Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:13, сочинение
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың
жазба әдебиетінің және әдеби тілінің
негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы
Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы
Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау
облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге
келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай
деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан
оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен
көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында
3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде
болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі
болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта
жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына
араласқан заманы, Ресей патшалығының
Қазақстанның батысы мен орталық аймағын
отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне
көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам
болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде
Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып
алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында
еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан
Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып,
жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін,
билердің шешендік өнеріне құлақ салып,
өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре
білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың
үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп,
ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай
оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың
мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін
үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары
Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б.
ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін
ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен
үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин,
Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т.
б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге
ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің
шығармаларын да оқиды. Соның арқасында
дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай
береді.
Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясы 20 ғасырдағы
қазақ және әлем әдебиетіндегі
ерекше көркем құбылыс.
Романның сол сюжеттік желісі жазушыға
қайталанбас сом характер жасауға мүмкіндік
береді. Сондай кесек, ірі сомдалған тұлғалардың
бірі – Құнанбай. Жазушы романда қажы
бейнесін сан-алуан оқиға үстінде әр түрлі
мінез-қылығымен көрсеткен, тұңғиық сыры
терең, қалтарысы, бұрылысы, сұмдығы мен
жауыздығы, қайраты мен қажыры, шешендік
алғырлығы мен ақыл-айласы бойына тұтаса
біткен жан бейнесінде өрнектелген. Оның
сырт пішінінен ішін тану қиын. Қатпары
көп ішкі жан дүниесінде бұғып жатқан
сырлар сыртқа бірден теппейді, бергісін
көрсетіп, әріде, тереңде, қалтарыста жатқанын
ішінде бүгіп қалады.
Ол ескі өмірдің қаймағы шайқалмауын,
заман тізгінін қолынан кетірмеді, әкімшілік-биліктен
айрылмауды, елге Құнанбайлық әмірін жүргізуді
көздейді және осы ниетінен қайтпайды.
Өз қарауындағы елді құрығында ұстап,
көнбегендерге Құнанбайлығын істейді,
тізесін батырады. Мұның барлығын өз қолымен
емес, басқалар арқылы істейді, өзі тасада
қалады. Ол азуы кере қарыс Алшынбайды
да ''Алшеке'' дей отырып, өз керегіне жаратады.
Ол шариғатты да, ''құдайшылықты'' да дегені
үшін құрбандыққа шалады. Құнанбай уысынан
шығар пенде жоқ, өйткені онда әкімдік
бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел
бар. Әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік.
Мінез бен іске де алғыр. Осылардың бәрі
өз ортасын бойымен басып жығып беруге
себеп болды. Демек, романда Құнанбай қулығына
құрық жетпес, ақылы мен түлкілігі, айласы
мен амалы астасып жатқан терең шыңырау
болып бейнеленген. Жазушы оның сол әрекетін
нақтылы оқиғалар арқылы шығарманың бүкіл
бейнелі құрылымында образдар жүйесінде
көрсеткен.
Құнанбай айла-амалы, өзгенің қолымен
от көсейтіні ру басшыларын да осы қылмысқа
ортақ етуінен анық танылады. Ол ''күнәһар''
Қодар мен Қамқаға қандай жаза қолдану
керек, оны да өзі жеке дара шешпеген, ру
басшыларының сарабына салған болады.
Бірақ бұл жерде Құнанбайлығын жасады.
Өлтірткен ол емес, солардың өздері: ''Адам
өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың?''
дейді Бөкей Қаратайға. Құнанбай шариғатты
өз кәдесіне жаратады. Мұндай ''ел қорлаған
сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек'' деп
шариғат атымен үкімін шығарады.
Құнанбай романда ірі қимыл,
қайрат адамы болып
Құнанбай әкімшілік – аға сұлтандық мансап-дәрежесін,
ақыл-айласын өз құлқыны үшін кәдеге де
жарата біледі. Реті келген жерде қылғып
жұта береді. Бір Қарқаралы сапарынан
олжаға шаш етегінен батады. Жазушы осы
тұста әділетсіздікке жақтаушы Абайын
тағы да сахнаға шығарады. Әкенің мынау
олжасының сырын білген ол, өз-өзінен қысылады.
''Не деген ұят?'',- дейді Абай көңілі.
Құнанбайдың алаған қолы береген де. Ол
асай да біледі, асата да біледі. Әйтпесе
ол Құнанбай атана ма, аға сұлтан бола
ала ма, Баймұрын, Бөжей, Байсалдарды жеңе
ала ма? Құнанбайдың арқа сүйері Алшынбай
сияқтылар болса, екінші таяныш-тірегі
патша әкім-ұлықтары. Сондықтан олардың
көмейін тығындау, қалтасын мығып отыру
керек. Ол патша әкімдерін сатып алуға
болатынын жақсы біледі. Жазушы патша
әкімдерінің ақша, дүние құлы, қалта құлы,
парақорлық, уақтық мінезін, құлқын құлдарының
жемтіктестігін бір-бірін қас-қабағынан,
ым-жымынан танитынын орайлы ашқан.
