
3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы
әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы
канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген
заңына да үқсамайтын, езгеше кұжат еді.
Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелерне
арналған баптары ерекше құнды. Бірақ
Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен
кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді.
1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас
таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының
шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы
дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891
ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін
созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы
Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне
қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын
бұл жанжалдың барша жиренішті сырын,
өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында
айғақты деректермен дәлелдеп береді".
(Абай. Энциклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару
қызметінде барын-ша әділ болып, халық
камын ойлаған, "тура биде туған жок,
принципті ұстанған. Ғұмырының соңына
қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ
салып, уақытының көбісін шығармашылыкка
арнаған.
Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай,
Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия,
Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл,
Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3
қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан
- ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10
жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе
қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе
жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән",
екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін
кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре
бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке",
"Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең
жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында
жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен
шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган.
Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын
бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан
дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері
терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері
жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы
болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл
кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат
дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде
адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын,
жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын
көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора
және баска да бейнелі сөздердің жаңа,
өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол.
Мыс., "жүректің көзі", "жүректің
оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің
жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы
мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды
қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу
бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім
менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып,
кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша
болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның
өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен
шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай
күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен
жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын
өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам
өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы
сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін
қалыпты мағынада алып, аспан мен жер,
күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың
өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз.
Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де,
адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін
қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ
адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік,
ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін
зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу
деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған.
Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін
жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар.
Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді
деген пікірді философтар да айткан. "Адам
өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын
Абай төмендегідей жалғастырады:
..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,
"Мені" мен "менікінің" айрылғанын
"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".
... Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі"
деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек
айқындамайды. Келесі шумақта: ...
"Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған," -
дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай:
"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..."
- дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы
өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы
калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең
сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді,
тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган
ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын,
поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне
білуін талап етті. Жаңа танымның баурап
аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын
әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің
сол кездегі жағдайында толық сенім арту
қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді, мүны
оның "Мен жазбаймын өлеңці ермек үшін"
деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық
дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды,
Өскен соң мүндай сөзді бүрын көрмей".
Бүдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа,
соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай
кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын
аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан
мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап
етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын
көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры
мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын
жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың
өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да,
көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп
түрған үздік туындылар мол. "Сегіз
аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан
сонарда бүркітші шығады аңға", "Калың
елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз",
(Жаздыгүн шідде болғанда) "Желсіз түнде
жарық ай", "Болыс болдым, мінеки",
"Қызарып, сүрланып", "Келдік талай
жерге енді", "Өлсем, орным қара жер
сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы
ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын
алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық
жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай",
"Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың
шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға
тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек
ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та
биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден
"Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым
біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар",
"Мен көрдім үзын қайың қүлағанын"
сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға
болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы,
не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең
өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен
осы топка жатқызуға болады деген туындыларды
түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын.
Міне, осындай ондаған кемеліне келген
өлең үлгілерін туғызған Абай соларға
ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла
бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше
өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп
отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару
үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде
әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас
шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан
шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі
жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі
және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын,
жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін
"Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"),
"Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде
болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры
қалмайды қыстың сызы") секілді бір
топқа, циклге жататын қлендерініңі де
әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі,
кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан.
Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін. ақындық
өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы
жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің
патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі
өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді
ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр
шартарапқа". ••Өзгеге көңілім тоярсың",
"Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары
да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы,
бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір
бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-біріне
ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық
тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат
табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес".
"Көк түман алдындағы келер заман".
"Сағаттың шықылдағы емес ермск"
деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл
акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені
сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не
іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа
енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай
аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз.
Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға".
Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз
түнде жарык, ай".
"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы"
сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың
өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды
бейнеге айналдырып сипаттауда алдына
жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден
қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек",
"Бөтен елде бар болса", тағы сондай
туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір
мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар
десек. "Мәз болады болысың" атты
өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің
мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына
тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба",
"Интернатта оқып жүр" атты өлендердің
қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат,
өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны
да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем
өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен
мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор
болды жаным" секілді нәзік лирикалық
туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын
теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне
екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде
оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір
қырынан танытатын өзгешілігі болады
десек, олар іштей астасып жатқан сипат,
қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз
аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық.
ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге,
тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге
шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық
көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп
айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық
стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан,
дайын үлгілерді қайталамайды, Осының
өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдык, сипат
дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық
ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте
жаңа жанрлық түрлер туғызды. Халықтың
сөйлеу тілінің қазақтың ауызекі ақындық
және ән өнерінің байлығын кең пайдалана
отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын
жетілірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық
-ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті,
жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін
енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу,
стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды.
Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып
жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға
көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С.
Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың
шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ
әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің
"Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды
таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің
сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың
"Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт
түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің
сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр",
"Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл",
"Альбомға" өлеңдерін казақтың төл
туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар
Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан
дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың
Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері
әр түрлі.
Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс.,
"Ой", "Теректің сыйы" сияқты
елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді
аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде,
көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы:
"Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып",
- деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы
"айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке
жатқызсақ та, "арыстанның жалындай"
дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы:
"И Терек, прыгая как львица, Абайдың
замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ.
Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы
аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі
ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында
Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін,
оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ
тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып,
мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен
казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың
катарына "Альбомға", "Жолға шықтым
бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін
жатқызуға болады.
"С косматой гривой на хребте,"- деп
келетін сөздермен үндес екені байкалады.
Және жал арыстанда ғана болатынын Абай
дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс
айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға
тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен
келгенін байқайсыз. Абай аудармалары
казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы
баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал
өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының
сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен
суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің
мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық
бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан
аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал
өлендері Крылов шығармаларынан аударма
деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді
талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық
ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық
мағанасындағы аударма емес, көбінесе,
белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай
мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен
бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде
кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден
тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер
мысал жанрының типологиялық дәстүрін
сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған
ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен
түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай,
Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа
мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев,
Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның
дүние жүзілік ертегілер каталогындағы
сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал
жанрында әлем жазушыларының шығармаларында
көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай
мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ
сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай
"Масғұт", "Ескендір", "Әзім"
поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс
халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға
қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты
көлемді прозалық шығармасын және "Демон"
поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін
ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық
ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл
екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы
бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам
жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір"
туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы
осы сюжетке жазылған поэма-дастандар
ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға
даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы
калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері
бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы
терең мағыналы философиялық идеяларға
толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі
мәні болып табылатын "жетілген адамды"
өзекті және басты проблема етіп қарастырып,
соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік
туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік,
кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін,
ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты.
Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері
жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік
рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.
Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның
рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының
зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця
секілді. Абайды танып, белсенді игере
отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық,
саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи,
моральдық хал-жайынан айқын да толык
мағлұматтар алуға болады.
Ақын шығармалары сусындаған негізгі
үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең
алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы
мен менталитетін, оның көкейтесті арманы
мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен,
өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді.
Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен
бір арнасының калыптасуына Шығыстың
рухани қазынасының да ықпал-әсерінің
аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі
араб пен парсының батырлық дастаны мен
жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр
классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед
ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр
Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр
ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика
ғылымының негіздері мен мұсылмандық
құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын
ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген.
Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын
жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб,
парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне
Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің
аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен
жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол
Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың
білімпазы атанады. Отырардан шықкан және
Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама
ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы
Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда
елеулі рөл аткарған.
Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен,
шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел
пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін
көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы
ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына
елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау
антикалық ежелгі заман мәдениетінен
алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының
даму процесінде тарихи сабақтастық желісін
атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон,
Аристотель еңбектерімен жақсы таныс
болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің
"Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің
"Еуропа ақыл-ойының даму тарихы"
атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің
және тағы басқа көптеген авторлардың
да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті
мен философиясы, қоғамдық ойдың даму
тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың
рухани есею жолында елеулі рөл аткарып,
Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз
дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың
негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның
эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты,
өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы
мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды
терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы
ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда,
яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик.,
эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын
этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы,
бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне
жеткен, "толық адам" кейпінде алға
тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың
басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында,
Абайдың "жан сыры", "жан құмары",
"жан куаты", "жанжарығы", "хауас",
"хауас сәлим", "хауаси хамса",
"хауаси хамса заһири", "толық адам",
т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы
Ислам филос-сын терең танығанын байкатады.
"Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім
- ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер
болмаса дүние ойран болар еді" - деген
пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы,
Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік
және дінге көзқарастары терең білінген
еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері
(Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік
куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын
даралап көрсететін классикалық стильде
жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны
қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың
кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта
жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі
қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып
жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді.
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың
ажарына ғана назар аударып қоймай, оның
тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми
зерделік арқылы көркемдік сана мен филос.
сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі
гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары
дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас
бір қазақ халқының филос. концепциясын
құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ
жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге
айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі
ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай"
журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың
қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б.
көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абай муз. саласында да мол мұра қалдырып,
казақтың муз. өнерін дамытты. Қазіргі
уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға
түсірілген. "Абай қазақтың ән-күй творчествосын
ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының
бәрін қабылдамай, оның да "естісі мен
есері барын" айтып, "Қүлақтан кіріп
бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді"
ғана ұнатқан. Бүкіл шығыстың, орыстың,
қазақтың халықтық әдебиетін терең зерттегеніндей,
Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете
білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет,
Жаяу Мұса сынды халық композиторларының
ән-күй дариясынан сусындап, әншілік-күйшілік
өнерді ерекше бағалаған. Абай тек тындаушы
ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың
ән творчествосы қазақтың халық муз-ның
тарихында ерекше орын алады. "Сегіз
аяқ", "Қор болды жаным", "Айттым
сәлем, Қаламқас" "Ата-анаға көз қуаныш",
"Сұрғылт тұман", "Желсіз түнде
жарық ай", "Мен көрдім ұзын қайың
құлағанын", "Амал жоқ, қайттым біддірмей"
("Татьянаның хаты"), "Қараңғы түнде
тау калғып", "Ішім өлген, сыртым сау",
т.б. әндері арқылы ол халықтың ән творчествосын
сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ
казақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр
тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен
- ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген
жаңашыл композитор болды. Абай әндерінің
бір саласы тек өз творчествосына ғана
тән өлең өлшемдеріне сай соны ырғақпен
өріс табады. "Сегіз аяқ", "Бойы
бүлғаң", "Көзімнің қарасындағы"
4, 5, 6, 8 буынды өлең өлшемдеріне орай, олардың
әні де халық муз-нда бұрын кездеспейтін
өзгеше сазға құрылады. "Бойы бүлғаң"
әнінің алғашқы жартысы өлеңнің жол санына
орай цезуралар арқылы үшке бөлінсе, екінші
жартысы өлең үйқастарына сай (бастым,
састым, қаштым), іштей біртүтас сарында
астасып жатады. Абайдың муз. ойы жаңа
өлшемді, соны ырғақты өлендерінің негізінде
туады:
Абайдың басқа халық композиторларынан
ерекшелігі -қазақ әндерімен қатар, орыстың
халық муз-на, қаланың демокр. ән-романстарына,
М.И. Глинка, А.Г. Рубинштейн сияқты классиктердің
вокалдық творчествосына құлақ түруі,
содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың,
украин-ның халық әндеріне, романстық
лирикалық үлгісіне, демокр. муз. дәстүріне
сарындастық айқын сезіледі. Осы-ның нәтижесінде
жаңа ырғақты соны әуенді әндер туады.
Абайдың "Сұрғылт тұман", "Мен көрдім
ұзын қайың қүлағанын", "Өлсем орным
қара жер...", т.б. әндері -казақтың ән
творчествосында жаңалық ашқан шығармалар.
Абайдың осындай шумақта келетін әндерінің
бірі -"Қараңғы түнде тау қалғып".
Бүл ән 4 муз. фразадан: -а+б+с+б құрылады
да, соңғы с+б бөлімдері екі рет қайталанады:
Абай орыс классиктерінің шығармаларын
аударып қана қоймай, сол аударма өлеңдерге
ән де шығарған. Абай әндерінің үшінші
бір саласы-осындай аударма өлеңдерінің
негізінде шыққан әндер тобы. "Татьянаның
хаты", "Онегиннің хаты" әндері
- кезінде қазақ даласына кең тараған шығармалар. Бұл сияқты
әндер Пушкин поэзиясын қазақ тілінде
өлеңмен де, әнмен де насихаттау ниетінен
туғаны байқалады.
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы,
қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің
негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын
ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан
Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды.
Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір
рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара
деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай,
Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі
момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді,
өр мінезді әйел болған.
Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.
ЖОСПАР:
1. «Дүние де өзі,мал да өзі».
2. «Қалың елім,қазағым».
3. Татулық пен тұрақтылық.
4. «Өлең-сөздің патшасы».
5. Түйін.
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың
ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани
қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман
өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда
болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір
қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра
түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын
көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал
өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына
сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына
ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері
оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі
мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар
мен қай құбылыстар тұсында да айнымас
темірқазық,адастырмас құбыланама болып
қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына
ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық
емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің
буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет
етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық
пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет
етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз
бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша
кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай
ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі
оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан
ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік
жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан
таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап
өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап
Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ
ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның
әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік
бере бермеген.
«Дүние де өзі,мал
да өзі».
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы
алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын
насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі
бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен
қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа
ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа
үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз
етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына
өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын
оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын»
деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын
мінеп,сынайды.
Жасымжа ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте
жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім
мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне
жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының
халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай
бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі
туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете
түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба»,
«Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның
алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа
айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең
бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап
айта отырып,адам бойындағы қазынаның
үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын
арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым
болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам
ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан
қауымнан өзгеше болуын қалайды.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі
ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық
басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту
тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы
емес,залалды болып шығатын әкімдер мен
шалағай төрелердің оқудағы мақсатын
көрсетеді.
Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
…Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың
«Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков
пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой
мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған
орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың
есіне салады.
Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да,
«Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы
бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат»,
«военный қызмет», «прошение», «адвокат»,
«здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б.
орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра
отырып,еркін пайдаланады және оларды
ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге
әдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым».
Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық
мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық
санасы өскен халықтың үлкен қайраткері
дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен
еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың
үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан
шықса да,тарихи дамудың беталысы мен
қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші
шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды
«елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта
сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты
жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың
ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог
ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі
өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын
өткір және әділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран
жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда
өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп
дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі
халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын
бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға
деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан
да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты
бөліп көрсетеді.
Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ
ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын
үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін,
беталысын байқатады.
Татулық пен тұрақтылық.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол
үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы
түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа
айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның
бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын
арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте
өзі көрген,халық тәжірибесі танытқан
шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік
жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды
жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады.
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар
сезімінің тұрақтылығынан,әйелге адамгершілік,әділет
тұрғысынан қараудан іздеді.Ол жастардың
адал махаббаты мен шын достығын уағыздады.Ескі
әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан
кешкен өмір сабағына сүйене отырып,ол
шынайы достық сезімді жоғары қояды.Жас
ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан
жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады.Бұл тұрғыдан
оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»,
«Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін
еске алу орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық
кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай
күйзелген жан.Ол «сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
…Пайда,мақтан-бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның
ой түйіні,өсиеті іспетті.Бұл өлеңдер
жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа
үгіттейді.
«Өлең-сөздің патшасы».
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық
негізін терең зерттеу Абайды ақын мен
ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа
алып келді. Ең алдымен,Абай сөз өнерін
үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың
құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз
сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын
тәрізді.Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің
жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп
ұғу.Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен
мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен
сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары
бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында
оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды
сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз,надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Бұл сын,негізінен,өлең сөзді әлеуметтік
шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына
жұмсаушылар мен «көржерді өлең» қылушыларға
арналады.Сол арқылы ақын қазақ арасында
өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін
ашады.Сөйтіп,өз поэзиясында жаңа мақсат
барын жариялайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді,тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап,-
дейді ол.Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның
өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты,тыңдаушыларды
да тәрбиелеу қажеттігіне назар аударғанын
байқатады.Оларды халық тағыдырын жырлайтын
жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауға
шақырады.
Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны
және қызметі жайындағы ойын Абай «Біреудің
кісісі өлсе,қаралы ол» (1888) атты өлеңінде
тереңдете түседі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай,елең-селең.
Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана,қыз
ұзатқандағы тойбастар өлеңдері,адам
өлгенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей
келіп,өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе
жоқ екенін көрсетеді.Абайдың бұл пікірі
«алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам
баласының күнкөріс қарекетімен қатар
жүргізілген рухани құралы болды» деген
ғылыми көзқарасқа дәл келеді.
Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа
талап қойып,олардың ел мұңына жақын болуын
қалайды.Халық алдында өзінің де күлкі
болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін
тілейді.
Сый дәметпе,берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйінерлік адамды сүй,қызмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан,-
дейді.
Өлеңнен ермек емес,өнер екенін ол ылғи
баса айтады.Өз өнерін халық мүддесіне
жұмсауды мақсат етеді.Оны мына шумақтан
да байқаймыз.
Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ,әуел баста-ақ.
Ақын мен ақындық міндеті туралы ойланғанда,Абайдың
осы мәселені тереңдете қарастыру,ел құлағына
сіңіре беру үшін қайта бір оралғанын
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (1889)
атты өлеңінен көреміз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі-сезімді,тілі-орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
Өзінің ақындық мақсатын осылай көрсете
отырып,Абай бұл өлеңде шығарманың мазмұнына
қатысы жоқ сөзуарлықты,ескі қиссаларда,соған
еліктеп қисса жазатын ақындарда кездесетін
«әсіре қызыл» теңеу,жалған қызықшылықты
суреттеуді сынап өтеді.
Өлеңі бар,өнерлі інім,сізге
Жалынамын-мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге,-
деген сөздермен ол жас буын ақындарға
тағы да тілек артады.
Үш жылдың (1887,1888,1889) ішінде біріне-бірі
жалғас жазылған бұл үш өлеңде Абай ақынның
қоғам алдындағы қызметі мен сөз өнерінің
күші жайындағы ойын тереңдетіп,толықтыра
түсті.Бұл ой,түптеп келгенде, әдебиеттің
халықтығы туралы орыстың революцияшыл-демократтарының
эстетикалық көзқарасымен үндеседі.Белинский
мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге
жақындату,сол арқылы қоғамдық дамудың
өзекті мәселелерін батыл көтеру жайлы
ойларды Абайға күшті әсер еткен.Осы идеяға
сүйене отырып,ақын қазақ ортасындағы
өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады.Жаңа
сөзга лайық жаңа оқушы,тыңдаушы тәрбиелемек
болады.Бұл-Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген
үлкен жаңалығы.
Түйін.
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың
ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген
болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз
шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір
ақынның өмір құбылыстарын терең толғап
айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық
дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе
дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы
толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында
өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас
бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы
қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу
арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын
тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам
көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен
жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген
академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына
берілген әділ баға.Абай шығармашылығы
уақыт озған сайын дәуір талабына сай
әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл
мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.
Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген
кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам,толық
адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,