Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 16:35, реферат
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс жәнееуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,»
— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
«Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,
Бес нәрсеге асық бол,»
- деген жолдарда жатыр. Ақынның
бүкіл шығармаларындағы
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»
— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абайдың Мәскеудегі ескерткіші.
Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылы
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай Лирикасының келесі қабаты
- орыс сөздері. Олар сан жағынан
араб-парсы қабатынан
Абайда өзіне дейінгі және өз
тұсындағы қазақ әдеби
Абай және Пушкин
Абай[7]
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі"- деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.[8]
Музыкалық мұра
Абай, ауторы Абай Омаров[9]
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.[6]
Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғыл
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған
«Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында
«Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ»
– деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай
шығармаларын жинап, қағазға түсіріп,
реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс
болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын
дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік.
Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-
Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
А. Құнанбайұлы, 1965 КСРО пошта маркасы, (ЦФА тізімдемесі № 3220, Scott № 3059)
Абайдың дінге көзқарасын бағалап,
тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын
алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай
«ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі»
деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың
дін туралы ойлары ақын шығармашылығының
әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді.
Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса,
соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне
тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай,
тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан
туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын
дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан
қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік
орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен,
күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсікт
Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман
Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
Абай ислам дінінің
Информация о работе Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келді