Жасы ұлғайған, қайраты мұқала бастаған,
ел ішіндегі билік тізгінін ұстау барған
сайын қиындай бергенін сезінген Құнанбай
енді сол елді әлі де уысынан шығармаудың
басқа бір айла-амалын ойлайды. Бұл кезде
енді Құнанбай бұрыңғы қасқырлығын қойғандай,
сопылық күйіне қарай ойысқандай. Елмен,
жұртпен сыйпатты сөйлесіп, мүләйімсіген
кейпін байқатады. Жазушы Құнанбайдың
сол сәттегі қалпын ''бет-ажарында қобалжу
жоқ. Өз ойын өзі қинап, алаң біткенкісі
емес... ойлы, салқын көзбен айнала жұртты
шолып өтті... жалғыз көзін салмақпен қадай
отырып, сөйлеп кетті'' деп сабырлы, салмақты
Құнанбайды алдымызға тартады. Ол балаларына,
туған-туыстарына, дос-жарандарына арнайы
айтқан аттанар алдындағы қоштасу сөзінде
өте ұстамдылық, байсалдылық көрсетеді.
Сөздері де мығым, алыс жолға, қиын-қыстау
сапарға аттанып барам-ау деген үрей, қорқыныш
сезілмейді, қайта салмақты. Қайта бәріне
тоқтау айтып, өтірік мүләйімсиді.
Ал, Дәркембайға ашулану тұсындағы Құнанбай
кейпін суреткер асқан бір шеберлікпен
суреттеген: ''...Құнанбайдың момын жүзі
мүлде жоғалып кетті. Бұрынғы жаулық шабуылдар
үстінде көгеріп, түйілетін ашуын қайта
тапты. Бұл кезде жыртқыш тағылардың тісті,
тырнақтылары болса, солардың гүрілдеп
шыққалы тұрған, іреп сойғалы тұрған, қатал
тағылық кескініне келді'' деп даланың
жыртқыш қырдың бейнесін елестетеді. Бұл
романдағы сан алуан оқиғалар үстінде
көрінген өзіміз білетін кекті, күшті
Құнанбай. Әлгінде ғана сопылық мүләйімсуден
нышан қалмаған, көлгірсу, бүкпелеуі жоқ,
жаулық кейпіне қайта оралған Құнанбай
ғана бар.
Жазушы Құнанбайдың қажылыққа
бару оқиғасын текке алмаған. Сол арқылы
Құнанбай түлкілігінің бір қырын көрсетпек
болса, екіншіден оның оның көп жауыздықтарының
тағы бірін, жарлы-жақыбайларға жасаған
қиянатын әшкерелеген, үшіншіден, Дәркембай
сияқты халық қамқоры, қарапайым дана
қарттың адамгершілік, батылдық, ерлік
қасиетін танытқан. Жазушы өзі жарлы болса
да жаны жақсы, адал адамның кейпін берген.
Жазушы Құнанбайдың екі баласы Тәкежан
мен Абайдың бір-біріне қарсы мінез құлқын
шебер сипаттай білген. Тәкежан әкесінің
түлкілік, қаталдық мінездерін бойына
сіңіре білген, Ал Абай әкесінің әділетсіздік
қылықтарына жаны ыршып, әкесінің қателігін
бетіне басады: ''Еркекпен еркекше алысудан
жеңілсең де, қатын-балаға батырсың. Қайтарыңдар
елдің малын, ұялсаңдар етті'' деп Тәкежан
мен Майбасарға бұйыра сөйлейді.
Міне, жазушы Абайдың халық қамқоры екендігін,
Тәкежанның жәбіршіл, жауыздығын бір ғана
штрихте анық байқатады. Дегенмен, Құнанбай
ақыл-парасат иесі, өз ойы, түйсігі бар
жан. Мұны әке мен бала арасындағы сөз
қағыстан аңғаруға болады. Үлкендер заман
мен заман арасын салғастырып, өткен заманның
артықшылығын, бүгінгі заманның азғандығын
сөз еткенде, соған қарсы Абай дәлел келтіргенде,
Құнанбай сөзге араласып, салмақты дәлел
тастады дейді. Баласының басындағы үш
мінді айтқанда Құнанбай сөзі де, өз заманы
да, өз әлеуметтік жағдайы да, солардың
түсінігі, танымы тұрғысынан алғанда,
ойлы да дәлелді. Бірақ Құнанбай баласы
Абайдың дәл дұрыс жауабына қарсы дау
айта алмайды. Құнанбай баласына жеңіледі,
қиналады. Енді жеңілгенін мойындайды,
тек баласынан ғана емес, ендігі өмірден
де жеңіліп барады. Осы бір эпизодтан тағы
бір нәрсені аңғарамыз. Жазушы Құнанбайлар
заманының енді жас Абай бастаған жаңашылдар
заманы екенін көрстетеді. Соны түсінген
Құнанбай еріксіз күрсінеді. Құнанбай
адам таниды. Ол – Абайдан көп үміт күткен
болатын. Оны барлық баласынан ерекше
көрген. Бойындағы бар қасиетін байқаған.
Байсал, Бөжей, Қаратайлар Құнанбайды
қошаметтеп, оның Ысқақ деген баласын
''осы бір пысық та сергек неме'' деп мақтаған
кезде, Құнанбай оны теріс көргендей ''одан
да не күтсеңдер де, жаман қарадан көрсеңдерші''
деп Абайға қарайды. Демек, Құнанбай ақыл-айласы
бір басында мол адам.
Әдебиеттер тізімі:
Жолдасова Т. Құнанбай бейнесі: тарихи
шындық пен көркем шындық // Қазақстан
Жоғары мектебі.-2003.-№ 2.-210-215 б.
Жолдасова Т. Абай және роман-эпопеядағы
диалог пен портрет // Ізденіс.-2003.-№ 2.-177-180
б.
Сәкенова Р. Құнанбай бейнесін жаңаша
танытудың бір үлгісі // Қазақ тілі мен
әдебиеті.-2004.-№ 3.-33-40 б.